О некоторых вопросах специальных экономических зон Қолданыста
Басқа 0
Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2041 жылға дейінгі кезеңге «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Ақтау теңіз порты» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;
Тармақша 2
2) «Оңтүстік» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;
Тармақша 3
3) «Павлодар» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары;
Тармақша 4
4) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы» АЭА туралы ереже және оның нысаналы индикаторлары бекітілсін.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен бекітілген
«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау және Жаңаөзен қалаларының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы Ақтау халықаралық әуежайын қоса алғанда, 10384,1178 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жеделдетілген дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң заманауи әдiстерiн енгiзу, мультимодальды хабтарды, көлік пен логистиканы дамыту, өңірдің туристік әлеуетін жоғарылату мен келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Тармақ 3-1
3-1. АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлерін көрсетілген тізбеге енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Тармақ 3-2
3-2. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегiндегi жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; оның салдарынан әуе кеңiстiгiнде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрiнiсiн нашарлататын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тікелей байланысты емес, бiрақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсерiн тигiзетiн кез келген басқа қызмет үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет.
Тармақ 4
Тарау 2. 2. АЭА-ны басқару
2. АЭА-ны басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. АЭА-ның аумағында салық салу
3. АЭА-ның аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.
Тарау 4. 4. Кедендiк реттеу
4. Кедендiк реттеу
Тармақ 7
7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 9
9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
Тармақ 10
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 11
11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 13
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
Тармақ 14
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Қоршаған ортаны қорғау
5. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 15
15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.
Тармақ 17
17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының
жоспары
«Ақтау теңіз порты» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының
жоспары
Р/с
№
Аймақтардың атауы:
Ауданы, гектар
1.
Порттық аймақ
1038,9691
2.
Индустриялық аймақ
7615,1487
3.
Логистикалық аймақ
1730
Жиыны:
10384,1178
__________________________
Басқа 2. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының
нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының
нысаналы индикаторлары
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
Өлшем бірлігі*
Базалық кезең (2024 жыл)
2027 жылға қарай қол жеткізу
2032 жылға қарай қол жеткізу
2037 жылға қарай қол жеткізу
2042 жылға қарай қол жеткізу
2047 жылға қарай қол жеткізу
2052 жылға қарай қол жеткізу
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд теңге
290
440
1230
1380
1490
1560
1720
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд теңге
170
180
350
430
480
530
620
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд теңге
120
260
880
950
1010
1030
1100
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
2
АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд теңге
450
611
1003
1153
1303
1503
1703
3
Қатысушы лар саны (компаниялар)
бірл.
50
66
113
133
153
168
188
4
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
2300
4345
8100
9000
9300
9600
9900
5
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
50
53
63
68
73
78
83
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
____________________
Басқа 2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Шымкент қаласының аумағында орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА–ның аумағы Шымкент халықаралық әуежайын қоса алғанда, 529,0001 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. АЭА:
Тармақша 1
1) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірді жеделдетілген дамыту, тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың және шаруашылық жүргізудің заманауи әдістерін енгізу, мультимодальды хабтарды, көлік пен логистиканы дамыту, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту;
Тармақша 3
3) тоқыма өнеркәсібін дамыту;
Тармақша 4
4) тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркалары өндірушілерін тарту;
Тармақша 5
5) жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту және түр-түрін көбейту;
Тармақша 6
6) химия, мұнай-химия саласын дамыту мақсаттарында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Тармақ 3-1
3-1. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегiндегi жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; оның салдарынан әуе кеңiстiгiнде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері жүргізілетін жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрiнiсiн нашарлататын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тікелей байланысты емес, бiрақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және олардағы адамдардың қауіпсіздігіне әсерiн тигiзетiн кез келген басқа қызмет үшін «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет.
Тармақ 4
Тарау 2. 2. АЭА-ны басқару
2. АЭА-ны басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. АЭА-ның аумағында салық салу
3. АЭА-ның аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.
Тарау 4. 4. Кедендiк реттеу
4. Кедендiк реттеу
Тармақ 7
7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 9
9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
Тармақ 10
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 11
11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 13
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
Тармақ 14
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Қоршаған ортаны қорғау
5. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 15
15. Экологиялық реттеу бөлiгiнде АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертiлуi мүмкiн.
Тармақ 17
17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2.1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
«Оңтүстік» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы
S = 529,0001 га
___________________
Басқа 2.2. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
Өлшем бірлігі*
Базалық кезең
(2019 жыл)
2020 жылға қарай
қол жеткізу
2025 жылға қарай
қол жеткізу
2030 жылға қарай қол жеткізу
Нысаналы индикатор
Нысаналы индикатор
Нысаналы индикатор
1
2
3
4
5
6
7
1.
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд
теңге
29,6
38,6
60,5
84,2
1.1
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд
теңге
2,5
4,5
7,3
10
1.2
отандық инвестициялар көлемі
млрд
теңге
27,1
28,5
53,2
74,2
2.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд
теңге
53,9
72
147
253
1
2
3
4
5
6
7
3.
Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)
%
0,1
0,3
0,3
0,3
4.
Қатысушылар саны
компаниялар
33
40
50
55
5.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
1500
3500
4500
5500
6.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
70
70
80
85
7.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы жалпы өндіріс көлеміндегі өнім экспортының үлесі
%
50
50
60
70
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
____________________
Басқа 3. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен бекітілген
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп ауданының аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 1200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. АЭА:
Тармақша 1
1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;
Тармақша 2
2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 3
3) өндіру мен өткізудің бүкіләлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;
Тармақша 4
4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;
Тармақша 5
5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;
Тармақша 6
6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;
Тармақша 7
7) басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
Тармақша 8
8) әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;
Тармақша 9
9) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда, әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;
Тармақша 10
10) тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі өндіруші өнеркәсіп, оның ішінде металлургия, металл өңдеу, метал емес минералдық өнімдер, резина және пластмасса бұйымдары металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылған.
Тармақ 3
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Тармақ 3-1
3-1. АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлерін көрсетілген тізбеге енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Тармақ 4
Тарау 2. 2. АЭА-ны басқару
2. АЭА-ны басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. АЭА-ның аумағында салық салу
3. АЭА-ның аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4. Кедендік реттеу
4. Кедендік реттеу
Тармақ 7
7. АЭА аумағындағы кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 9
9. Еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен АЭА-ға қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
Тармақ 10
10. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 11
11. АЭА аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың және
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 13
13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
Тармақ 14
14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Қоршаған ортаны қорғау
5. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 15
15. АЭА қызметін экологиялық реттеу бөлігінде жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделеді.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.
Тармақ 17
17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметі Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 3.1. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
«Павлодар» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Р/с №
Аймақтар атауы:
Ауданы, гектар
1
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы
1200
Жиыны:
1200
________________________________
Басқа 3.2. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с №
Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы)
Өлшем бірлігі
Базалық кезең 2019 жыл
2021 жылға қарай қол жеткізу
2026 жылға қарай қол жеткізу
2031 жылға қарай қол жеткізу
2036 жылға қарай қол жеткізу
Нысаналы индикатор
Нысаналы индикатор
Нысаналы индикатор
Нысаналы индикатор
1
2
3
4
6
7
8
9
1.
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд. теңге
74,5
80
156
257,3
394,1
1.1
Шетелдік инвестициялардың көлемі
млрд. теңге
17,3
19
37
61
93,4
1.2
Отандық инвестициялардың көлемі
млрд. теңге
57,2
61
119
196,3
300,7
2.
Арнайы экономикалық аймағы аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру
көлемі
млрд. теңге
120,2
166,5
347
867,5
2071
3.
Өңір экономикасының шикізаттық емес секторына салынатын инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)
%
7
7
7
10
10
4.
Қатысушылар саны
компаниялар
20
25
25
28
30
5.
Арнайы экономикалық аймағы аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
500
1350
1670
1885
2000
6.
Арнайы экономикалық аймағы аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
65
65
70
70
70
7.
Арнайы экономикалық аймағы аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі өнім экспортының үлесі
%
20
30
40
50
50
8.
Еңбек өнімділігін арттыру
есе
1,6
1,7
1,9
2
2,5
_____________________________________
Басқа 4. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Алматы облысының Панфилов ауданының аумағында орналасқан.
АЭА Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне сәйкес шегі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА-ның аумағы 608,56 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. АЭА:
1) шекара маңында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
2) экспортқа бағдарланған салаларды дамыту;
3) кәсіпкерлік және инвестициялық ортаны жандандыру;
4) көлік инфрақұрылымын, туризмді және мәдени өзара іс-қимылды дамыту;
5) аумағында АЭА орналасқан Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Астана қаласында 2005 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісіммен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Тармақ 4
Тарау 2. 2. АЭА-ны басқару
2. АЭА-ны басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. АЭА-ның аумағында салық салу
3. АЭА-ның аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4. Кедендік реттеу
4. Кедендік реттеу
Тармақ 7
7. АЭА-ның аумағында кедендік реттеу Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 9
9. Еркiн кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргізу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрі бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.
Тармақ 10
10. АЭА-ның аумағында Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкін.
АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық пошта алмасу орындары құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін.
Тармақ 11
11. АЭА-ның аумағында еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мен өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырылуы және пайдалануы мүмкін.
Тармақ 12
12. АЭА аумағына әкелінген және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар кедендік баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс орналасқан тауарлар ретінде қаралады.
Тармақ 13
13. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендік декларациялауға, кедендік тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендік бақылау жүргізуге байланысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Қоршаған ортаны қорғау
5. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 14
14. АЭА қызметін жүзеге асыру өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделеді.
Тарау 6. 6. АЭА-ны тарату тәртібі мен мерзімдері
6. АЭА-ны тарату тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 15
15. АЭА құрылған мерзімі аяқталған соң таратылады.
АЭА уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен таратылады.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. АЭА-ның осы Ережемен реттелген қызметi Қазақстан Республикасының және Евразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 4.1
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы
халықаралық орталығы» арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша
Басқа 4.2. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Р/с №
Мақсаттары, міндеттері мен көрсеткіштері (атауы)
Өлшем бірлігі
Базалық кезең 2019 жыл
2021 жылға қарай қол жеткізу
2026 жылға қарай қол жеткізу
2031 жылға қарай қол жеткізу
2036 жылға қарай қол жеткізу
2041 жылға қарай қол жеткізу
нысаналы индикатор
нысаналы
индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд. теңге
55,5
196,1
316,1
436,1
490,1
520,1
1.1
Шетелдік инвестициялардың көлемі
млрд. теңге
15,4
124,8
220,8
316,8
360
384
1.2
Отандық инвестициялардың көлемі
млрд. теңге
40,1
71,3
95,3
119,3
130,1
136,1
2
АЭА аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі
млрд. теңге
-
-
46
66
75
80
3
Қызметтің қосымша түрін жүзеге асыратын адамдар саны
бірл.
0
4
7
10
15
17
4
Қатысушылар саны (компаниялар)
адам
33
40
70
90
100
110
5
АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
170
2 086
3 363
4 639
5 214
5 533
6
АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
-
-
14,5
14,5
14,5
14,5
7
Тауар тасымалының көлемі (экспорт, импорт, транзит)
мың тонна
39,4
45,5
67,8
78,3
90,2
100
____________________________________