Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Темирского района Күшін жойған
Басқа 0
Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Темір ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Садықоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Темір ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «12» қыркүйектегі
№ 195 қаулысына қосымша
Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзегеасыру үшiн арнайы бөлінген орындар
№
Елді мекендердің атауы
Көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Ақсай ауылдық округі
1
Ақсай ауылы
Төсбұлақ көшесі, № 4
Ақсай ауылдық Мәдениет үйінің алды
Алтықарасу ауылдық округі
2
Алтықарасу ауылы
Астана көшесі бойындағы №16 үйдің сол жағы
Жақсымай ауылдық округі
3
Шұбарқұдық ауылы
Мектеп көшесі, №7 үйдің алды
4
Шұбарқұдық ауылы
Мектеп көшесі, №14 үйдің алды
Қайынды ауылдық округі
5
Құмқұдық ауылы
Мектеп көшесі бойындағы №11 үйдің сол жағы
Кеңестуы ауылдық округi
6
Қопа ауылы
Мектеп көшесі, №15 үйдің алды
7
Қопа ауылы
Орталық көшесі, №6Б үйдің алды
Саркөл ауылдық округі
8
Шұбарши кенті
Геолог көшесі №27А бойындағы «Жекей» сауда үйінің қарама-қарсы беті
Тасқопа ауылдық округі
9
Тасқопа ауылы
Астана көшесі №17 бойындағы «Әсем» дүкенінің сол жағы
Темір қаласы
10
Темір қаласы
М.Маметова көшесі №20 бойындағы «Жомарт» дүкенінің алды
Кеңқияқ ауылдық округі
11
Кеңқияқ ауылы
Балуанов көшесі №27 мекенжайында орналасқан ғимараттың арты
Шұбарқұдық ауылдық округі
12
Шұбарқұдық кенті
Нұрпейіс Байғанин көшесі №1 бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің арты
13
Шұбарқұдық кенті
Нұрпейіс Байғанин көшесі №83 бойындағы «Ханым» дүкенінің оң жағы
14
Шұбарқұдық кенті
Қызылжар шағын ауданы №4Е учаскесі
«Люкс» монша ғимаратының алды
15
Шұбарқұдық кенті
Асау барақ көшесі №7 мекенжайында орналасқан ғимараттың алды