Об утверждении Правил деятельности жилищной комиссии органов военной прокуратуры Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясының қызметі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясының қызметі қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бас әскери прокуратура:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокурорға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды тұлғаларға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясы қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 89 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясы қызметінің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тұрғын үй комиссиясы қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан, оның ішінде ведомстволық тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді бөлудің шарттары мен рәсімін айқындайды, сондай-ақ тұрғын үйді жекешелендіруді келісу туралы өтініштерді қарау және Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілерін және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді (бұдан әрі – әскери қызметшілер және қызметкерлер) тұрғын үймен қамтамасыз етумен байланысты өзге де мәселелерді (бұдан әрі – тұрғын үй мәселелері) шешу мәселелерін регламенттейді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін Бас әскери прокуратурада Бас әскери прокурордың бұйрығымен тұрғын үй комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Тармақ 3
3. Комиссия дауыс беру құқығы бар тақ санды (кемінде бес адам) мүшелерінен және дауыс беру құқығы жоқ Комиссия хатшысынан тұрады. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) Комиссия төрағасы - Бас әскери прокурордың орынбасары;
Тармақша 2
2) Бас әскери прокурор Аппаратының басшысы;
Тармақша 3
3) кадр қызметінің басшысы;
Тармақша 4
4) Бас әскери прокурордың ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша аға көмекшісі;
Тармақша 5
5) қаржы қызметінің басшысы;
Тармақша 6
6) Комиссия хатшысы - кадр қызметінің өкілі кіреді.
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан, ведомстволық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй беру не мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларының 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес әскери қызметшілердің және қызметкерлердің өтініштері мен құжаттарын тексеруді және қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша алу, жекешелендіру тәртібінда меншігіне сатып алу не бұдан бұрын жалдау шарты бойынша берілген тұрғынжайды ауыстыру үшін өтініш білдірген әскери қызметшілердің баянаттарын уақытылы қарауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) әскери қызметшілердің тұрғынжайға мұқтаж қызметкерлер тізіміне қосу, сондай-ақ қызметтік тұрғынжай алу және (немесе) тұрғынжайларын жақсарту туралы өтініштерін қарау;
Тармақша 5
5) әскери қызметшілер мен қызметкерлердің баянаттары мен өтініштерін қанағаттандыру не оларға тұрғынжай беруден дәлелді бас тарту, не оларды тұрғынжайға мұқтаждар тізімінен шығару, қызметтік тұрғынжайды жалдау шартын жасасу және ұзарту туралы хаттамалық шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) әскери қызметшілер мен қызметкерлердің баянаттары мен өтініштерін, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды сақтау және жүргізу.
Тармақ 5
5. Комиссия қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Комиссия отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
Тармақ 6
6. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының хаттамасын (бұдан әрі - Хаттама) (еркін нысанда) жүргізеді. Комиссияның дауыс беру құқығы бар мүшелері Хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 7
7. Хаттамаға Комиссия мүшелері қол қояды.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешімдері ашық және ауызша дауыс беру арқылы кемінде 3/5 дауыспен қабылданады.
Тармақ 9
9. Әскери қызметшілер мен қызметкерлердің баянаттары мен өтініштерін қарау олардың қатысуынсыз жүргізіледі. Қажет болған кезде Комиссия кемінде 3/5 дауыспен бірлесіп дауыс беру арқылы оларды және/немесе олардың отбасы мүшелерін отырысқа шақырумен баянатты/өтінішті қарау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй комиссиясының қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, мүдделі тұлғалар ол бойынша Бас әскери прокурорға, Бас прокуратураға немесе сотқа шағым беруге құқылы.
Тармақ 11
11. Комиссия өз қызметін әскери прокуратура органдары тараған не қайта құрылған кезде тоқтатады.