О придании статуса памятников истории и культуры местного значения вновь сооруженным зданиям Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қайтадан тұрғызылған ғимараттарға жергiлiктi маңыздағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мәртебесiн беру туралы" "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi № 258-II-ҚРЗ Қазақстан Республикасы заңының 3 бабының 4 тармақшасына сәйкес II–шi сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Жаңадан тұрғызылған мына ғимараттарға жергiлiктi маңыздағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мәртебесi берiлсiн: - Қазақстан Республикасының бiрiншi Президентiнiң резиденциясы; - Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының Орталық мешiтi.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау қоғамдық келiсiм және рухани дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (А.Ж.Байсарина) және Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.