Об утверждении Правил проведения межведомственных научных исследований в сфере правоохранительной деятельности, их координации и мониторинга Күшін жойған
Басқа 0
Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және
мониторингі қағидаларын бекіту туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы №81-VI Заңының 37-бабы, 6) - тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурстарында орналасуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының заңшығарушылық қызметіне жауапты құрылымдық бөлімшесіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру мен мониторингі қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 31 тамыздығы
№ 93 бұйрығымен бекітілді
Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру мен мониторингі қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі қағидалары (бұдан әрі – Қағида) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингі тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада келесі негізгі түсініктер қолданылады:
Тармақша 1
1) ведомствоаралық ғылыми зерттеулер субъектілері (зерттеу субъектілері) – Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары, ғылыми мекемелері мен құқық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелері;
Тармақша 2
2) ғылыми нәтиже – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесімен (бұдан әрі – Академияның ҒӘК) мақұлданған, нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық-талдаулық, оқу, ғылыми және өзге де материалдар кіретін кез келген ақпараттық тасымалдаушыда тіркелген жаңа білімдер немесе құқық қолданудың нақты мәселелері шешімдерінен тұратын ғылыми қызмет өнімі (ғылыми өнім);
Тармақша 3
3) қолданбалы зерттеу – құқық қорғау қызметінің практикалық мақсатқа жетуі және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және қолдануға бағытталған қызмет;
Тармақша 4
4) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеу жұмысы (ВҒЗЖ) – бар білімдерін кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотездер жүргізу, әлеуметтік-құқықтық көріністердің заңдылықтарын анықтау, ғылыми жинақтар, жобаларды, соның ішінде нормативтік құқықтық актілерді ғылыми негіздеу мақсатында құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми іздену, зерттеулер, эксперимент жүргізуге байланысты ведомствоаралық жұмыс тобымен жүргізілетін жұмыс;
Тармақша 5
5) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру – құқық қорғау органдары қызметінің ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында құқық қорғау қызметі саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің барлық субъектілерінің өзара әрекеттесуіне бағытталған қызмет;
Тармақша 6
6) құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулер мониторингі – ВҒЗЖ сапасын және жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін жүргізілетін ведомствоаралық ғылыми зерттеулер туралы мәліметтерді жүйелі түрде қадағалау, жинақтау, қорыту, талдау, бағалау, тіркеу;
Тармақша 7
7) стратегиялық зерттеу – құқық қорғау қызметінің стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған іргелі не болмаса қолданбалы зерттеулер;
Тармақша 8
8) іргелі зерттеу – табиғат, қоғам, адам және олардың өзара байланысы дамуының негізгі заңдылықтары туралы жаңа ғылыми білімдер алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеу.
Тармақ 3
3. Осы Қағида мемлекеттік құпия белгісі бар ақпараттар бар зерттеулерден басқа, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ведомствоаралық ғылыми зерттеулерінің (бұдан әрі – ВҒЗ) барлық түрлеріне таралады.
Тармақ 4
4. ВҒЗ түрлері: қолданбалы, іргелі және стратегиялық.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия) құқық қорғау қызметі саласындағы ВҒЗ үйлестіруші болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Академияның құқық қорғау органдарымен, олардың ведомстволық ғылыми мекемелерімен және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуі
2-тарау. Академияның құқық қорғау органдарымен, олардың ведомстволық ғылыми мекемелерімен және білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуі
Тармақ 6
6. Академияның зерттеу субъектілерімен ынтымақтастығы:
Тармақша 1
1) құқық қорғау қызметі саласында бірыңғай ғылыми саясат қалыптастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметін ғылыми, ғылыми-әдістемелік, талдаулық және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметінің өзекті мәселелері бойынша бірлесіп іргелі, қолданбалы және стратегиялық ғылыми зерттеулер жүргізу;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулердің перспективті және басым бағыттарын жетілдіру, қалыптастыру, ғылыми қызметті нормативтік құқықтық реттеу жөнінде ұсыныстар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Ынтымақтастықтың негізгі нысандары:
Тармақша 1
1) Академияның ҒӘК жұмысына қатысу;
Тармақша 2
2) ведомствоаралық жұмыс тобы жұмысына қатысу;
Тармақша 3
3) бірлескен ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік іс-шаралар өткізу;
Тармақша 4
4) материалды-техникалық ресурстарды (зертханалар, полигондар, аудиториялар, конференц-залдар, құрал-жабдықтар мен арнайы құралдар және т.б.), бағдарламалық қамтамасыз етулерді бірлесе қолдану;
Тармақша 5
5) талдамалық және есептілік материалдарымен өзара алмасу, мемлекеттік құпия туралы заңнамада қарастырылған шектеулерді ескере отырып, сұрау бойынша ақпараттар ұсыну болып табылады.
Тармақ 8
8. Ынтымақтастық нәтижелері әдістемелік ұсынымдар, оқу, оқу-әдістемелік және анықтамалық оқу құралдар, жинақтар және өзге де ғылыми басылымдар, талдау құжаттарын, құқықтық актілерді және басқа материалдарды дайындау болып табылады
Тарау 3. 3-тарау. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу
3-тарау. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу
Тармақ 9
9. ВҒЗ жүргізу тәртібі зерттеулердің соңғы нәтижесіне жету үшін орындауға жататын деңгейлер мен іс-қимылдар жиынтығын көрсетеді.
Тармақ 10
10. ВҒЗ жүргізу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) дайындау кезеңі;
Тармақша 2
2) зерттеу кезеңі;
Тармақша 3
3) қорытынды кезең.
Тармақ 11
11. Дайындау кезеңіне практика проблемаларын анықтау, зерттеу тақырыбын таңдау, гипотеза құру, жағдайлар мен ресурстық мүмкіндіктерді зерттеу, зерттеулердің өзекті тақырыптары пулын қалыптастыру, зерттеу тақырыбын бекіту, ведомствоаралық жұмыс тобын құру кіреді.
ВҒЗ дайындау кезеңі процесінде орындауға жататын жұмыстардың түрі:
Тармақша 1
1) құқық қолдану практикасының проблемаларын және оның құрылымдауын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетел бойынша заңнаманы, құқық қолдану практиканы, ғылыми жұмыстары талданады, түйінді мәселелер және бірқатар құрамы анықталады, зерттеу тақырыптары мен зерттелуге жататын мәселелерді қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) зерттеу тақырыбын таңдау мақсатында Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалы құжаттары, тапсырмаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына, Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың өзге де консультативтік-кеңесші органдарының материалдары, прокуратура органдарының алқа мәжілісі, мәжіліс хатамаларының шешімдеріне талдау жүргізіледі;
Тармақша 3
3) зерттеу гипотезін құру үшін зерттеу объектісі, мәні, мақсаты мен міндеттерін анықталады;
Тармақша 4
4) жағдайларды, ресурстық мүмкіндіктерді зерттеу үшін (кадрлық, қаржылық, нормативті құқықтық, материалды-техникалық) келесілер жүзеге асырылады:
жұмыс орнын, қажетті техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, шығын материалдары анықталады;
зерттеу сметасы құрылады (ғылыми іссапарлар, өзге ұйымдар мен адамдардың, соның ішінде ұлттық және шетелдік сарапшылар, ғылыми консультанттардың қызмет көрсетуі, ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу, материалдар мен құрал-жабдықтар алу, жалға алу және т.б.шығындары);
күнтізбелік жоспар кіретін зерттеудің жұмыс бағдарламасын әзірленеді (нақты іс-шаралар, жауапты орындаушылар, аяқтау мерзімі мен нысанын көрсетумен);
Тармақша 5
5) зерттеулердің өзекті тақырыптарының пулын қалыптастыру үшін Академия осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылатын Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ұсыныстары зерделейді;
Тармақша 6
6) ВҒЗ тақырыптарын бекіту үшін жыл сайын төртінші тоқсанда, 25 желтоқсаннан кешіктірілмей Академияның ҒӘК отырысы ұйымдастырылады және өткізіледі, зерттеу субъектілеріне ҒӘК жұмысының нәтижелері туралы хабардар етіледі.
Тармақ 12
12. Зерттеу кезеңіне зерттеуді әдіснамалық дайындау, зерттеу жүргізу және нәтижелерді ресімдеу кезеңдері кіреді.
Тармақ 13
13. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің әдіснамалық дайындау кезеңіне:
Тармақша 1
1) жұмыс орны мен зерттеу ортасын ұйымдастыру сияқты зерттеу жүргізудің бірқатар жағдайларын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) тиісті жағдайлар, техника, құрылғылар, құралдар, нұсқама дайындау;
Тармақша 3
3) эмпириялық және экспериментті базалардың ерекшеліктерін бағалау;
Тармақша 4
4) сауалнама бланкілерін, бағдарламалар мен қадағалау материалдарын (ерікті нысандағы) дайындау кіреді.
Тармақ 14
14. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу кезеңі:
Тармақша 1
1) зерттеу материалдарын жинақтау мен жүйелендіру, түсініктемелі аппаратты өңдеу, зерттеудің теориялық бөлігінде логикалық құрылымын құруды;
Тармақша 2
2) статистикалық мәліметтерді талдауды, құқықтық актілерді, қылмысқа қарсы іс-қимыл практикасы және құқық бұзушылықтың профилактикасы, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер, заңнаманың қолданылуын прокурорлық тексеру, шетелдік тәжірибе материалдары, бұрын жүргізілген социологиялық зерттеулер нәтижелерін қорытуды;
Тармақша 3
3) ғылыми ұйымдарына немесе еліміз бен шетелдің әртүрлі өңірлеріндегі құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелеріне іссапарларды жүзеге асыруды;
Тармақша 4
4) сауалнама, социологиялық сауалнама жүргізу және алынған мәліметтерді қорытуды;
Тармақша 5
5) тәжірибелі-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді (қажеттігі бойынша);
Тармақша 6
6) ғылыми-зерттеу тобы (авторлық ұжым), ведомствоаралық жұмыс топтары, Академияның ҒӘК отырыстарын ұйымдастыру және өткізуді;
Тармақша 7
7) ақпараттық-талдау, әдістемелік және ғылыми материалдар, нормативтік құқықтық базаны және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды;
Тармақша 8
8) ВҒЗЖ туралы аралық есеп құруды (ұлттық және шетелдік бойынша ағымдағы жағдайды, проблемаларды талдау, практика, нормативтік және ұйымдастырушылық сипаттағы ұсыныстар, зерттеуді жалғастыру, не болмаса жартылай немесе толық тоқтату, не болмаса жаңа бағыттарды анықтау туралы қорытындылар) қарастырады.
Тармақ 15
15. Нәтижелерді ресімдеу кезеңіне зерттеу нәтижелерін сынамақтан өткізу және зерттеу нәтижелерін енгізу, қорыту және сынамақтан өткізу нәтижелерімен салыстыру кіреді.
Тармақ 16
16. Зерттеу нәтижелерін сынамақтан өткізу және енгізу:
Тармақша 1
1) конференциялар, дөңгелек үстелдер мен өзге де ғылыми іс-шаралар өткізу;
Тармақша 2
2) ғылыми кеңес беру, пікір білдіру және ғылыми мақалаларды жариялау, соның ішінде халықаралық басылымдарда жариялау;
Тармақша 3
3) заңшығарушылықта, оқу процесінде және практикалық қызметте, сондай-ақ нәтижелерді енгізу процесін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуде қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Нәтижелерді қорыту және сынамақтан өткізу нәтижелерімен салыстыру кезінде ВҒЗЖ туралы қорытынды есеп (ерікті нысандағы) құрастырылып, ғылыми, әдістемелік немесе оқу басылымдары әзірленеді.
Тармақ 18
18. Академияның ҒӘК отырысында ВҒЗ нәтижелері қаралып, мақұлданғаннан кейін нәтижелер енгізу үшін:
Тармақша 1
1) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдардың практикалық қызметіне;
Тармақша 2
2) оқу процесіне;
Тармақша 3
3) заңшығарушылық қызметіне жолданады.
Тармақ 19
19. Ғылыми нәтижелерді енгізудің негізгі нысандары:
Тармақша 1
1) құқық қорғау және өзге де органдар мен ведомстволар практикасында қолдану;
Тармақша 2
2) қызметкерлердің өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде қолдануы;
Тармақша 3
3) оқу процесінде қолдану;
Тармақша 4
4) әдістемелік ұсынымдар, оқу құралдары, монграфиялар және тақырыптық жадынама дайындау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері жобаларын дайындауда қолдану;
Тармақша 6
6) ведомстволық және өзге де бағдарламаларды дайындау және іске асыру кезінде қолдану
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ведомстволық актілерін дайындауда және қабылдауда қолдану.
Тармақ 20
20. Ғылыми өнім ВҒЗ нәтижесі ретінде келесі тәсілде таралуға жатады:
Тармақша 1
1) құқық қорғау органдары мен зерттеу субъектілерінің ведомстволық кезеңдік басылымдарында, сайттарында жариялау;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдарымен айқындалатын тәртіпте республикалық, ведомстволық немесе өңірлік деңгейдегі ғылыми-техникалық ақпараттардың ақпараттық қорларына, Академияның ведомствоаралық ғылыми-ақпараттық жүйесіне орналастыру, және оны нақты пайланушылар үшін тираждау;
Тармақша 3
3) ғылыми зерттеулер нәтижелерін ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, мәжілістер, шығу отырыстары, монография мен оқу құралдарын оқу конференцияларында сынамақтан өткізу.
Тармақ 21
21. Зерттеу жүргізген субъектілер ВҒЗ нәтижелерін енгізуге жауапты болып табылады.
Тармақ 22
22. ВҒЗ нәтижелерін оқу процесіне, практикалық және заңшығару қызметіне енгізу осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша актпен ресімделеді.
Тармақ 23
23. Академияның ҒӘК отырысында зерттеу жүргізудің қорытынды кезеңі зерттеу нәтижелерінің бағасына жинақталады.
ВҒЗ нәтижелері Академияның ҒӘК отырысында қаралады, талқылау қорытындысы бойынша зерттеу жоспарының орындалуы не болмаса орандалмауы туралы шешім қабылданады.
Тармақ 24
24. Зерттеу жоспары орындалған жағдайда зерттеу туралы есеп Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары, ғылыми мекемелер және құқық қорғау органдарының құрылымдық бөлімшелеріне жолданады.
Тармақ 25
25. ВҒЗ әр кезеңі бойынша жоспарлы іс-шаралардың орындалу мерзімі зерттеудің жұмыс бағдарламасында белгіленеді, оның жобасы Академияның ҒӘК отырысында қаралып, Академия ректорымен бекітіледі.
ВҒЗ мерзімдері бір жылдан кем және үш жылдан аса мерзімге белгіленуі мүмкін емес. Зерттеу мерзімдерін ведомствоаралық жұмыс тобы жетекшісінің дәлелді баянаты негізінде Академия басшылығы ұзарта алады.
Тарау 4. 4-тарау. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің мониторингі тәртібі
4-тарау. Ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің мониторингі тәртібі
Тармақ 26
26. Академияның сұрау салуына сәйкес ВҒЗ мониторингін өткізу үшін құқық қорғау органдары және олардың ведомстволық ғылыми мекемелері мен білім беру ұйымдары ВҒЗ нәтижелерін (ғылыми зерттеулер индикаторлары бойынша мәліметтерді көрсете отырып), ВҒЗЖ туралы қорытынды есептерді, зерттеу материалдары мен енгізу актілерін Академияға 25 қаңтарға қарай жолдайды.
Тармақ 27
27. Мониторинг барысында тиісті құқық қорғау саласындағы ғылыми нәтижелер жетістігінің көрсеткіші ретінде ВҒЗ тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Жүргізілетін ВҒЗ тиімділігін анықтау осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес ВҒЗ индикаторлар кестесімен өлшенетін көрсеткіштер бойынша рейтингілік жүйе ұпайларының қосындысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. ВҒЗ мониторингін Академия жыл сайын бірінші тоқсанда, 25 наурыздан кешіктірмей жүргізеді.
Тармақ 30
30. ВҒЗ мониторингісінің нәтижелері бойынша Академия ВҒЗ индикаторлары жөніндегі мәліметтер, зерттеуді одан әрі жүргізу мақсаттылығы туралы, не болмаса ғылыми жобаның аяқталуы туралы ақпараттар, өзге де мәліметтер, соның ішінде ғылыми зерттеулерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды көрсете отырып, анықтама жазады.
Тармақ 31
31. Мониторинг нәтижелері екінші тоқсанда Академияның ҒӘК отырысында қаралады, онда жүргізілетін зерттеулердің, авторлық ұжымдардың не жекелеген орындаушылардың жұмыстарының тиімділігі бағаланады.
Академияның ҒӘК отырысының нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданады:
Тармақша 1
1) зерттеуді жалғастыру туралы;
Тармақша 2
2) зерттеу жүргізу бойынша жұмыстарды тоқтату туралы;
Тармақша 3
3) зерттеудің жекелеген бағыттарын тоқтату туралы;
Тармақша 4
4) зерттеудің жаңа бағыттарын немесе ғылыми зерттеулердің жаңа тақырыптарын енгізу қажеттігі туралы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы;
Тармақша 6
6) ғылыми зерттеулер тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы;
Тармақша 7
7) зерттеулердің алынған нәтижелері бойынша түсіндірмелі және ақпараттық іс-шаралар өткізу туралы;
Тармақша 8
8) ғылыми зерттеу нәтижелерін практикалық, заңшығарушылық қызметіне және оқу процесіне енгізу туралы;
Тармақша 9
9) ғылыми қызметті және құқық қолдану практикасын жетілдіруге бағытталған өзге де шешімдер.
Тармақ 32
32. Мониторинг нәтижелері туралы ақпарат ҒӘК хаттамалық шешімінің көшірмесі қоса тіркеліп, құқық қорғау органдары, ведомстволық ғылыми мекемелер мен білім беру ұйымдарына хаттамаға қол қойылған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Тармақ 33
33. ВҒЗ мониторингінің нәтижелері Академияның ҒӘК отырысында бекітілгеннен кейін 5 (бес) күн ішінде Академияның ресми сайтына орналастырылады.
Басқа 1. Зерттеулердің өзекті тақырыптар пулы
Құқық қорғау қызметі
саласында ведомствоаралық
ғылыми зерттеулер жүргізу,
оларды үйлестіру мен мониторингі
қағидасына 1-қосымша
Нысан
Зерттеулердің өзекті тақырыптар пулы
1
Зерттеуге ұсынылатын тақырып
2
Зерттеу өзектілігінің негіздемесі (қолданбалы, іргелі, стратегиялық)
3
Зерттеу мақсаты мен міндеттері (нақты не әзірлеу және қандай мәселелерді зерттеу қажеттілігі көрсетіледі)
4
Шығатын (күтілетін) нәтижелер түрлері
5
Зерттеу нәтижелерінің практикалық бағыты (қандай бөлімшелер, қызметкерлердің қандай санатына арналған)
Басқа 2. ___________________ енгізу туралы
Құқық қорғау қызметі
саласында ведомствоаралық
ғылыми зерттеулер жүргізу,
оларды үйлестіру мен мониторингі
қағидасына 2-қосымша
Нысан
Бекітемін
Ұйым басшысы
_______________________
20__ ж. «___» ___________
___________________ енгізу туралы
Акт
Комиссия мына құрамда (төраға), ______________________________
(мекеме, дербес бөлімше басшысы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда),
ғылыми дәрежесі/атағы, әскери атағы, сыныптық шені)
______________________________________________________________
(комиссия мүшелері) __________________________________________
(комиссия мүшелері: бөлімше басшылары, қызметкерлер
__________________________________________________________арасынан
профессорлық-оқытушылық құрам)
__________________________________________________________________
_______________________________ дайындалғаны туралы осы акт құрылды
(әзірлеушінің мәліметтері, бөлімше, және енгізілетін материалдар
атауы көрсетіледі) қолданылды _____________________________________
(нақты қайда, пән, тақырып және т.б. көрсетіледі)
Осы енгізу 20___ ж. арналған____жоспардың ___ т. қарастырылған
(жоспардан тыс енгізілген кезде бастамашаны көрсету).
Комиссия төрағасы _____________________
Комиссия мүшелері_____________________
_____________________
_____________________
М.О.
Басқа 1. Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі
Құқық қорғау қызметі
саласында ведомствоаралық ғылыми
зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру
және мониторингі қағидаларына
3-қосымша
Ведомствоаралық ғылыми зерттеу индикаторларының кестесі
№
Индикатор көрсеткіші (соның ішінде жүргізілетін зерттеу аясында дайындалған және пайдаланылатын материалдар)
Ұпай
Ескерту
Авторлық ұжым құрамы
1.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері
5
2.
Мемлекеттік органдардың өкілдері
3
3.
Авторлық ұжымның дәрежеленген қатысушылары (бірлік үшін)
5
4.
Авторлық ұжымның шетелдік қатысушылары (бірлік үшін)
5
Ғылыми еңбектерді шығару (бірлік үшін):
5.
Криминологиялық форум, дөңгелек үстел жинағы
10
6.
Диссертация, әдістемелік ұсынымдар
20
7.
Монография, оқу құралдары
40
Ғылыми мақала (бірлік үшін):
8.
Қазақстандық басылымдарда
3
9.
ТМД елдерінің басылымдарында
4
10.
Шетелдік басылымда
6
11.
Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған басылымдарда
10
12.
РҒДИ базасына кіретін халықаралық басылымдарда
15
13.
Web of Science Core Collection, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index, Scopus базасына кіретін халықаралық басылымдарда
20
Ғылыми іс-шаралар
14.
Ғылыми зерттеулер бойынша халықаралық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысу (бірлік үшін)
3
15.
Ғылыми зерттеулер бойынша конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға қатысу (бірлік үшін)
2
16.
Конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар және басқаларды ұйымдастыру және өткізу (бірлік үшін)
10
17.
ТМД елдері сарапшыларының қатысуымен конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар ұйымдастыру және өткізу
15
18.
Шетел сарапшыларының қатысуымен ғылыми іс-шаралар (конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар және т.б.) ұйымдастыру және өткізу
20
Практикалық ақпаратты пайдалану:
19.
Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер материалдарын талдау нәтижелері
3
20.
Сұхбат, ғылыми эксперимент, модельдеу жүргізу және нәтижелерін қорыту
10
Ведомствоаралық ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу
21.
Оқу процесіне
5
22.
Құқық қорғау органдарының практикалық қызметіне
20
23.
Норма шығармашылыққа
40
Ұпайлардың қорытынды жиынтығы
Төмен ұпай:
15-54 Орташа ұпай:
55-129 Жоғары ұпай:
130 және одан да көп