Об утверждении Правил личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами органов прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жөніндегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, 2017 жылғы 30 маусымдағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратураның ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары:
Тармақша 1
1) прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасасын, қабылдау кестесін әзірлесін, қабылдауды ұйымдастыру үшін жауапты қызметкерлерді анықтасын, олардың байланыс телефондары мен қабылдау кестелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын тиісінше қабылдау мен қарауды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініштермен жұмыс жасау және іс жүргізу құрылымдық бөлімшесі:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде он күнтізбелік күн ішінде баспа басылымдарына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратына, прокуратураның ведомстволары, мекемелері мен білім ұйымдарының басшыларына, облыс прокурорларына және оларға теңестірілген  прокурорларға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім ұйымдарының басшыларына, облыстардың, аудандардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 87 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ҚАҒИДАЛАРЫ
Тарау 1. Тарау 1. Жалпы ережелер
Тарау 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидалары Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) прокуратура органдарының келесі лауазымды тұлғалары жүргізіді: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры  (бұдан әрі - Бас Прокурор), оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары, олардың орынбасарлары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, сонымен қатар қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері.
Тармақ 3
3. Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшыларына, олардың орынбасарларына қабылдау алдын ала жазылу арқылы, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша жүзеге асырылады. Қабылдауға жазуды «egov.kz» порталынан түскен электронды арыздар, қағаз форматта берілген өтініштер және Бас прокуратураның Call-орталығына түскен өтінімдер бойынша қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкер күнделікті жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізеді. Call-орталығына түскен жеке қабылдауға жазылу туралы өтінімдер, егер олар үшінші адамдардың мүддесіне берілетін болса, өтінішхаттарды беру үшін өкілеттіктері туралы мәліметтер болған кезде қабылданады. Мәселенің мән-жайы көрсетілмеген жеке қабылдау туралы өтініші оны берген адамға қараусыз қайтарылады. Қажетті жағдайда қабылдауды ұйымдастыруды төмен тұрған прокуратура орагандарына тапсырылады.
Тармақ 4
4. Күнделікті қабылдауды прокуратура органдарының басшылары бекіткен кестелерге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Лауазымды тұлғаның аты-жөні және тегі (бар болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде прокуратура органдарының ғимараттарында көпшіліктің назарына қолжетімді орындарда ілінеді, сондай-ақ олардың ресми сайттарында орналастырылады.
Тармақ 6
6. Ішкі істер органдарының ғимараттарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) азаматтарды қабылдауды мекемелердің ғимараттарына ілінетін бекітілген кесте бойынша кезекші прокурорлар жүргізеді.
Тармақ 7
7. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдау  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы  №390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 6 мамырдағы №11қпү және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 29 сәуірдегі №75қпү (құқықтық нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 15218 санды тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген  Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің әкімшілік ғимаратындағы өткізу және  ішкі объект режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қажет болған жағдайда шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды қабылдау кезінде аудармашы қатысады. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың қабылдау кезінде берген  өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Тармақ 8
8. Қаладан тысқары келушілерге облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларының құрылымдық бөлімшілерінің, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген  прокурорлар белгіленген кестеге қарамастан олар жүгінген күні қабылдауға бар мүмкіндікті жасайды.
Тармақ 9
9. Қабылдау өтініштердің кезектілік тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» орденімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар тұлғалар кезектен тыс қабылданады.
Тармақ 10
10. Қабылдау  кезінде жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі жеке басын куәландыратын, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде - олардың мүдделеріне өкілдік етуді растайтын құжаттарды көрсетеді.
Тармақ 11
11. Арыз иелерінің келісімі бойынша қабылдауды Бас Прокурор және оның орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстар прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, олардың орынбасарлары, аудандық прокурорлар және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, сондай-ақ қабылдауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген прокурорлар бейнеконференц-байланыс арқылы жүзеге асырады. Төтенше жағдай, шектеу іс-шараларын (карантинді қоса алғанда) енгізу жағдайларында немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да мән-жайларда қабылдау бейнеконференц-байланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері өтініш берушінің уәждерін тексеру бойынша, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы өзінің құзыретіне сәйкес барлық қажетті шараларды қолданады. Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларының құрылымдық басшылары, аудан прокурорлары және оларға теңестірілген  прокурорлар, олардың орынбасарлары арыз иелерін қабылдау кезінде аталған қызметкерлерге жәрдем көрсетеді.
Тарау 2. Тарау 2. Бас прокуратурада қабылдау тәртібі
Тарау 2. Бас прокуратурада қабылдау тәртібі
Тармақ 13
13. Бас Прокурор және оның орынбасарлары қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес кемінде айына бір рет жүргізеді.
Тармақ 14
14. Бас прокуратура құрылымдық бөлімшелердің басшылары қабылдауды қажеттілік туындауына байланысты жүргізеді.
Тармақ 15
15. Бас Прокурордың, оның орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдауды ұйымдастыруды арыз иесі ұсынған құжаттар мен хат алмасу материалдары зерделегеннен кейін Бас прокуратураның өтініштермен жұмыс және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелер қабылдауға жазу туралы жолданымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күні ішінде Орталыққа арыз иесі мәселесінің мәні бойынша анықтама береді.
Тармақ 16
16. Бас Прокурордың және оның орынбасарларының қабылдауына жазылу мереке, демалыс күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдау басталуына дейін бес күн бұрын аяқталады.
Тармақ 17
17. Бас Прокурордың қабылдауына:
Тармақша 1
1) «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарының құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;
Тармақша 2
2) сол мәселе бойынша бұрын қабылданған немесе Бас Прокурордың сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы бар тұлғаларды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 106-бабының бірінші бөлігіне сәйкес арыздардың қаралуы соттың құзыретіне кіретін жағдайда, сондай-ақ сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша;
Тармақша 4
4) сот актілеріне кассациялық шағым беру мерзімін өткізіп алған кезде;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 54-бабының екінші бөлігімен көзделмеген істер бойынша сот актілерін даулаған жағдайда;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 429-бабының жетінші бөлігімен, 434-бабының екінші бөлігімен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабының екінші бөлігімен көзделген істер бойынша кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне шағымданғанда жазу жүргізілмейді.
Тармақ 18
18. Осы Қағидалардың 17-тармағында және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларында көзделген жағдайларда, Орталықтың уәкілетті қызметкері өтініш берген адамдарға тиісті түсіндірме береді.
Тармақ 19
19. Бас Прокурордың қабылдауына алдын ала жазу туралы шешім Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) Бас Прокурордың қабылдауына алдын ала жазу туралы шешім Қазақстан Республикасының жергілікті және басқа да соттарының заңды күшіне енген, апелляциялық тәртіппен шағым берілмеген актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхат;
Тармақша 2
2) жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілген қайталама өтініш;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 494-бабында, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 451-бабында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабында белгіленген тәртіппен шығарылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулысына наразылық келтіру туралы өтінішхат берген жағдайларда қабылданады.
Тармақ 20
20. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін Бас Прокурордың қабылдауына жазылған тұлғалардың тізімі істерді сұрату, анықтамалар мен баяндамалар дайындау үшін Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жолданады. Бас Прокурорға қабылдауға жазылған адамдардың өтініштері бойынша анықтамаларды Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері қабылдау басталмас бұрын үш жұмыс күні ішінде Орталыққа жолдайды.
Тармақ 21
21. Бас Прокурорға қабылдауды ұйымдастыру, баяндау, қабылдауды жүргізу тәжірибесін талдау және қорыту үшін қажетті материалдарды ұсыну туралы Орталықтың уәкілетті қызметкерлерінің талаптары Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 22
22. Бас Прокурордың орынбасарларына қабылдауға алдын ала жазылу тікелей олардың құзыретіне жататын мәселелері, сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Бас Прокурор орынбасарларының қабылдауына:
Тармақша 1
1) сол мәселе бойынша Бас Прокурормен немесе оның орынбасарымен бұрын қабылданған тұлғаларды;
Тармақша 2
2) Бас Прокурордың немесе оның орынбасарының сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы бар жағдайда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабының 1-бөлігінде көрсетілген тұлғалардың берген өтінішхатынан басқа жағдайларда кассациялық сатыдағы сотқа өз бетімен жүгіну құқығын іске асырмаған тұлғаларды;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларының 17-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жазу жүргізілмейді.
Тармақ 24
24. Осы Қағидалардың 23-тармағында және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларында көзделген жағдайларда, Орталықтың уәкілетті қызметкері өтініш берген адамдарға тиісті түсіндірме береді.
Тармақ 25
25. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін Бас Прокурордың орынбасарларына қабылдауға жазылған адамдардың тізімін, сондай-ақ анықтамаларды, қабылдау басталғанға дейін бір күн бұрын тиісті құрылымдық бөлімшелер Бас Прокурордың орынбасарларының көмекшілеріне зерделеу және баяндау үшін жолдайды.
Тарау 3. Тарау 3. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымында қабылдау тәртібі
Тарау 3. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда, Қазақстан Республикасының прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымында қабылдау тәртібі
Тармақ 26
26. Облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратура ведомстволары, мекемелері, білім беру ұйымының басшылары және олардың орынбасарлары қабылдауды бекітілген кестеге сәйкес кемінде аптасына бір рет жүргізеді.
Тармақ 27
27. Облыс прокурорына және оған теңестірілген прокурорға, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшысына және олардың орынбасарларына қабылдау үшін алдын ала жазылу, олардың құзыретіне тікелей кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары өтініш бергендерді қабылдауды өздерінің орынбасарларына тапсыруы мүмкін.
Тармақ 28
28. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралары, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың аға көмекшілері (көмекшілері) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын қажеттіліктің туындауына қарай жүргізеді.
Тармақ 29
29. Облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымының басшылары, олардың орынбасарлары қабылдауды елді мекендерге шығу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізе алады.
Тармақ 30
30. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, прокуратураның ведомство, мекеме мен білім беру ұйымы басшысының, олардың орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазуды, сондай-ақ қабылдауды ұйымдастыруды осы міндет жүктелген жауапты қызметкерлермен өтініш беруші ұсынған құжаттар мен онымен хат алмасу материалдарын зерделегеннен кейін жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, прокуратура ведомствосы, мекемесі, білім беру ұйымы басшысының және олардың орынбасарларының қабылдауына:
Тармақша 1
1) өтініш берушілерді қабылдауды жүзеге асыруды Бас прокуратура тапсырған жағдайларды қоспағанда, сол мәселе бойынша облыс прокурорымен, оған теңестірілген прокурормен, прокуратура ведомствосы, мекемесі, білім беру ұйымы басшысымен бұрын қабылданған тұлғалар;
Тармақша 2
2) соттың өндірісіндегі істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ істерді қарау кезінде судьялардың әрекеттерін даулаған жағдайда;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларының 17-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша жазу жүргізілмейді.
Тармақ 32
32. Осы Қағидаларының 31-тармағында көзделген жағдайларда осы міндет жүктелген жауапты қызметкермен өтінішпен жүгінген жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне тиісті түсіндірме береді.
Тармақ 33
33. Жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілген қайталама өтініштер түскен кезде облыс прокурорына, оған теңестірілген прокурорға, прокуратураның ведомство, мекеме, білім беру ұйымы басшысына қабылдауға алдын ала жазылу прокуратураның, ведомствоның, мекеменің, білім беру ұйымының тиісті құрылымдық бөлімшесімен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін облыс прокурорының және оған теңестірілген прокурордың, прокуратура ведомствосы, мекемесі, білім беру ұйымы басшысының, олардың орынбасарларының қабылдауына алдын ала жазылу мереке, демалыс  күндерінен басқа, күн сайын жүргізіледі және қабылдаудың басталуына дейін бір күн бұрын аяқталады.
Тармақ 35
35. Алдын ала жазылу аяқталғаннан кейін облыс прокурорының, оған теңестірілген прокурордың, прокуратураның ведомствосы, мекемесі, білім беру ұйымы басшысының, олардың орынбасарларының қабылдауына жазылған тұлғалардың тізімі тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларына анықтама дайындау және баяндау үшін жіберіледі.
Тармақ 36
36. Қабылдауды ұйымдастыру міндеті жүктелген жауапты қызметкердің облыс прокурорына, оған теңестірілген прокурорға, прокуратура ведомствосы, мекемесі, білім беру ұйымы басшысына және олардың орынбасарларына баяндау, қабылдауды жүргізу тәжірибесін талдау мен қорыту үшін қажетті қадағалау өндірістерін сұрату талабы құрылымдық бөлімшелер үшін міндетті болып табылады.
Тарау 4. Тарау 4. Аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда қабылдау тәртібі
Тарау 4. Аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда қабылдау тәртібі
Тармақ 37
37. Аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары қабылдауды алдын ала жазусыз күн сайын жұмыс уақытында жүргізеді.
Тармақ 38
38. Аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары қабылдауды елді мекендерге шығу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жүргізе алады. Кезекші прокурорлармен қадағалаудағы ішкі істер органдарында, пенитенциарлық және арнаулы мекемелерде (тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, арнаулы қабылдау орындары, қабылдау-тарату орындары, гауптвахталар) азаматтарды қабылдау кемінде аптасына бір рет жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Аудан прокуратурасында және оған теңестірілген прокуратурада өтініш берушілерді қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Тарау 4-1. 4-1-тарау. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлардың қабылдау тәртібі
4-1-тарау. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлардың қабылдау тәртібі
Тармақ 39-1
39-1. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар жүгінген адамдарды қабылдауды ұйымдастыруды, олардың жолданымдарын қарауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтық мәселелері бойынша кеңес береді. Қабылдау арнайы бөлінген үй-жай – Азаматтарды қабылдау орталығында жүзеге асырылады.
Тармақ 39-2
39-2. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар қабылдауды жұмыс уақытында жүзеге асырады.
Тармақ 39-3
39-3.Қабылдау электрондық кезек тәртібімен ұйымдастырылады.
Тармақ 39-4
39-4. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар қабылдауды арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.
Тармақ 39-5
39-5. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурордың әрекеттері «Азаматтарды қабылдау орталығы» автоматтандырылған жұмыс орны» (бұдан әрі – «АҚО» АЖО) ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Тармақ 39-6
39-6. Қабылдау барысында қабылданған жазбаша жолданым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге және қарауға жатады. Ауызша жолданымның мазмұны «АҚО» АЖО-ға енгізіледі. Ауызша жолданымда баяндалған фактілер мен мән-жайлар қосымша тексерісті талап етпеген жағдайда, жолданымға берілетін жауап жүгінген адамның келісімімен қабылдау барысында ауызша нысанда беріледі, ол туралы «АҚО» АЖО-да тиісті жазба енгізіледі. Қажет болған жағдайда, жүгінген адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ауызша түсіндірмелер беріледі.
Тармақ 39-7
39-7. Егер жолданымда оны шешу үшін жеткілікті мәліметтер болмаған не мәселенің мәнін түсіну мүмкін емес болған жағдайда, қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурор қабылдау барысында арыз иесіне жолданымға қойылатын талаптарды түсіндіреді және оған жетіспейтін деректерді толықтыруды ұсынады.
Тармақ 39-8
39-8. Қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті прокурорлар негіздер болған кезде, жүгінген адамдарға прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін шақырады немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орны туралы келіседі.
Тарау 5. Тарау 5. Қабылдаудан келіп түскен өтініштерді есепке алу, тіркеу және қарау
Тарау 5. Қабылдаудан келіп түскен өтініштерді есепке алу, тіркеу және қарау
Тармақ 40
40. Қабылдаудан келіп түскен өтініштер сканерден өткізіледі және прокуратура органдарының Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде (бұдан әрі – БАТЖ) тіркеледі. Өтініштерге «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылады.
Тармақ 41
41. Қабылдаудан келіп түскен барлық жазбаша өтініштер тіркеуден кейін тиісті лауазымды тұлғаларға қарау және өтініш берушілерге жауап дайындау үшін жіберіледі. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдері қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаның тапсырмасы бойынша немесе өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша өтінішті қарауға жеке қатысуға, сондай-ақ өз өтінішінің негізділігін растайтын қосымша материалдар ұсынуға құқылы.
Тармақ 42
42. Қабылдаудан түскен өтінішті қарауды оны бұрын шешкен қызметкерге тапсыруға жол берілмейді. Қабылдаудан түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге жауапты қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаның қолымен дәлелді жазбаша түрде беріледі. Өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда жауапты төмен тұрған лауазымды тұлға беруі мүмкін, бұл туралы қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаға баяндалады. Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыстардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары арыз иелерін шақыра отырып, қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс арқылы қабылдаудан түскен өтініштерді қанағаттандырудан бас тарту себептерін жеке түсіндіреді. Өтініш берушінің прокуратураға келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оның өтініші бойынша қабылданған шешім туралы ол тиісті түрде (тапсырысты хатпен немесе хабарлаудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары арқылы) хабарланады.
Тармақ 44
44. Қабылдаудан келіп түскен өтініштерді есепке алуды және өтініштерді қарау мерзімдерін бақылауды Бас прокуратурада - Бас Прокурордың аға көмекшісі, облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларда, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымында, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда – осы міндет жүктелген жауапты қызметкерлер жүзеге асырады. Қабылдаудан түскен өтінішті бақылаудан алуға өтініш берушіге берілген түпкілікті дәлелді жауап негіз болып табылады. Бас прокуратурада қабылданған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін БАТЖ-да есепке алуды өтініштермен жұмыс жасау және іс қағаздарын жүргізу бөлімшесінің сарапшысы (маманы), облыстық прокуратуралар  және оларға теңестірілген прокуратураларда, прокуратура ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымында, аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларда – осы міндет жүктелген тұлғалар жүргізеді.