Об утверждении Правил выплаты за счет государства военнослужащим органов национальной безопасности Республики Казахстан денег за перевозку собственного имущества в пределах Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу қағидаларын бекіту туралы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 8-тармағының үшінші бөліміне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженің 15-тармағы 311) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақша төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2)осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде баспа мен электрондық түрінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми түрде жариялау және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етуін;
Тармақша 3
3) осы тармақта қарастырылған шаралар орындалғаннан кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне тармақтың 1), 2) тармақшалары бойынша орындалуы туралы ұсынуын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. А. Ділмановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 қе бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен ақша төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне (бұдан әрі – әскери қызметшілер) ақша төлеу қағидалары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу тәртібін айқындайды. Осы Қағидалар әскери қызметтен шығарылған адамдарға да (мерзімді әскери қызметтен, ҚР азаматтығын тоқтатуға байланысты, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сәйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен әскери қызметшілерге ақша төлеу тәртібі
2-тарау. Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін мемлекет есебінен әскери қызметшілерге ақша төлеу тәртібі
Тармақ 2
2. Жаңа қызмет орнына ауысу кезінде немесе басқа жергілікті жерде әскери есепке қою үшін ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге әскери қызметші және әскери қызметтен босатылған адам тасымалдау маршрутын көрсету арқылы еркін түрде баянат (өтініш) ұсынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Ішкі қызмет жарғысының 50-тармағына сәйкес баянат (өтініш) істер мен лауазымды қабылдаған не болмаса мекеме тізімінен шығарылған күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде мынадай лауазымды адамдардың атына ұсынылады:
Тармақша 1
1) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Төрағасына – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ведомстволарының бірінші басшылары, құрылымдық бөлімшелерінің және ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының бастықтары;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына – олардың қарамағындағы әскери қызметшілер және көрсетілген бөлімшелерде бұрын қызмет өткерген әскери қызметтен босатылған адамдар;
Тармақша 3
3) ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметшілері мен әскери қызметтен босатылған адамдар, ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының бастықтары;
Тармақша 4
4) ҰҚК мемлекеттік мекемелерінің бірінші басшыларына – олардың қарамағындағы әскери қызметшілер және көрсетілген бөлімшелерде бұрын әскери қызмет өткерген әскери қызметтен босатылған адамдар.
Тармақ 4
4. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге бұйрық жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бес күннен кешіктірмей баянатта (өтініште) көрсетілген мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады. Баянатта (өтініште) көрсетілген тасымалдау бағыты елді мекендердің нақты орналасуына сәйкес келмеген жағдайда, құрылымдық бөлімше өтініш берушіге оларды пысықтау үшін қайтарады. Өтініш беруші он күн ішінде құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш жасайды, бұл ретте баянат (өтініш) бастапқы тіркелген күні берілген болып есептеледі. Баянат (өтініш) негізінде құрылымдық бөлімше төлем мөлшерін белгілейді және ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеуге бұйрық жобасын дайындайды.
Тармақ 5
5. Құрылымдық бөлімше бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде автомобильдік жолдың әр 20 шақырымына төлем мөлшерін аңықтап және формула бойынша есептейді: мұнда: L - кету пунктінен белгіленген пунктке дейін километрмен автомобиль жолының ұзындығы; 20 км - тұрақты шама; 1 АЕК - тиісті қаржы жылына арналып бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшері.
Тармақ 6
6. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша төлеу туралы бұйрық тасымалдау маршруты, арақашықтық және төлемнің мөлшері көрсетіліп, әскери қызметші әскери қызметті өткеріп жатқан жүрген, ал әскери қызметтен босатылған адамға әскери қызметтен шығар алдында қызмет өткерген мемлекеттік мекеменің уәкілетті лауазымды адамы шығарады. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеу туралы бұйрық жарияланғаннан кейін құрылымдық бөлімше аталған бұйрықты немесе одан үзінді көшірмені қаржы бөлімшесіне төлемді жүзеге асыру үшін жолдайды.
Тармақ 7
7. Қаржы бөлімшесі ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін әскери қызметшіге ақша төлеуді:
Тармақша 1
1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттар болған кезде – ақшалай үлеспен бірге төлей отырып;
Тармақша 2
2) қаражаттар болмаған жағдайда – жеке қаржыландыру жоспарында тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. ҚР шегінде өз мүлкін тасымалдағаны үшін ақша төлеудің әскери қызметшіге немесе әскери қызметтен босатылған адамға тиістісі және оған төленбегені немесе аз мөлшерде төленгені Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 178-бабының 1-тармағында белгіленген жалпы талап қою мерзімінің шегінде төленуге жатады.