Об утверждении Методики оценки объемов незаконной деятельности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесін бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемеcі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ______________ Е. Біртанов 2017 жылғы 14 қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы 18 қыркүйек
Басқа 0. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 125 бұйрығымен бекітілді Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Тармақ 2
2. Осы ӘдістеменіҚазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро)халықаралық стандарттарға сәйкес заңсыз қызмет көлемдерін бағалауда және Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мақсаттарыүшін қолданады.
Тармақ 3
3. Осы Әдістеменің мақсаты заңсыз қызмет түрлерінің экономика салаларына әсерін бағалау, яғни олардың Жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосқан үлесін анықтау болып табылады.
Тармақ 4
4. Әдіснамалық негіз ретінде Халықаралық Валюта Қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропалық қоғамдастықтардың Статистикалық бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және Дүниежүзілік Банк дайындаған 2008 жылғы ҰШЖпайдаланылған.
Тармақ 5
5. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аралық тұтыну– есепті кезеңде өндіріс процесінде толық тұтынылатын немесе өзгеретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құны;
Тармақша 2
2) жалпы қосылған құн (бұдан әрі – ЖҚҚ) – өндірістік қызметтің соңғы нәтижесін сипаттайды және берілген өндірістік процестегі өңдеумен қосылған құндылықты білдіреді. Салалар деңгейінде өнімніңшығарылымы және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде есептеп шығарылады, өндіріс процесінде тұтынылатын негізгі капиталдың құнын қамтиды;
Тармақша 3
3) жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) – елдің экономикалық қызметінің соңғы нәтижесін сипаттайтын ұлттық шоттар жүйесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі;
Тармақша 4
4) институционалды бірлік – өз атынан активтерді иеленуге, міндеттемелерді қабылдауға, экономикалық қызметке қатысуға және басқа бірліктермен операцияларға кіруге әрекет ете алатын экономикалық бірлік;
Тармақша 5
5) ҰШЖ –елдің экономикалық қызмет нәтижелерін сипаттайтын шоттар мен кестелердің айқындалған жинағы түрінде құрылған статистикалық көрсеткіштердің жүйесін білдіреді.
Тармақ 6
6. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау кезіндегі ақпараттық қор:
Тармақша 1
1) ресми статистикалық ақпарат;
Тармақша 2
2) әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректері болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. 2008 жылғы ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес заңсыз қызмет көлемдерін бағалауға арналған әдіснамалық тәсіл
2-тарау. 2008 жылғы ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес заңсыз қызмет көлемдерін бағалауға арналған әдіснамалық тәсіл
Тармақ 7
7. Бақыланбайтын қызмет түрлері Ұлттық шоттарды құру кезінде пайдаланылатын негізгі дереккөздерден ақпаратты жинау кезінде қамтылмайтын өндірістік қызмет түрлерін қамтиды.
Тармақ 8
8. Бақыланбайтын қызмет түрлері мынадай топтарға бөлінеді: жасырын (көлеңкелі), заңсыз, формальды емес.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі не өндірушілер тиісті лицензиялардың болуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларда мұндай лицензиясыз (рұқсатсыз) жүзеге асыруы заңсыз қызметке жатады.
Тармақ 10
10. Қызмет түрлерін заңсыз қызметке жатқызу өлшемшарттары:
Тармақша 1
1) ҰШЖ шекаралары қамтитын өндірістік қызмет белгілеріне сәйкестігі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, қызмет түрін жүзеге асыру фактісі (оның ішінде лицензияның болмауы, белгіленген тәртіптен тыс тіркеу немесе осы қызмет түрін жүзеге асыруға тікелей тыйым салу) болып табылады.
Тармақ 11
11. Заңсыз әрекет мынадай екі санат бойынша жіктеледі:
Тармақша 1
1) сатылуы немесе иелік етуі Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынған тауарлар мен қызметтерді өндіру, өткізу немесе жылжыту;
Тармақша 2
2) Тиісті лицензиясы(рұқсаты) жоқ немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелмеген өндірушілердің тауарлар мен қызметтерді өндіру, өткізу немесе жылжыту.
Тарау 3. 3-тарау. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау
3-тарау. Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау
Тармақ 1. 1-параграф.Сатылуына немесе иелік етуіне Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынған тауарларды өндіру мен тарату көрсеткіштерін есептеу
1-параграф.Сатылуына немесе иелік етуіне Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынған тауарларды өндіру мен тарату көрсеткіштерін есептеу
Тармақ 12
12. Осы Әдістемеде Қазақстан Республикасының заңнамасында сатылуына немесе иелік етуіне тыйым салынған тауарларды және көрсетілетін қызметтерді өндірудің келесі түрлері қарастырылған: есірткі бизнесі (героинді, каннабиноидтерді апиынды, синтетикалық есірткілерді өндіру және тарату); бағалы металдардың заңсыз айналымы; қаруды жасау, сатып алу, беру, өткізу, сақтау; жезөкшелік; заңсыз ойын бизнесі.
Тармақ 13
13. Есірткімен байланысты заңсыз қызмет ел ішінде есірткіні өндіруді, экспорт пен импортты, сондай-ақ оларды тұтынушыларға жеткізу мен сату бойынша қызметті қамтиды.
Тармақ 14
14. Героинді тұтыну көлемін есептеу: , (1) мұндағы: C – героиннің жалпы көлемі (тәркіленген және тұтынылған) (грамм); A – бір жыл ішінде тәркіленген есірткі құралдары туралы мәліметтер; N – есірткіге тәуелділер саны (адам); D – есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда орташа тұтынатын есірткі саны(грамм). Бұдан әрі елдегі импорт көлемі бағаланады: , (2) мұндағы: I – импорт (грамм); C – героиннің жалпы көлемі(грамм); Prg – героиннің көшедегі құнарлылығы; Pwg – героиннің көтерме саудадағы құнарлылығы. ЖІӨ-мен салыстырылатын, негізгі нәтиже беретін көрсеткіш ЖҚҚ болып табылады: , (3) мұндағы: – ЖҚҚ (миллионтеңге); – ішкі өндіріс (миллион теңге); – сауда үстеме бағасы (миллионтеңге); IC – аралық тұтыну (миллион теңге). Есірткі саудасында аралық тұтыну көп емес және сауда үстеме бағасынан 10% болып бағаланды. Сауда үстеме бағасын анықтау үшін есірткіні тұтыну мен импортын құндық мәнде қайта есептеу жүргізіледі. Есірткі импорты көтерме бағамен, тұтыну бөлшек бағамен бағаланады. , (4) мұндағы: ТМ – сауда үстеме бағасы (теңге); С – тұтыну (грамм); Pr– бөлшек баға теңге Pw – көтерме баға теңге
Тармақ 15
15. Каннабиноидтердің шығарылымының есеп-қисабы каннабиноидтерді ішкі тұтыну ішкі өндіріс есебінен қанағаттандырылады деген шартпен қалыптастырылады. , (5) мұндағы: – марихуана менанашаның ішкі өндірісі (теңге); A – бір жыл ішінде тәркіленген есірткі құралдары туралы мәліметтер; N – есірткіге тәуелділер саны (адам); D – есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда орташа тұтынатын есірткісаны (грамм); – марихуана мен анашаның көтерме бағасы (граммға теңге). , (6) мұндағы: – ЖҚҚ (миллионтеңге); – ішкі өндіріс (миллионтеңге); – сауда үстеме бағасы (миллионтеңге); – аралық тұтыну (миллионтеңге). , (7) мұндағы: – сауда үстеме бағасы(теңге); C – тұтыну (граммға теңге); – бөлшек баға (граммға теңге); – көтерме баға (граммға теңге).
Тармақ 16
16. Апиынның шығарылымының есеп-қисабы тұтынылатын есірткі көлемі толықтай импортталады деген шартпен қалыптастырылады. , (8) мұндағы: I – апиын импорты (теңге); A – бір жыл ішінде тәркіленген есірткі құралдары туралы мәліметтер; N – есірткігетәуелділер саны (адам); D – есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда орташа тұтынатын есірткі саны (грамм); – көтерме баға (граммға теңге). ЖҚҚ мен сауда үстеме бағасын анықтау тәсілі ұқсас, есірткінің басқа түрлеріндегідей. , (9) мұндағы: – ЖҚҚ (миллионтеңге); – сауда үстеме бағасы (миллионтеңге); – аралық тұтыну(миллионтеңге). , (10) мұндағы: – сауда үстеме бағасы (миллионтеңге); I – импорт (грамм); – бөлшек баға (граммға теңге); – көтерме баға (граммға теңге).
Тармақ 17
17. Синтетикалық есірткінің шығарылымының есеп-қисабы синтетикалық есірткіні барлық ішкі тұтыну ішкі өндіріс есебінен қанағаттандырылады деген шартпен қалыптастырылады. , (11) мұндағы: – синтетикалық есірткінің ішкі өндірісі(теңге); А – бір жыл ішінде тәркіленген есірткі құралдары туралы мәліметтер; N – есірткіге тәуелділер саны (адам); D – есірткіге тәуелді бір адамның бір жылда орташа тұтынатын есірткі саны (грамм); – синтетикалық есірткінің орташа бағасы (граммға теңге). , (12) мұндағы: – ЖҚҚ (миллион теңге); – ішкі өндіріс (миллион теңге); – аралық тұтыну (миллион теңге). Барлық есірткі тауарларын өндіруді есептеу осы Әдістемеде 1-қосымшада келтірген.
Тармақ 18
18. Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы. Шығарылым ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы (бұдан әрі - ҚР ҚК) «Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы» бойынша қалыптастырылатын келтірілген залал сомасы бойынша деректер пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Негізгі асыл және түсті металдарды өндіру» қызметінің түрі бойынша аралық тұтынудың үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымын есептеу осы Әдістемеде 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 19
19. Қаруды заңсыз жасау, сатып алу, беру, өткізу, сақтау. Шығарылым ретінде ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және 288-бабы «Қаруды заңсыз жасау» бойынша қалыптастырылатын келтірілген залал сомасы бойынша деректер пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру» қызмет түрі бойынша аралық тұтыну үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Қаруды заңсыз жасауды, иемденуді, беруді, өткізуді, сақтауды есептеу осы Әдістемеде 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 20
20. Жезөкшелікпен байланысты заңсыз қызмет: жалпы шығарылым, аралық тұтыну, ЖҚҚ көрсеткіштері негізінде есептеледі. Әр түрлі өңірлер арасындағы осы қызмет түріне бағалардың айырмашылығына байланысты есептеулер әр өңір үшін жеке жүргізіледі және жалпы республика бойынша жинақталады. Жезөкшелік қызметтерінің шығарылымын айқындаудың негізгі тәсілі оны жұмыскерлер саны және олардың орташа жалақысы туралы деректер негізінде ұсыныс (ресурстар) тарапынан айқындау болып табылады. Жезөкшелік қызметтерінің шығарылымы келесі формула бойынша есептеледі: , (13) мұндағы: – Жезөкшелік қызметтерінің шығарылымы (теңге); – жұмыскерлер саны (адам); – көрсетілетін қызметтің орташа баға (теңге); – бір жылдағы жолығулар саны (бірлік). Есеп-қисапта тіркелген және есепте тұрған жұмыскерлер туралы ресми деректер және осы қызмет түрінде анағұрлым ықтималдықпен айналысатын адамдар санының латенттік коэффициенті пайдаланылады. Жезөкшелік қызметінің аралық тұтынуға:
Тармақша 1
1) клиенттерге қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын жалданатын пәтерді жалдау ақысы;
Тармақша 2
2) интим-салондарды, сауналарды, массаж салондарын ұстаушылар төлейтін үй-жайды жалдау ақысы;
Тармақша 3
3) киімге, косметикаға, контрацептивтерге және арнайы жабдықтарға жұмсалатын шығыстар;
Тармақша 4
4) көлікке, жабдықтарға және жарнамаға шығыстар (сайттарды жүргізу) жатқызылады. Аралық тұтыну үлесі көрсетілетін қызметтің осы түрі бойынша шығарылымнан 30% деп бағаланған. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Жезөкшелік қызметін есептеу осы Әдістемеде 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 21
21. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру. Шығарылым ретінде ҚР ҚК-нің «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» 307-бабы бойынша қалыптастырылатын келтірілген залал сомасы пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Өнер, ойын-сауық және демалыс» қызметі бойынша аралық тұтыну үлесі қолданылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру есеп-қисабы осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
Тармақ 2. 2-параграф. Лицензиясы (рұқсаттары) жоқ немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелмеген өндірушілердіңтауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көрсеткіштерін есептеу
2-параграф. Лицензиясы (рұқсаттары) жоқ немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тіркелмеген өндірушілердіңтауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру көрсеткіштерін есептеу
Тармақ 22
22. Осы Әдістемеде тиісті лицензиясы (рұқсаттары) жоқ немесе белгіленген тәртіпте тіркелмеген өндірушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірудің келесі түрлері қарастырылған: браконьерлік; заңсыз алкоголь өнімдерін өндіру; заңсыз темекі өнімдерін өндіру; мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарынсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу; жер қойнауын өз бетінше пайдалану; шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелерін өндіру; контрабанда; порнография және веб-модельдер қызметтерін көрсететін делдалдардың заңсыз қызметі.
Тармақ 23
23. Браконьерлік.Осы қызмет түрі:
Тармақша 1
1) заңсыз ағаш кесу;
Тармақша 2
2) заңсыз аң аулау;
Тармақша 3
3) балықты заңсыз аулау ішкі түрлері бойынша бөлінген. Алып қойылған өнім (ағаш, жануарлар ұшалары) туралы деректер негізінде нарықтық бағаларды ескере отырып, заңсыз ағаш кесу және аң аулау бойынша шығарылым анықталады. , (14) мұндағы: C – шығарылым (теңге); – тәркіленген өнім көлемі (м3 немесе дана); – орташа баға (1 м3 немесе данаға теңге). Аралық тұтыну үлесі ретінде тиісті саланың заңды өндірісіндегі аралық тұтыну деректері пайдаланылады. ЖҚҚ шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Балықты заңсыз аулауды бағалау өндіріс, экспорт, импорт және елде балықты тұтыну туралы деректер негізінде жүргізіледі. Бір жағынан тұтыну (пайдалану) және екінші жағынан ел ішіндегі өндіріс пен экспорт сальдосының (ресурстар) арақатынасы арқылы балықты заңсыз аулау туралы деректер есептеледі. Қаралып отырған өнімге «Тірі балық», «Балық сүбесi мен балықтың өзге де етiн қоспағанда, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық», «Балық сүбесi мен өзге де балық етiн қоспағанда, мұздатылған балық», «Балықтың сүбесi және жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балықтың өзге де етi (тураманы қоса алғанда)», «Кептiрiлген, тұздалған немесе тұздық судағы балық; ыстықтай немесе суықтай ысталған балық; тамаққа пайдалануға жарамды ұсақ немесе ipi тартылған балық ұны және түйiршiктерi» тауарлық позициялар жатады. Өндірісті анықтау кезінде «Жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық» позициясы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндіру туралы деректер пайдаланылады. Балықты заңсыз аулаудың көлемін есептеу кезінде балық өнімдерін заңды өндірудің көлемі анықталады: , (15) мұндағы: – елдегі балық өнімінің заңды өндірісі (мың тонна); – ішкі өндіріс (мың тонна); I – импорт (мың тонна); E – экспорт (мың тонна); C – балық аулау (мың тонна). Елдегі балық өнімдерін жалпы тұтыну халықтың жан басына шаққанда балықты тұтыну туралыдеректер негізінде анықталады. , (16) мұндағы: – балықты заңсызаулау (мың тонна); – елде балықты жалпы тұтыну (мың тонна); – елдегі балық өнімінің заңды өндірісі(мың тонна). Балықты заңсыз аулауды өңірлер бойынша бөлу кезінде үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесінде алынған балықты тұтыну құрылымы пайдаланылады. Балықты заңсыз аулауды құндық мәнде бағалау кезінде балық құнының сараптамалық бағасы пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Балық аулау және аквадақыл» қызмет түрі бойынша аралық тұтынудың үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады.Браконьерлік түрлері бойынша есеп-қисабы осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.
Тармақ 24
24. Заңсыз алкоголь өнімдерін өндіру.Алкогольді өнімдердің заңсыз өндірісін бағалау өндіріс, экспорт, импорт және елде алкоголь өнімдерін тұтыну туралы деректер негізінде жүргізіледі. Бір жағынан тұтыну (пайдалану) және екінші жағынан ел ішіндегі өндіріс пен экспорт сальдосының (ресурстар) арақатынасы арқылы алкогольдік өнімнің заңсыз өндірісі туралы деректер есептеледі. Алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісін бағалау кезінде келесі тауарлық ұстанымдар қарастырылады: «Виски», «Ром мен тафия», «Джин мен арша тұнбасы», «Өзге де спирттік ішімдіктер» тауарлық кодтары. Алкоголь өнімдерінің нақты көлемі құрамында 40% спирті бар алкогольге ауыстырылады. Алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісінің көлемін есептеу кезінде алкоголь өнімдерін заңды өндірудің көлемі анықталады: , (17) мұндағы: – елдегі алкоголь өнімдерініңзаңды өндірісі (мыңлитр); – ішкі өндіріс (мыңлитр); I – импорт (мыңлитр); E – экспорт (мыңлитр). , (18) мұндағы: – заңсыз өндіріс (мың литр); – жалпы тұтыну (мың литр); – заңды өндіріс (мың литр). Өңірлер бойынша алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісін бөлу кезінде үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижесінде алынған алкогольге үй шаруашылықтарының шығыстар құрылымы пайдаланылады. Құндық мәнде алкоголь өнімдерінің заңсыз өндірісі өңірлер бөлінісінде нарықтық бағадан төмен арақ бағасында бағаланады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Сусындар өндірісі» қызметінің түрі бойынша аралық тұтынудың үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым және аралық тұтынудың арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады. Заңсыз алкоголь өнімдерін өндіруді есептеу осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.
Тармақ 25
25. Заңсыз темекі өнімдерінің өндіру. Заңсыз темекі өнімдерін өндіруді бағалау елдегі темекі өнімдерінің өндірісі, экспорты, импорты және тұтынуы туралы деректер негізінде жүргізіледі. Темекі өнімдерінің заңсыз өндірісін есептеу үшін заңсыз темекі өнімдерінің анықталған көлемінің коэффициенті пайдаланылады (3 жылдағы орташа мән). , (19) мұндағы: – темекі өнімдерінің заңсыз айналымы (миллион теңге); C – тұтыну (миллион дана); K – темекі өнімдерінің анықталған көлемінің коэффициенті (%); P – бір қораптың орташа бағасы (теңге). Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Темекі өнімдерін өндіру» қызмет түрі бойынша аралық тұтыну үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Заңсыз темекі өнімдерін өндіру көрсеткіштерін есептеу осы Әдістемеде 2-қосымшада келтірілген.
Тармақ 26
26. Мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу. Шығарылым ретінде ҚР ҚК-нің 197-бабы «Мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу» бойынша қалыптастырылатын келтірілген залал сомасы пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Құбыр көлігінің қызметі» қызметі бойынша аралық тұтыну үлесі қолданылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Мұнай және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеуді есептеу осы Әдістемеде 2-қосымшада келтірілген.
Тармақ 27
27. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану. Шығарылым ретінде ҚР ҚК-нің334-бабы «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша қалыптастырылатын келтірілген залал сомасы пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Металл кендерін өндіру» қызметі бойынша аралық тұтыну үлесі пайдаланылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Жер қойнауын өз бетінше пайдаланубойынша есептеу осы Әдістемеде 2-қосымшада келтірілген.
Тармақ 28
28. Шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелерін өндіру. ҰШЖ-да авторлық құқықтармен қорғалған материалдарды бұдан әрі сату мақсатымен заңсыз көшіру көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып қойылған контрафактілік өнімнің құны шығарылым болып табылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Ақпарат және байланыс» саласы бойынша заңсыз өндірістен аралық тұтынудың үлесі қолданылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Алып қойылған жасанды тауарлар мен шығармашылық түпнұсқалардың авторландырылмаған көшірмелерін есептеу осы Әдістемеде 3-қосымшада келтірілген.
Тармақ 29
29. Контрабанда. Алып қойылған тауарлардың сомасы бойынша деректер шығарылым ретінде пайдаланылады. Контрабандалық тауарлар саудасының аралық тұтынуы шығарылымнан үлес ретінде бағаланады, ал ЖҚҚ сәйкес шамасы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Контрабанданың аралық тұтынуын есептеу кезінде «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» саласынан аралық тұтынудың үлесі қолданылады. Алып қойылған жасанды тауарлар мен алып қойылған контрабанданың көрсеткіштерін есептеу осы Әдістемеде 3-қосымшада келтірілген.
Тармақ 30
30. Порнография және веб-модельдер қызметтерін көрсету кезінде делдалдардың заңсыз қызметі. Порнография және веб-модельдер қызметтерін шығарылым ретінде ҚР ҚК-нің 311-бабы «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» және 312-бабы «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерi бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық iс-шараларына қатысу үшiн тарту» бойынша қалыптастырылатын келтірілген залал сомасы пайдаланылады. Аралық тұтынуды есептеу кезінде «Кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазбалар және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет» қызметі бойынша аралық тұтыну үлесі қолданылады. ЖҚҚ жалпы шығарылым мен аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. Порнография және веб-модельдер қызметтерін көрсету кезінде делдалдардың заңсыз қызметі бойыншаесептеу осы Әдістемеде 3-қосымшада келтірілген.
Басқа 1
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесіне 1-қосымша 1) Героин Ге­ро­ин Тәр­кі­лен­ген есірт­кі құ­рал­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Есірт­кі­ге тәу­ел­ді адам­дар са­ны Мөл­ше­рі Есірт­кі­ге тәу­ел­ді бір адам­ның бір жыл­да есірт­кі құ­рал­да­рын ор­та­ша тұ­ты­ну са­ны Тұ­ты­ну Кө­ше­де­гі құ­нар­лы­лық Кө­тер­ме са­уда­да­ғы құ­нар­лы­лық Кө­тер­ме са­уда ба­ға­сы Бөл­шек са­уда ба­ға­сы грамм адам грамм грамм грамм % % тең­ге тең­ге 1 2 3=2*1,4% 4=183 күн×3 5=1+2×4 6 7 8 9 жалғасы Ге­ро­ин Им­порт кө­ле­мі Іш­кі өн­ді­ріс кө­ле­мі Им­порт Іш­кі өн­ді­ріс Са­уда үсте­ме ба­ға­сы Түп­кі­лік­ті тұ­ты­ну Ара­лық тұ­ты­ну­ға кет­кен шы­ғы­стар ЖҚҚ грамм грамм мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 10=5×(6/7) 11=5-10 12=10×8/1000000 13=11*8/1000000 14=5×(9-8)/ 1000000 15=5×9/1000000 16=15×0,1 17=13+14-16 2) Каннабиноидтер (гашиш, марихуана) Кан­на­би­но­ид­тер (га­шиш, ма­ри­ху­а­на) Тәр­кі­лен­ген есірт­кі құ­рал­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 7-55 жас­та­ғы ха­лық 7-55 жас­та­ғы ха­лық са­ны­нан 1,4% Кан­на­би­но­ид­тер­ді қар­қын­ды қол­да­на­тын есірт­кі­ге тәу­ел­ді адам­дар­дың са­ны Кан­на­би­но­ид­тер­ді үне­мі қол­да­на­тын есірт­кі­ге тәу­ел­ді адам­дар­дың са­ны Кан­на­би­но­ид­тер­ді қар­қын­ды қол­да­на­тын есірт­кі­ге тәу­ел­ді адам­дар үшін мөл­ше­рі Кан­на­би­но­ид­тер­ді үне­мі қол­да­на­тын есірт­кі­ге тәу­ел­ді адам­дар үшін мөл­ше­рі Есірт­кі­ге тәу­ел­ді бір адам­ның бір жыл­да есірт­кі­ні ор­та­ша тұ­ты­ну са­ны (қар­қын­ды) Есірт­кі­ге тәу­ел­ді бір адам­ның бір жыл­да есірт­кі­ні ор­та­ша тұ­ты­ну са­ны (үне­мі) грамм адам адам адам адам грамм грамм грамм (ап­та­сы­на 6 рет) грамм (ап­та­сы­на 1 рет) 1 2 3=2*1,4% 4 5=3-4 6 7 8=312 күн×6 9=52 күн×7 жалғасы Тұ­ты­ну Кө­тер­ме ба­ға Бөл­шек ба­ға Іш­кі өн­ді­ріс Са­уда үсте­ме ба­ға­сы Түп­кі­лік­ті тұ­ты­ну Ара­лық тұ­ты­ну­ға кет­кен шы­ғы­стар ЖҚҚ грамм тең­ге тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 10=1+4×8+5×9 11 12 13=10×11/1000000 14=10×(12-11)/ 1000000 15=10×12/1000000 16=14×0,1 17=13+14-16 3) Апиын Апиын Тәр­кі­лен­ген есірт­кі құ­рал­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Есірт­кі­ге тәу­ел­ді адам­дар са­ны Мөл­ше­рі Есірт­кі­ге тәу­ел­ді бір адам­ның бір жыл­да есірт­кі­ні ор­та­ша тұ­ты­ну са­ны Тұ­ты­ну Кө­тер­ме са­уда ба­ға­сы Бөл­шек са­уда ба­ға­сы грамм адам грамм грамм грамм тең­ге тең­ге 1 2 3 4=365 күн×3 5=1+2×4 6 7 жалғасы Апиын Им­порт Са­уда үсте­ме ба­ға­сы Түп­кі­лік­ті тұ­ты­ну АТ кет­кен шы­ғы­стар ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 8=5×6/1000000 9=5×(7-6)/1000000 10=5×7/1000000 11=9×0,1 12=9-11 4) Синтетикалық есірткі құралдары Син­те­ти­ка­лық есірт­кі құ­рал­да­ры Тәр­кі­лен­ген есірт­кі құ­рал­да­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер На­ша­қор­лар са­ны Мөл­ше­рі Есірт­кі­ге тәу­ел­ді бір адам­ның бір жыл­да ор­та­ша тұ­ты­на­тын есірт­кі құ­рал­да­ры­ның са­ны Тұ­ты­ну Бір грамм үшін бөл­шек са­уда ба­ға­сы Шы­ға­ры­лым Ара­лық тұ­ты­ну шы­ғы­ста­ры ЖҚҚ грамм адам грамм грамм грамм тен­ге мил­ли­он тен­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3 4=312*3 5=1+(2*4) 6 7=5*6/1000000 8=7*0,1 9=7-8 Ба­ға­лы ме­тал­дар мен асыл та­стар­дың, құ­ра­мын­да ба­ға­лы ме­тал­дар бар ши­кі­зат та­у­ар­ла­ры­ның заң­сыз ай­на­лы­мы. Кел­ті­рі­л­ген за­лал со­мма­сы Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3 Қа­ру­ды заң­сыз жа­сау, са­тып алу, бе­ру, өт­кі­зу, сақ­тау. Кел­ті­рі­л­ген за­лал со­мма­сы Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тен­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3 Жезөк­ше­лік Жезөк­ше­лік­пен ай­на­лы­са­тын адам­дар Қыз­мет үшін ор­та­ша ба­ға Бір жыл­да ба­ру са­ны (са­рап­та­ма­лық) Шы­ға­ры­лым Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ адам тең­ге са­ны мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3= 300 күн×3 рет кү­ніне ба­ру 4=1×2×3/1000000 5=4×30% 6=4-5 Заң­сыз ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру Кел­ті­рі­л­ген за­лал со­мма­сы Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3
Басқа 2
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесіне 2-қосымша 1) Ағаштызаңсыз кесу Аға­шты заң­сыз ке­су Алып қой­ы­л­ған ағаш кө­ле­мі 1 м3 ағаш үшін ор­та­ша ба­ға Алып­қой­ы­л­ған аға­штың құ­ны Ара­лық тұ­ты­ну­ү­ле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ м3 тең­ге тең­ге % тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2 4 5=3×4% 6=(3-5)/1000000 2) Заңсыз аң аулау Заңсыз аң аулау Алып қойылғанжануарлар өлекселерінің саны 1 дана үшін орташа баға Алып қойылған жануарлар өлекселерінің бағасы Аралық тұтыну үлесі Аралық тұтыну ЖҚҚ дана теңге теңге % теңге миллион теңге 1 2 3=1×2 4 5=3×4% 6=(3-5)/1000000 3) Балықты заңсыз аулау Ба­лық­ты заң­сыз аулау Ба­лық өн­ді­рі­сі Ба­лық экс­пор­ты Ба­лық им­пор­ты Ба­лық аулау Ба­лық­тың заң­ды өн­ді­рі­сі Ел­де­гі ба­лық­ты тұ­ты­ну Ба­лық­ты заң­сыз аулау мың тон­на мың тон­на мың тон­на мың тон­на мың тон­на мың тон­на мың тон­на 1 2 3 4 5=1-2+3+4 6 7=6-5 жалғасы Ба­лық­ты заң­сыз аулау 1 кг ба­лық­тың ор­та­ша ба­ға­сы Өңір­лер бой­ын­ша ба­лық­ты тұ­ты­ну құ­ры­лы­мы Заң­сыз өн­ді­ріс Заң­сыз өн­ді­ріс Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі (заң­ды өн­ді­рі­стен %) Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ тең­ге % мың­тон­на мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 8 9 10=7×9% 11=10×8×1000000/1000000 12 13=11×12% 14=11-13 Заң­сыз ал­ко­голь өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі 40%-дық ал­ко­голь өн­ді­рі­сі 40%-дық ал­ко­голь экс­пор­ты 40%-дық ал­ко­голь им­пор­ты 40%-дық ал­ко­голь­дің заң­ды өн­ді­рі­сі Ха­лық­тың жан ба­сы­на шақ­қан­да 40%-ды­қал­ко­голь­ді тұ­ты­ну 15 және одан үл­кен жас­та­ғы ха­лық са­ны Ал­ко­голь­ді тұ­ты­ну Заң­сыз өн­ді­ріс мың литр мың литр мың литр мың литр литр адам мың литр мың литр 1 2 3 4=1-2+3 5 6 7=5×6/1000 8=7-4 жалғасы Заң­сыз ал­ко­голь өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі Арақ­тың 1л үшін ор­та­ша ба­ға Арақ­тың 1л үшін ор­та­ша ба­ға (са­рап­та­ма­лық ба­ға) Рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша жал­пы шы­ғы­стар­дан өңір­лер бой­ын­ша үй ша­ру­а­шы­лық­та- ры­ның ал­ко­голь­ге кет­кен шы­ғы­ста­ры­ның құ­ры­лы­мы Заң­сыз өн­ді­ріс Заң­сыз өн­ді­ріс Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі (заң­ды өн­ді­рі­стен %) Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ тең­ге тең­ге % мың литр мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 9 10=9×0,9 11 12=11×8% 13=10×12×1000/1000000 14 15=13×14% 16=13-15 Заң­сыз те­ме­кі өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі Өн­ді­ріс Им­порт Экс­порт Тұ­ты­ну Заң­сыз те­ме­кі өнім­де­рі­нің анық­тал­ған кө­ле­мі­нің ко­эф­фи­ци­ен­ті Заң­сыз өн­ді­ріс Бір қо­рап­тың ор­та­ша ба­ға­сы Заң­сыз өн­ді­ріс Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он да­на мил­ли­он да­на мил­ли­он да­на мил­ли­он да­на % мил­ли­он да­на тең­ге мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3 4=1+2-3 5 6=4*5% 7 8=6*7/20 9 10=8×9% 11=8-10 Мұ­най­дың және мұ­най өнiм­дерi­нің шы­ға­ры­лу заң­ды­лы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тар­сыз олар­ды та­сы­мал­дау, ием­де­ну, өт­кi­зу, сақ­тау, сон­дай-ақ мұ­най­ды қай­та өң­деу Кел­ті­рі­л­ген за­лал со­мма­сы Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3 Жер қой­на­уын өз бе­тін­ше пай­да­ла­ну Кел­ті­рі­л­ген за­лал со­мма­сы Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3
Басқа 3
Заңсыз қызмет көлемдерін бағалау әдістемесіне 3-қосымша Алып қой­ы­л­ған жа­сан­ды та­у­ар­лар мен шы­ғар­ма­шы­лық түп­нұс­қа­лар­дың ав­тор­лан­ды­рыл­ма­ған кө­шір­ме­ле­рі Алып қой­ы­л­ған кон­тра­фак­ті­лік өнім­нің құ­ны Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3 Алып қой­ы­л­ған кон­тра­бан­да Алып­қой­ы­л­ған та­у­ар­дың құ­ны Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3 Пор­но­гра­фия және веб-мо­дель­дер қыз­мет­те­рін көр­се­ту ке­зін­де дел­дал­дар­дың заң­сыз қыз­ме­ті Кел­ті­рі­л­ген за­лал со­мма­сы Ара­лық тұ­ты­ну үле­сі Ара­лық тұ­ты­ну ЖҚҚ мил­ли­он тең­ге % мил­ли­он тең­ге мил­ли­он тең­ге 1 2 3=1×2% 4=1-3