Об утверждении Правил подготовки по военно-техническим и иным специальностям Қолданыста
Басқа 0
Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы
тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы
№ 384 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14110 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________________Е. Сағадиев
2017 жылғы «__»________
Басқа 0. Әскери-техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша дайындық қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 12 шілдедегі
№ 350 бұйрығымен
бекітілген
Әскери-техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша дайындық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындаудың тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі – ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқытуды;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) патриотизм және Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі өз азаматтық және әскери борышын орындауға әзір болу рухында тәрбиелеуді;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілердің) әскери ұжымда тез бейімделуіне мүмкіндік беретін тәртіптілік, орындаушылық және ұйымшылдық, сондай-ақ қойылған міндеттің орындалуына жоғары жауаптылық қасиеттерін қалыптастыруды;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілердің) қару-жарақ пен техника құрылымы бойынша қажетті білім алуын, оларға қызмет көрсету, жөндеу және қолдану бойынша олардың әскерге шақырылғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде өзінің штаттық лауазымы бойынша міндеттерін орындауға қысқа мерзімдерде кірісуге мүмкіндік беретін практикалық дағдыларға ие болуын.
Тарау 2. 2-тарау. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды дайындау тәртібі
2-тарау. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды дайындау тәртібі
Тармақ 4
4. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеусіз негізде дайындыққа денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан бастап жиырма алты жасқа дейінгі жастағы оқу бітіргеннен кейін мерзімді қызметке әскерге шақырылуға немесе жұмылдыру резервіне қабылдануға жататын азаматтар тартылады. Іріктелген әскерге шақырылушылармен жергілікті әскери басқару органдарының (бұдан әрі – ЖӘБО) психоллогтарымен оларға психологиялық зерделеу жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Әскерге шақырылушыларды өтеусіз негізде дайындау ЖӘБО жолдамасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауды жоспарлауды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы жүзеге асырады.
Өтеусіз және өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау бағдарламасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 7
7. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша білім алуға жататын әскерге шақырылушылар аудандық (қалалық, облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссияларының хаттамалар кітабына осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидасының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша енгізіледі.
Тармақ 8
8. Өтеусіз негізде оқыту үшін іріктелген әскерге шақырылушыларды жіберу ЖӘБО бұйрықтарымен ресімделеді, оларда тізімдік құрам, оқыту мерзімдері, білім алуға жататын мамандықтар және әскерге шақырылушыларды белгіленген жерге дейін жол жүруде қажетті тамақтандырумен қамтамасыз ету көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Өтеусіз негізде білім алатын әскерге шақырылушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеусіз негізде білім алатын әскери-техникалық және өзге де мамандарды даярлаудың қозғалысын есепке алу журналында есепке алынуға тиіс.
Тармақ 10
10. Көлік құралын басқаруға байланысты мамандықтар бойынша даярлауға жіберілген әскерге шақырылушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 болып тіркелген) Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап-тексеруден өтеді.
Тармақ 11
11. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарын өтеусіз негізде білім алатын әскери-техникалық мамандармен уақтылы және сапалы жасақтау ЖӘБО жүктеледі.
Тармақ 12
12. Әскерге шақырылушыларды әскери-техникалық және өзге де мамандар бойынша сапалы оқыту үшін жауапкершілік ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының басшылары жүктеледі.
Тармақ 13
13. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқыту үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу оқу сабақтары басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей аяқталады. Іріктеу аяқталғаннан кейін ЖӘБО оларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным береді, сондай-ақ олардың негізгі жұмыс орнына хабарламаны жолдайды.
Тармақ 14
14. Әскерге шақырылушылар оқыту аяқталғаннан кейін жасақтаушы ЖӘБО өкілдерінің алып жүрулерімен тұрақты (уақытша) тіркелу және әскери есеп тұру орындары бойынша келеді.
Әскерге шақырылушыларды мамандандырылған ұйымның орналасқан жерінен тұрақты (уақытша) тіркелу және әскери есеп тұру орындарына дейін тасымалдау бойынша шығындар өтеусіз негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындау құнының калькуляциясына енгізіледі.
Тармақ 15
15. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша өтеусіз негізде білім алған әскерге шақырылушылар оқыту аяқталғаннан кейін әскери қызметке шақырылады немесе әскери міндеттілердің запасына есепке алынады.
Тарау 3. 3-тарау. Өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды
(әскери міндеттілерді) дайындау тәртібі
3-тарау. Өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды
(әскери міндеттілерді) дайындау тәртібі
Тармақ 16
16. Өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындыққа мыналар:
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды əскери міндеттілер;
денсаулық жағдайы бойынша əскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, соның ішінде əскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма төрт жастан жиырма жеті жасқа дейінгі əскерге шақырылушылар тартылады.
Тармақ 17
17. Өндірістен қол үздіріп өтеулі негізде даярлықтан өтетін әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) оқыту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Тармақ 18
18. Өтеулі негізде оқыту үшін іріктелген әскерге шақырылушыларды (әскери міндеттілерді) жіберу әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындау үшін әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) жиынтық тізімі бойынша осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Өтеулі негізде білім алатын әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) оқу үшін төлемді олардың ақша қаражатын ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының есептік шотына аудару жолымен жүргізеді.
Тармақ 20
20. Әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) берілген далалық киім-кешек және басқа да мүліктік зат оқыту аяқталғаннан кейін мүлік қапшығына (сөмкесіне) салынады, мөрленеді және оның жауапкершілігіне беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Оқу-материалдық база, әскери-техникалық және
өзге де мамандықтар бойынша дайындау тәртібі
4-тарау. Оқу-материалдық база, әскери-техникалық және
өзге де мамандықтар бойынша дайындау тәртібі
Тармақ 21
21. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқытуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі - ҚР ҚМ) мамандандырылған ұйымдарына қажетті қару-жарақты, әскери техника мен әскери-техникалық мүлікті уақытша пайдалануға береді.
Тармақ 22
22. Әскери-техникалық мамандарды даярлау үшін жедел басқаруға берілетін автомобильдердің, шынжыр табанды тартқыштардың, броньды транспортерлердің, автомобиль крандарының, агрегаттардың, аппаратураның және басқа да техника мен мүліктің маркасы мен саны штатқа табельдермен айқындалады.
Тармақ 23
23. Жүргізуге және оқу процесін қамтамасыз етуге арналған автомобильдер, шынжыр табанды тартқыштар мен арнайы машиналар әскери нөмірлік, тану және айырым белгілерімен белгіленеді.
Тармақ 24
24. Қару-жарақ, техника мен мүлік қажетті техникалық құжаттамасымен бірге жұмыс істейтін, толық жиынтықталған күйде беріледі.
Тармақ 25
25. Тасымалдау төлемі бекітілген әскери бөлімдер мен мекемелер арқылы әскери тасымалдауларға ҚР ҚМ шығыстары ерекшелігі бойынша осы мақсаттар үшін бөлінетін ақшалай қаражат есебінен жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Қару-жарақты, техника мен мүлікті базалардан, жабдықталым органдарының қоймаларынан және әскери бөлімдерден (жөндеу зауыттарынан, шеберханалардан) жөнелту оларды ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының өкілдері қабылдап алғаннан кейін жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда ҚР ҚМ жабдықталым органдары бастықтарының нұсқауы бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарының оқу кабинеттеріне (сыныптарына), зертханалары мен парктеріне қару-жарақты, техника мен мүлікті орнату (құрастыру) үшін мамандар бөлінеді.
Тармақ 27
27. Қару-жарақты, әскери техника мен әскери мүлікті пайдалану Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Қару-жарақты, техника мен мүлікті пайдалану мен жөндеуді ұйымдастыру машиналарды пайдалану мен жөндеудің жылдық және айлық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады, оларға басшының орынбасары қол қояды және ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшысы бекітеді.
Тармақ 29
29. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарында қару-жарақты, техника мен мүлікті пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету бойынша жоспар осы жұмыс учаскесі үшін жауапты лауазымды адамдармен әзірленеді.
Тармақ 30
30. Сәулеленуі бар радиоэлектрондық құралдарда (барлық мақсаттағы) жұмыс істеу Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекіткен жиіліктерде шақыру белгілері мен бағыттар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Өтеулі негізде даярлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 870 Жарлығымен бекітілген Әскери ант қабылдау тәртібі туралы ережеге сәйкес әскери ант қабылдайды.
Тармақ 32
32. ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары бөлімдердің тиісті командирлерімен және мекемелер бастықтарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен мекемелерінің далалық оқу-жаттығу базасын пайдаланады.
Тарау 5. 5-тарау. Бітіру емтихандарын ұйымдастыру тәртібі
5-тарау. Бітіру емтихандарын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 33
33. Оқуды аяқтағаннан кейін әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің) даярлық сапасын тексеру үшін бітіру емтихандары өткізіледі. Емтихандарды тапсыруға оқытудың толық курсынан өткен, оқыту бағдарламасымен көзделген барлық пәндер бойынша оң бағалар мен сынақтар алған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) жіберіледі.
Тармақ 34
34. Бітіру емтихандарына дайындалуға және тапсыруға оқу уақыты әскери-техникалық және өзге де мамандарды даярлау бағдарламасымен және ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшысы бекітетін оқу жоспарларымен айқындалады.
Тармақ 35
35. Бітіру емтихандарын қабылдау үшін емтихан комиссиялары құрылады. Емтихандық комиссия төрағасы болып бекітілген әскери бөлімнің немесе мекеменің өкілі тағайындалады.
Комиссия құрамына ЖӘБО өкілдері, гарнизонның әскери жол полициясының, ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымының басшылығы енгізіледі.
Бітіру емтиханы комиссиясының дербес құрамы және оның жұмыс істеу мерзімдері ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия жұмысының жоспарын және тәртібін емтихандық комиссиясының төрағасы бекітеді.
Тармақ 36
36. Емтихан комиссиясы жұмысының қорытындылары осы Қағидаларға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен (әрбір мамандық бойынша) ресімделеді, онда емтихандар нәтижелері, сондай-ақ әскери-техникалық және өзге де мамандарды даярлауды ұйымдастырудағы кемшіліктер, оларды жақсарту жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі. Актіні ЖӘБО келіседі және ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасының басшысы бекітеді.
Бітіру емтихандарының қорытындылары бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасы басшысының бұйрығы шығарылады.
Тармақ 37
37. Оқу бітіру емтиханын табысты тапсырған, өтеулі негізде оқыған әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында оқуды бітіргені туралы сертификат (бұдан әрі – оқуды бітіргені туралы сертификат) беріледі.
Тармақ 38
38. Бітіру емтихандарын табысты тапсырған өтеусіз негізде білім алған әскерге шақырылушыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін бітіргені туралы куәлік және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті мамандықтар бойынша ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басшысының қолтаңбасымен және мөрлерімен куәландырылған көлік құралдарын жүргізу құқығына куәлік беріледі.
Тармақ 39
39. Оқу бітіру емтиханында «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған әскерге шақырылушыларға (әскери міндеттілерге) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебін бітіргені туралы куәлік не оқуды бітіргені туралы сертификат берілмейді.
Тармақ 40
40. Бітіру емтихандарын тапсыруға оқу бағдарламасымен көзделген барлық пәндер бойынша оң бағалар және сынақтар алған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) жіберіледі.
Тармақ 41
41. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған, сондай-ақ науқастануына немесе отбасы жағдайларына байланысты кесте бойынша бітіру емтихандарын тапсыруға қатыспаған өтеулі және өтеусіз негізде білім алған әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер) ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымы басқармасы басшысының бұйрығымен бекітілген күні емтихандарды қайта тапсыруға жіберіледі.
Тармақ 42
42. Көлік құралдарын басқарумен байланысты мамандықтар бойынша дайындықтан өткен әскерге шақырылушылар (әскери міндеттілер), сондай-ақ, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес емтихандар тапсырады.
Тармақ 43
43. Әскери-есептік мамандықты оқуды бітіргені туралы сертификатқа және алынған мамандыққа сәйкес ЖӘБО айқындайды.
Тармақ 44
44. Азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындау процесінің тәртібі Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады және қамтамасыз етіледі.
Басқа 0-1. Өтеусіз негізде оқитындардың әскери-техникалық және
өзге де мамандарды даярлау қозғалысын есепке алу журналы
Әскери-техникалық және өзге
де мамандықтар бойынша
даярлау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өтеусіз негізде оқитындардың әскери-техникалық және
өзге де мамандарды даярлау қозғалысын есепке алу журналы
№
р/с
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туған күні
Мамандық
Оқу кезеңі
Жергілікті әскери басқару органының атауы
Әскерге шақырылған күні және әскери бөлім (немесе басқа шешім қабылданды)
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
2
3
...
Басқа 2. №_______ нұсқама
Әскери-техникалық және өзге
де мамандықтар бойынша
дайындық қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің
бұрыштық мөртаңбасы
№_______ нұсқама
Әскерге шақырылушы______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________ қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының шешіміне сәйкес Сіз 20__жылғы «___» _________ ________________________ _____________ әскери-техникалық мамандығы бойынша даярлықтан өту үшін ________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан ___________________________________________ қабылдандыңыз.
(Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімамандандырылған ұйымының атауы көрсетілсін)
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы негізінде Сіз 20___жылғы «____» ________ сағат «___» сабаққа келуіңіз қажет.
Сабаққа қатысу міндетті болып табылады.
Сабақ _________________________________________________өткізілетін болады.
(әскерге шақыруды кейінге қалдырумен, сабақтың күндері
мен сағаты көрсетілсін, күндізгі немесе кешкі уақытта)
Басқа 0-3. Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша
дайындау үшін әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің)
жиынтық тізімі
Әскери-техникалық және өзге
де мамандықтар бойынша
даярлау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша
дайындау үшін әскерге шақырылушылардың (әскери міндеттілердің)
жиынтық тізімі
________________________________________________________________________________
(жергілікті әскери басқару органының атауы)
________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының атауы)
жасақтау үшін № _________________________ оқу взводына
Мамандығы бойынша _______________________________________________________
Оқудың басталуы _________________________________________________________
Оқудың аяқталуы _________________________________________________________
Р/с №
Тегі, аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туылған жылы, айы
Білімі
Жұмыс орны, мамандығы
Тұрақты (уақытша) тіркеу орны бойынша үй мекен-жайы
Оқу взводы ______ адам құрамында 20____ жылғы «___» _________________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымын
жасақтауға жауапты __________________________________________________
(жергілікті әскери басқару органының атауы)
өкілі _______________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
қатысуымен
Қабылдады: өкіл _____________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған
ұйымының атауы, қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
Ескертпе: Жиынтық тізім алфавит бойынша құрылады.
Басқа 0-4. №___ акт
Әскери-техникалық және өзге
де мамандықтар бойынша
даярлау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
«Келісілді»
Бастығы ___________________________________
_________________________________________
(жергілікті әскери басқару
органның атауы) ______________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
20__жылғы «____»______________
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымы басқармасының басшысы
_____________________________
(қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
20__жылғы «___»_____________
№___ акт
20___жылғы «__»__________№_____________бұйрығымен тағайындалған мынадай құрамдағы емтихан комиссиясы: төрағасы __________________________ комиссия мүшелері _______________________________________, _______________________________________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымының әскерге шақырылушыларынан __________________________________________мамандығы бойынша бітіру емтихандарын қабылдауды жүргізді.
Р/с №
Тегі, аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Емтихан нәтижелері, бағалар,
оқу пәндерінің атауы
Жалпы баға
Жүргізуші куәлігі
Мектепті бітіргені туралы куәлік (сертификат)
Алғаны туралы қол қою
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Барлық білім алған ____адам.
Емтиханға жіберілген ____адам.____%
Емтихан тапсырған ____адам.____%
олардың ішінде: өте жақсы ____адам.____%
жақсы ____адам.____%
қанағаттанарлық ____адам.____%
қанағаттанарлықсыз ____адам.____%
орташа балл _________
Ескертпе ______________________________________________________
Ұсыныстар _____________________________________________________
Комиссия төрағасы: ___________________
Комиссия мүшелері: 1.___________________
2.___________________
М.О. Актімен таныстым:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
мамандандырылған ұйымының басшысы
_____________________________________________
қолы тегі және аты-жөнінің бас әріптері
«Келісілді»
Бастығы __________________________________________
_____________________________________________
(жергілікті әскери басқару
органның атауы) ____________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бас әріптері)
20__жылғы «____»______________
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымы басқармасының басшысы
_____________________________
(қолы, тегі, аты-жөнінің бас әріптері)
20__жылғы «___»_____________
№___ акт
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымы басқармасы басшысының 20___жылғы «__»__________№_____________бұйрығымен тағайындалған мынадай құрамдағы емтихан комиссиясы: төрағасы _______________________________________ комиссия мүшелері __________________________________________________, ___________________________ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында ________ ______________________ мамандығы бойынша оқытылған ________взводының әскерге шақырушыларынан (әскери міндеттілерінен) 20___жылғы «__»__________бітіру емтихандарын қабылдауды жүргізді
Р/с
№
Тегі, аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Емтихан нәтижелері
Жалпы баға
(орташа)
Мектепті бітіргені туралы куәлік (сертификат)
Алғаны туралы қол қою
Бағалар
Оқу пәнінің атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Барлық білім алған ____адам.
Емтиханға жіберілген ____адам.____%
Емтихан тапсырған ____адам.____%
олардың ішінде: өте жақсы ____адам.____%
жақсы ____адам.____%
қанағаттанарлық ____адам.____%
қанағаттанарлықсыз ____адам.____%
орташа балл _________
Ескертулер ____________________________________________________
Ұсыныстар _____________________________________________________
Комиссия төрағасы: ___________________
Комиссия мүшелері: 1.___________________
2.___________________
М.О. Актімен таныстым:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
мамандандырылған ұйымының басшысы
_____________________________________________
қолы тегі және аты-жөнінің бас әріптері
Басқа 0-5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған ұйымында оқуды бітіргені туралы
сертификат
Әскери-техникалық және өзге де
мамандықтар бойынша дайындық
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
мамандандырылған ұйымында оқуды бітіргені туралы
сертификат
Басқа 0-6
Әскери-техникалық және өзге
де мамандықтар бойынша
даярлау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Басқа 0-7
Әскери-техникалық және өзге
де мамандықтар бойынша
даярлау қағидаларына
7-қосымша
Нысан