Об утверждении Правил использования животных, кроме редких и находящихся под угрозой исчезновения, в целях предотвращения эпизоотии Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 357 бұйрығымен бекітілген Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларынан басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдыр көзделеді:
Тармақша 1
1) биологиялық материал – жануарлардың ауруларына диагностика жүргізу мақсатында іріктеп алынған тірі ұлпаның немесе биологиялық белсенді сұйықтықтың (қан, шырыш, жұлын сарысуы, өт, ірің, зәр, қи, қырындылар, биопсия әдісімен алынған материалдар) бір бөлігі;
Тармақша 2
2) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесi объектілерін алудың жол берілетін көлемін айқындауға, сондай-ақ жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;
Тармақша 3
3) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
Тармақша 4
4) ветеринария саласындағы маман – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiнің, мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдардың ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар қызметкерi;
Тармақша 5
5) жануарлар дүниесі объектілерін алу – табиғи еркіндік жағдайында мекендейтін жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын мекендеу ортасынан жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың негізінде алу (ұстап алу, аулау, атып алу, жинау, соғып алу);
Тармақша 6
6) эпизоотия мониторингі - эпизоотологиялық зерттеуді және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсірілген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары, жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректерді жинау жүйесі және оларды кейіннен ветеринариялық іс-шаралардың тиімділігін талдау және эпизоотиялардың немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуін және жойылуын болжау үшін статистикалық өңдеу.
Тарау 2. 2-тарау. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану тәртібі
2-тарау. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) жануарлардың аса қауіпті аурулары тізбесіне енгізілген жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша:
Тармақша 1
1) жыл сайын көктем кезінде аң аулау маусымы басталар алдында, негізгі қоныс аудару жолдары бойында жабайы құстардың ұшып келу уақытында олар алғаш келіп қонатын жерлерде (аса қауіпті ауруларды әкелу ықтималдығын бағалау); африкалық және оңтүстік еуропалық қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары); пәкістандық қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Түркістан, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары); үнділік қыстау орындарынан ұшып келе жатқанда (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Павлодар облыстары) эпизоотиялық мониторинг жүргізу жолымен жүзеге асырылады:
Тармақша 2
2) жыл сайын тіршілік етуі кезінде диагностика жасaу үшін сезімтал жабайы жануарлар арасында мониторинг жүргізу мақсатында олардың мекендеу орындарынан биологиялық материалдың (қалдықтардың) сынамаларын іріктеп алады.
Тармақ 4
4. Эпизоотиялық мониторинг «Эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/618 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Эпизоотиялық мониторингтің зерттеу объектілері:
Тармақша 1
1) алып қойылған жануарлар дүниесі объектілері;
Тармақша 2
2) биологиялық қалдықтар болып табылады.
Тармақ 6
6. Бекітіп берілген аңшылық алқаптар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда зерттеу объектілерінің эпизоотиялық мониторингі олардың әкімшілігімен келісім бойынша жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) сәйкес эпизоотиялық мониторинг мақсатында биологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алу үшін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою жолымен жүзеге асырылады. Биологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алу үшін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою көлемі биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Биологиялық материалдың сынамаларын (қалдықтарын) іріктеп алуды және оны ветеринариялық зертханаға жеткізуді «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және мен биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жылғы 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) сәйкес ветеринария саласындағы мамандар жүргізеді.