Об утверждении Правил организации розыска военнослужащих, скрывающихся от органов дознания, следствия и суда, а также самовольно оставивших месторасположение воинских частей Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
________________Қ. Қасымов
2017 жылғы «___» _____________
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 23 тамыз
№ 473 бұйрығымен
бекітілген
Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген,
сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді
іздестіруді ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – ҚР ҚК әскери бөлімдері) орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары (бұдан әрі – әскери полиция органдары) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ ҚР ҚК әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілер туралы ақпаратты алған кезде ҚР ҚК әскери бөлімдердің қолбасшылығы жәрдемдескен кезде оларды іздестіруге және ұстауға шаралар қабылдайды.
Тармақ 3
3. Іздестіруді жүргізуді бастау үшін негіздемелер:
Тармақша 1
1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың, соттың айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға іздестіруді жариялау туралы қаулысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға (келісімдерге) сәйкес Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттер құқық қорғау органдарының іздестіру тапсырмалары, хабарламалары;
Тармақша 3
3) ҚР ҚК әскери бөлім қолбасшылығының ҚР ҚК әскери бөлім орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілер туралы хабарламасы;
Тармақша 4
4) әскери қызметшілердің ҚР ҚК әскери бөлім орналасқан жерді
өз бетінше тастап кету фактісін анықтаған әскери полиция органы лауазымды адамының баянаты;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы ҚР ҚК әскери бөлім орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілер туралы хабарлама болып табылады.
Тармақ 4
4. Іздестіру жұмысында ҚР ҚК әскери бөлімдер қолбасшылығының, жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО) бөлімшелерінің тікелей жәрдемдесуі кезінде барлық әскери полиция органдары бөлімшелерінің мүмкіндіктері пайдаланылады.
Тармақ 5
5. Әскери полиция органдарының іздестіру жұмысы бөлінеді:
Тармақша 1
1) жедел іздестіру – әскери полиция органдары, ҚР ҚК әскери бөлімдердің қолбасшылығы, ЖӘБО жүргізетін ҚР ҚК әскери бөлімдер орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен, іздестіру жарияланбаған және әскери қызметшілердің болу орнын анықтау жөніндегі іздестіру іс-шаралары кешені;
Тармақша 2
2) республикалық іздестіру – Қазақстан Республикасының шегінде жасырынып жүрген әскери қызметшілерді анықтау және ұстау мақсатында іздестіруге бастама танытушы әскери полиция органы жүргізетін тергеу, іздестіру және жедел- іздестіру іс-шаралары кешені;
Тармақша 3
3) мемлекетаралық іздестіру (бұдан әрі – МАІ) – Қазақстан Республикасынан тысқары, бірақ ТМД қатысушы мемлекеттердің аумағы шегінде құқық қорғау органдарының барлық жедел, анықтамалық және қылмыстық есепке алу жүйесін пайдалана отырып, кейіннен қамаққа алу және беру мақсатында іздестірілетін, айыпталған, жасырынып жүрген әскери қызметшілерді іздестіруге бағытталған әскери полиция органдарының жедел-іздестіру іс-шаралары кешені;
Тармақша 4
4) халықаралық іздестіру (бұдан әрі – ХАІ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық Бюросы
(бұдан әрі – Интерпол Ұлттық Орталық Бюросы) арқылы жүзеге асырылатын халықаралық құқық нормаларына сәйкес, сондай-ақ Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына мүшелердің аумағындағы ұлттық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілетін іздестірудегі әскери қызметшілерді табуға бағытталған жедел-іздестіру және ақпараттық-анықтамалық іс-шаралар кешені.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Жедел іздестіруді ұйымдастыру
1-параграф. Жедел іздестіруді ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Жедел іздестіру әскери полиция органдарының ҚР ҚК әскери бөлімдердің қолбасшылығымен әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны бойынша және әскери қызметшілердің әскерге шақыру орны мен тұрғылықты жері бойынша және ЖӘБО-ның тікелей өзара іс-қимылы кезінде шұғыл іздестіру және іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы шешім қабылдауды көздейді.
Тармақ 7
7. Іздестіру жөніндегі бастапқы шаралар әскери қызметшілердің әскери бөлімдер орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен (бұдан әрі – БӨБТК) фактісі анықталған немесе ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығынан БӨБТК әскери қызметшілер туралы ақпарат алынған сәттен бастап басталады.
Тармақ 8
8. Әскери қызметшілердің БӨБТК туралы хабарлама не ақпарат алған кезде ҚР ҚК әскери бөлімнің командирі жоғары тұрған командирге (бастыққа) дереу баяндайды және онымен бір уақытта БӨБТК уақыты мен мән-жайлары туралы гарнизонның әскери полиция органына хабарлайды, оларды БӨБТК әскери қызметшілердің есебіне қояды және әскери қызметшілерді әскерге шақыру орны (тұрғылықты жері) бойынша ЖӘБО-ға жеделхат жолдайды.
Ауызша хабарлама БӨБТК фактісі анықталған сәттен бастап
3 (үш) сағат ішінде жазбаша түрде расталады, онда БӨБТК уақыты, орны мен
мән-жайлары туралы мәліметтермен қатар әскери қызметшілердің өмірбаяндық деректері (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, туған жері, тұрғылықты мекенжайы, отбасы жағдайы, білімі, жеке сәйкестендіру нөмірі, туыстарының және сонымен қатар достық қарым-қатынаста болатын адамдардың тұрғылықты жері, сөзбен суреттелген портреті мен ерекше белгілері, жеке басын куәландыратын құжаттың немесе Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының, ал олар болмаған кезде әскери билеттің деректері), киім нысаны, өзімен бірге қарудың болуы, автокөліктің болуы, құқық бұзушылықтар жасауға ниеті, бейімділігі, ҚР ҚК әскери бөлімнің тізімдеріне қосу және лауазымға тағайындау туралы ҚР ҚК әскери бөлім командирі бұйрығының нөмірі және күні, лауазымның атауы, әскери қызметке кім және қашан шақырылғаны көрсетіледі. Ақпаратқа іздестірілетін әскери қызметшілердің фотосуреті қоса беріледі. Әскери полиция органы жедел кезекшісінің талап етуі бойынша ҚР ҚК әскери бөлімнің командирі әскери полиция органдарына іздестіру үшін мүдделілікті білдіретін өзге
де мәліметтерді ұсынады.
ҚР ҚК әскери бөлімнің командирі әскери қызметшілердің санаты мен БӨБТК мән-жайларына байланысты әскери қызметшілердің БӨБТК фактісін анықтаған сәттен бастап:
Тармақша 1
1) тікелей ұйымдастыру және ұстау үшін офицерлердің басшылық жасауымен іздестіру топтарын, нарядтарды, патрульдерді, бекеттерді және автомобиль техникасын ұйымдастырады және тартады (қоғамдық орындарды тексеру және трассалардағы автокөлікті толық тексеру Қазақстан Республикасының әскери полиция және ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылады);
Тармақша 2
2) БӨБТК әскери қызметшілердің жеке заттарын, хат-хабар алмасуды және басқа да құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) БӨБТК әскери қызметшілерді жабдықталымның барлық түрлерінен алады;
Тармақша 4
4) күн сайын гарнизонның әскери полиция органына БӨБТК әскери қызметшілерді іздестіру бойынша атқарылған жұмыс туралы жинақталған мәліметтерді жолдайды. Әскери полиция органының сұрау салуы бойынша БӨБТК әскери қызметшілерді іздестіру бойынша атқарылған жұмыс туралы материалдармен бірге сипаттамалық материалдар мен басқа да құжаттарды ұсынады.
Тармақ 9
9. Жоғары тұрған командир (бастық) БӨБТК әскери қызметшілерді есепке алуға қоюды қамтамасыз етеді және бағынысты ҚР ҚК әскери бөлімдердің БӨБТК әскери қызметшілерді іздестіруге бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Әскери қызметшілердің БӨБТК туралы хабарламаны алған кезде олардың тұрғылықты жері (әскерге шақырылу орны) бойынша ЖӘБО:
Тармақша 1
1) оларды БӨБТК әскери қызметшілер есебіне қояды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы гарнизонның әскери полиция органымен және аумақтық ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылда БӨБТК әскери қызметшілер туыстарының тұрғылықты жері бойынша олардың болатын орнын анықтауға, қызмет орнына қайтуға көндіруге бағытталған іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 3
3) жауапкершілік аймағында тұратын БӨБТК әскери қызметшілерге қатысты әскери полиция органдарының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды және сұрау салу бойынша олардың мекенжайына қажетті мәліметтер мен құжаттарды жолдайды;
Тармақша 4
4) тоқсан сайын БӨБТК әскери қызметшілер бойынша ақпаратты гарнизонның әскери полиция органына ұсынады.
Тармақ 11
11. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері жөніндегі департаменттері бағынысты ЖӘБО-да есепте тұратын БӨБТК әскери қызметшілер туралы ақпаратты жинақтау бойынша жұмыс жүргізеді, бағынысты ЖӘБО-ның БӨБТК әскери қызметшілердін болатын жерін (әскерге шақыру орнын) анықтау жөніндегі жұмысына бақылауды жүзеге асырады, тоқсан сайын деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жылы, қандай ЖӘБО және қашан әскерге шақырды, әскери бөлім, гарнизон, БӨБТК күні, үйінің мекенжайы, болатын жері және оларды анықтау бойынша қабылданатын шаралар туралы қолда бар ақпаратты) көрсетумен, іздестірілетін әскери қызметшілердің жинақталған тізімдерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына (бұдан әрі – ӘПББ) жолдайды.
Тармақ 12
12. БӨБТК әскери қызметшілер туралы хабарламаны алған кезде әскери полиция органы ақпаратты тіркейді және әскери қызметшілерді жедел іздестіру есебіне қояды.
Әскери қызметшілердің болу орнын анықтау және оларды ұстау мақсатында әскери полиция органы ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығымен өзара іс-қимылда:
Тармақша 1
1) іздестірілетіндердің қызмет орны, олардың туыстарының, достарының тұрғылықты жері бойынша іздестіру жұмысын жүргізеді;
Тармақша 2
2) іздестірілетіндердің болуы және жүруі мүмкін орындарда қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланумен іздестірудің күш қолдану (торуылдар, бекеттер қою, жергілікті жерді, саяжай алқаптарын, қараусыз қалған құрылыстарды тексеру) шараларын қолданады;
Тармақша 3
3) әскери полиция органдарына және ішкі істер органдарына іздестірілетіндердің ықтимал маршруты, тұрғылықты жері (әскерге шақыру орны) бойынша іздестіруге бағдар береді;
Тармақша 4
4) іздестірілетіндердің теміржол көлігінде қозғалуын бақылау мақсатында әскери полиция органы бастығының шешімі бойынша кейіннен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) есебіне қою үшін толық анкеталық деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жеке басын куәландыратын құжаттардың нөмірлері) ӘПББ-ға жолдайды.
Жедел іздестіруге бастама танытушы (гарнизонның әскери полиция органы) кейіннен ҚР ІІМ есептерінен алу үшін одан әрі қадағалау қажеттілігінің болмауы туралы ӘПББ уақтылы хабардар етеді.
Тармақ 12-1
12-1. БӨБТК әскери қызметшіні іздестіру және ұстау үшін іздестіру
іс-шараларын жүзеге асыратын әскери полиция органының сұрау салуы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен келісу бойынша әскери техника бөлінеді.
Тармақ 13
13. Іс жүргізуінде БӨБТК әскери қызметшілердің фактісі бойынша қылмыстық іс материалдары бар әскери полиция органы 2014 жылғы
4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 24-бабына сәйкес істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз етеді, іздестіруді уақтылы жариялауға шаралар қабылдайды.
ҚР ҚПК 63-бабына сәйкес әскери полиция органының анықтаушысы қылмыстық іс шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелетін (айыпталатын) жасырынып жүрген әскери қызметшілерді іздестіруге шаралар қабылдайды.
Тармақ 14
14. Әскери қызметшілерге іздестіру жариялау және оны әскери полиция органының офицер-уәкіліне тапсыру анықтаушыны қажетті іздестіру
іс-шараларын жүргізу міндетінен босатпайды.
Тармақ 15
15. Іздестіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әскери полиция органдары, ішкі істер органдары арасындағы өзара іс-қимыл көрсетілген органдарға тиісті сұрау салулар жолдау, ықпалдастырылған ақпараттық жүйелерді пайдалану және мынадай есепке алуларды тексеру арқылы ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдарының жедел, криминалистикалық және ақпараттық есепке алулары, оның ішінде көліктегі;
Тармақша 2
2) көші-қон полициясының, тұрғылықты мекенжайы бойынша уақытша және тұрақты тіркеу, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттар (жеке куәлік, төлқұжат) алу, сауалнамалық деректердің өзгеруі мәніне;
Тармақша 3
3) жол-патруль полициясының автокөлік құралдарын қолдану және пайдалану мәніне;
Тармақша 4
4) белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарының.
Тарау 3. 3-тарау. Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру тәртібі
3-тарау. Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Республикалық іздестіруді ұйымдастыру
1-параграф. Республикалық іздестіруді ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Республикалық іздестіру әскери полиция органының басшылығы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Іздестіру іс-шараларын тергеушімен не анықтаушымен тығыз өзара
іс-қимылда әскери полиция органының офицер-уәкілі жүргізеді, олардың нәтижелері туралы тоқсан сайын хабардар етіледі.
Тармақ 18
18. Республикалық іздестіру жарияланған кезде әскери полиция органының уәкілі мынадай іс-шараларды жүргізеді:
Тармақша 1
1) электрондық және факсимильді байланыс құралдары бойынша әскери полиция органының жеке құрамына және өңірдің ішкі істер органдарына бағдар береді;
Тармақша 2
2) іздестірілгендерді ҚР ІІМ, ЖӘБО бөлімшелерінің есепке алулары бойынша тексереді;
Тармақша 3
3) іздестірілгендерді болжамды қозғалыс маршруты бойынша және оның болуы мүмкін орындарындарда іздестіруді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) іздестірілетіндердің қызметтестерінен, қолбасшылығынан, көршілерінен түсінік алады, БӨБТК себептерін анықтау мақсатында туыстық және достық қарым-қатынаста болатын адамдарын анықтайды, іздестірілетіндердің қозғалыс маршруттарын, болуы мүмкін орындарын, туыстық және достық қарым-қатынаста болатын байланыстарын, белгілерін, мінездемелерін анықтау үшін шаралар қабылдайды;
Тармақша 5
5) іздестірілетіндердің фотосуреттерін, жазу үлгілерін алу, физиологиялық ерекшеліктерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 6
6) іздестірілетін әскери қызметшілерді ерікті түрде келуге және оларды қызмет орнына қайтаруға көндіру бойынша жұмыс жүргізеді;
Тармақша 7
7) ішкі істер органдарына, әскери полиция, ЖӘБО бөлімшелеріне фотосуретті қоса берумен жасырынып жүрген әскери қызметшілердің туыстық және достық қарым-қатынастарын анықтау бойынша іздестіру тапсырмалары мен бағдарларын жолдайды;
Тармақша 8
8) іздестіруде бұқаралық ақпарат құралдарын (радио, теледидар, баспасөз, интернет), «Оларды полиция іздестіруде» деген стенділерін пайдаланады;
Тармақша 9
9) іздестірілетіндердің туыстық және достық қарым-қатынастарын мұқият тексеру мақсатында әскери-тергеу бөлімшелері арқылы ҚР ІІМ жедел қызметтерінің жәрдем көрсетуі туралы өтініш жасайды.
Тармақ 19
19. Іздестіру ісін ашу туралы әскери полиция органы есептік құжаттарға ілеспе хаттардың нөмірлері мен күндерін көрсете отырып, ӘПББ-ны жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 20
20. Жасырынып жүрген әскери қызметшілерге қатысты іздестіру ісі ашылғаннан кейін олардың тұлғасын сипаттайтын мәліметтерді жинауға шаралар қабылданады.
Тармақ 21
21. Іздестіру іс-шараларын жүргізу процесінде жасырынып жүрген әскери қызметшілердің кінәсін мойындап келуіне көндіру мүмкіндігі зерделенеді. Осыған байланысты, іздестірілетіндерге оң ықпал ете алатын және қызмет орнына кінәсін мойындап келуіне көндіре алатын туыстық және достық қарым-қатынастары анықталады.
Тармақ 22
22. Іздестірілетін адамдарды нақты өңірде және мекенжайларда болуын анықтау және ұстау жөніндегі іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін іздестіруге бастама танытушы Қазақстан Республикасының әскери полиция органына немесе аумақ бойынша ішкі істер органына іздестіру тапсырмасын жолдайды. Іздестіру тапсырмасы тек іздестірілетіндердің бұрын осы аумақта болғанын, тұрғанын немесе жұмыс істегенін, қызмет өткергенін, іссапарда болғанын, сотталғанын, туыстық және достық қарым-қатынастарының болуын куәландыратын деректер болған кезде жолданады. Барлық басқа жағдайларда ақпараттық мазмұндағы бағдар берулер жолданады.
Тармақ 23
23. Іздестіру тапсырмасын толтырған кезде мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) іздестірілетін әскери қызметшілердің толық сауалнамалық деректері;
Тармақша 2
2) олардың сыртқы келбетінің белгілері мен жеке физиологиялық ерекшеліктері;
Тармақша 3
3) іздестіру негіздемесі мен таңдалған жолын кесу шарасы;
Тармақша 4
4) іздестірілетін адамдардың болуы мүмкін орындары;
Тармақша 5
5) жүргізілуге тиіс іс-шаралар және оларды орындау кезінде нені ескеру қажет екені;
Тармақша 6
6) іздестірілетін әскери қызметшілерді тапқан кездегі адамның
іс-қимылдары.
Тармақ 24
24. Іздестірілетіндердің фотосуреті болған жағдайда ол іздестіру тапсырмасына қоса беріледі.
Тармақ 25
25. Іздестіру тапсырмасын орындау ол алынғаннан кейін дереу ұйымдастырылады, жауабы 10 (он) тәулік ішінде жолданады.
Тармақ 26
26. Іздестіру тапсырмасын орындауға көп уақыт қажет болған жағдайларда ол туралы іздестіруге бастама танытушы хабардар етіледі. Бұл ретте жауапта мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) іздестіру тапсырмасын орындау үшін қандай іс-шаралар жүргізілді;
Тармақша 2
2) қазіргі уақытта жүргізілетін іс-шаралар;
Тармақша 3
3) болашақта ұйымдастыруға және жүргізуге жоспарланған іс-шаралар;
Тармақша 4
4) тапсырманы белгіленген мерзімде орындаудың мүмкіндігін болмау себебі.
Тармақ 27
27. Іздестіру тапсырмасын орындау барысында іздестірілетіндер табылған кезде іздестіруге бастама танытушы дереу хабардар етіледі.
Тармақ 28
28. Іздестіру тапсырмасы бойынша әскери полиция органы жүргізген тексеру материалдары іздестіруге бастама танытушыға жолданады, іздестіру тапсырмасымен және оған жауаптың көшірмесімен бірге материалдардың көшірмелері номенклатуралық іске тігіледі.
Тармақ 29
29. Нақты іздестіру ісі жөніндегі жоспардың тармақтарын орындау бойынша орындалған жұмыс туралы анықтама жасалады және алынған деректерді ескере отырып, қосымша іздестіру іс-шараларының жоспары жасалады.
Тармақ 30
30. Іздестіруді жариялауға және бастапқы тексеруге негіз болып табылған барлық материалдар іздестіру ісіне тігіледі.
Тармақ 31
31. Егер іздестірілетіндердің жақын туыстары әскери полиция органының қызмет көрсету аймағынан тысқары жерде тұратын болса (іздестіру ісінде түсініктемелер, сәйкес анықтамалары болған кезде) іздестіру ісі барлық бастапқы іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылғаннан кейін іздестіруді қайта тапсыру мәселесін шешу үшін ӘПББ-ға жолданады.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекетаралық іздестіруді ұйымдастыру
2-параграф. Мемлекетаралық іздестіруді ұйымдастыру
Тармақ 32
32. Республикалық іздестіру процесінде іздестірілетін әскери қызметшілерді анықтау мүмкін болмаған жағдайда іздестіру ісі ашылған күннен бастап бір ай өткен соң әскери полиция органы МАІ жариялайды. Жасырынған адамдарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда МАІ республикалық іздестірумен бір уақытта жарияланады.
Тармақ 33
33. Егер республикалық іздестіру шаралары қабылданды деп пайымдауға жеткілікті негіздемелер болса немесе іздестірілетіндердің Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққаны туралы нақты деректер бар болса, әскери полиция органының бастығы белгіленген мерзімнен бұрын МАІ жариялау туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 34
34. МАІ-ні дереу жариялауға ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған немесе қарумен БӨБТК әскери қызметшілер жатады.
Тармақ 35
35. «ТМД қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартын ратификациялау туралы» 2013 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес МАІ кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер ішкі істер министрліктері ақпараттық орталықтарының барлық жедел-анықтамалық есепке алуының сигнал беру жүйесі пайдаланылады.
Тармақ 36
36. ТМД әскери полиция органдары мен құқық қорғау органдары арасындағы іздестіру жөніндегі қызметтік хат-хабар алмасу ӘПББ арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Халықаралық іздестіруді ұйымдастыру
3-параграф. Халықаралық іздестіруді ұйымдастыру
Тармақ 37
37. Егер іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында іздестірілетіндердің Қазақстан Республикасынан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге шыққаны туралы нақты мәліметтер алынса, әскери полиция органы ҚР ҚПК 292-бабына сәйкес күдіктіге (айыпталушыға) ХАІ жариялау туралы жеке қаулы шығарады.
Тармақ 38
38. ХАІ жариялау Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы арқылы жүзеге асырылады және тек Интерполға мүше шетел мемлекеттерінің аумағында болуы мүмкін.
Тармақ 39
39. ХАІ республикалық іздестіру және МАІ-ден кейін немесе бір уақытта жарияланады.
Тармақ 40
40. Айыпталушы және сотталған адамдарға Қазақстан Республикасында Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы арқылы ХАІ-ні жариялаудың міндетті шарты іздестірілетін адамдарға қатысты күзетпен ұстау түрінде жолын кесу шараларын таңдау болып табылады.
Тармақ 41
41. Әскери полиция органының әскери қызметшілерді іздестіруі Интерполдың Ұлттық Орталық Бюросы арқылы оның болу орнын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Іздестіріліп табылған әскери қызметшілерге қатысты іс-шаралар
4-тарау. Іздестіріліп табылған әскери қызметшілерге қатысты іс-шаралар
Тармақ 42
42. БӨБТК әскери қызметшілерді ұстаған кезде ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығы ұсталған орнына іздестіріліп табылғандарды қызмет орнына жеткізу үшін өз өкілдерін дереу жібереді.
ЖӘБО-ға немесе әскери полиция органдарына БӨБТК әскери қызметшілері өз еркімен келген жағдайда іздестірілетіндерге қызмет орнына кету туралы нұсқама беріледі. Әскери қызметшілер қызмет орнына өзі келуден бас тартқан кезде ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығы қызмет орнына жеткізу үшін іздестіріліп табылғандардың болатын орнына өз өкілдерін жібереді.
Тармақ 43
43. Іздестірілетіндерге қатысты күзетпен ұстау түрінде жолын кесу шарасы таңдалған және алдын ала тергеу орнына этаппен жіберілген жағдайда ұсталған БӨБТК әскери қызметшілерді қаулы, ұстау және жеке тінту хаттамасы негізінде одан әрі этаппен жіберу үшін әскери полиция органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының аумақтық ішкі істер органының уақытша ұстау изоляторына не ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі органының тергеу изоляторына қамауға алады.
Іздестірілетіндерді ұстау және қамауға алу туралы қылмыстық
іс бойынша өндірісті қайта ашу және іздестіруді тоқтату мәселесі бойынша шешім қабылдау үшін құжаттардың көшірмелерін жолдай отырып, прокурор және іздестіруге бастама танытушы хабардар етіледі.
Тармақ 44
44. БӨБТК әскери қызметшілер денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге мүмкіндігінің болмауына шағымданған кезде ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығы оларды медициналық куәландыру үшін жақын жердегі әскери-емдеу мекемесіне жібереді. Әскери қызметке жарамдылығын растайтын ауруының санаты өзгерген жағдайда (ауруы туралы куәлік, анықтама) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына бекіту үшін жолданады. Әскери қызметке жарамдылығы туралы ауруының санаты расталмаған жағдайда, әскери қызметшілерге қатысты материалдар әскери полиция органына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданады.
Тармақ 45
45. Әскери полиция органы БӨБТК әскери қызметшілердің анықталған орны бойынша БӨБТК мән-жайлары мен себептері туралы толық сұрақ-жауап алуды (жауап алуды) жүргізеді, олардың басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамағанын анықтайды, қылмыстық істің жатқан орнын анықтайды, оны сұратып алады және процессуалдық шешім қабылдайды,
ол туралы ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығын хабардар етеді. БӨБТК әскери қызметшілерге қатысты күзетпен ұстауға байланысты емес жолын кесу шарасы таңдалған кезде тергеуге дейінгі тергеп-тексеру жүргізу уақытына гарнизон әскери бөлімдерінің біріне оларды іссапарға жіберуге шаралар қабылдайды.
Тармақ 46
46. БӨБТК әскери қызметшілердің тұрғылықты (әскерге шақыру) жері бойынша ЖӘБО олар әскери қызметшілердің болу орнын анықтаған жағдайда ол туралы ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығын, әскери полиция органын және жоғары тұрған қорғаныс істері жөніндегі департаментті дереу хабардар етеді және әскери қызметшілерді БӨБТК адамдар есебінен алады. Қозғалған қылмыстық іс туралы мәліметтер болмаған кезде әскери қызметшілерді
өз еркімен қызмет орнына қайтару бойынша жұмыс жүргізеді.
Әскери қызметшілер денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеру мүмкіндігінің болмау туралы мәлімдеген кезде, әскери полициямен келісу бойынша медициналық куәландыру үшін оларды жақын жердегі әскери-емдеу мекемесіне, ал ондайлар болмаған кезде, өзге емдеу мекемелеріне жіберіледі. Әскери қызметке жарамдылығын растайтын ауруының санаты өзгерген жағдайда, оларға ауруы туралы куәлік немесе анықтама рәсімделіп, олар қорғаныс істері жөніндегі департаментпен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына бекіту үшін жолданады. Әскери қызметке жарамдылығы туралы ауруының санаты расталмаған жағдайда, әскери қызметші қорғаныс істері жөніндегі департамент арқылы әскери полиция органына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданады.
Тармақ 47
47. Әскери қызметшілер ҚР ҚК әскери бөлімде қызметтестер тарапынан заңға сыйымсыз іс-әрекеттердің бар болуы туралы мәлімдеген кезде әскери қызметшілер әскери полиция органына жіберіледі. Әскери қызметшілер ҚР ҚК әскери бөлімге қайтып оралудан бас тартқан немесе әскери полицияға барудан жалтарған жағдайда, сондай-ақ қозғалған қылмыстық іс туралы мәліметтер бар болған кезде осы мәліметтер Қазақстан Республикасының жергілікті ішкі істер органдарына қосымша беріледі.
Тармақ 48
48. БӨБТК әскери қызметшілердің әрбір фактісі бойынша ҚР ҚК әскери бөлімнің қолбасшылығы оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау және кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту мақсатында қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді. Қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған қолбасшылықты және әскери полиция органын хабардар етеді.