Об утверждении Методики расчета показателей численности и структуры населения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 34) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 134 бұйрығымен бекітілді Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Тармақ 2
2. Әдістеме әкімшілік деректер мен ұлттық санақтарды өткізу қорытындылары бойынша алынған деректерді пайдалануға негізделген халық саны мен құрылымының көрсеткіштерін есептеудің негізгі аспектілері мен қағидаттарын айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданады.
Тармақ 4
4. Халық санының және құрылымының көрсеткіштерін есептеудің мақсаты тиімді әлеуметтік және экономикалық саясат жүргізу, елдің және өңірлердің даму бағдарламаларын әзірлеу үшін қажет халықтың саны және құрылымы туралы толық және анық ақпарат алу болып табылады.
Тармақ 5
5. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) халықтың жалпы өсімі (кемуі) – халықтың табиғи өсімі (кемуі) мен көші-қон өсімі (кемуі) арасындағы алгебралық сома;
Тармақша 2
2) халықтың көші-қон өсімі (кемуі) – өңір аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма;
Тармақша 3
3) халықтың табиғи өсімі (кемуі) – белгілі бір кезеңге тірі туғандар саны мен өлгендер саны арасындағы айырма.
Тарау 2. 2-тарау. Халық санының көрсеткіштерін есептеу
2-тарау. Халық санының көрсеткіштерін есептеу
Тармақ 6
6. Елдің және оның өңірлерінің халық саны туралы ақпараттың негізгі дереккөздері ұлттық санақтар өткізудің қорытындылары бойынша алынған деректер болып табылады.
Тармақ 7
7. Санақ аралығындағы кезеңде елдің және оның өңірлерінің халық саны табиғи (туғандар және өлгендер туралы деректер) және көші-қон (тұрақты тіркелген жері бойынша келгендер және кеткендер туралы деректер) өсімі (кемуі) есебінен өзгереді.
Тармақ 8
8. Тұрақты халықтың жалпы санын есептеу тұтастай Қазақстан Республикасы және оның өңірлері бойынша жүргізіледі. Есептеулерде әкімшілік-аумақтық қайта құрулардың нәтижесінде жекелеген өңірлердің халық санының артуы немесе қысқаруы ескеріледі.
Тармақ 9
9. Жыл басына халықтың тұрақты санын ағымдағы бағалаулар ұлттық санақты жүргізу күнінен санақ жылының 1 қаңтарына келтірілген соңғы ұлттық санақты жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректер негізінде есептеледі, оған жыл сайын туғандар мен Қазақстан Республикасының аумағына немесе өңірлеріне тұрғылықты тұруға келгендер саны қосылады және олардан қайтыс болғандар мен Қазақстан Республикасының аумағынан немесе өңірлерінен тыс тұрғылықты тұруға кеткендер саны шегеріледі.
Тармақ 10
10. Есепті жылдың 1 қаңтарына халық саны табиғи және көші-қон өсімдерін (кемуін), сондай-ақ өткен жыл ішінде болған әкімшілік-аумақтық қайта құрулар нәтижесінде халық санының өзгеруін есепке ала отырып, өткен жылдың 1 қаңтарындағы деректерге сүйене отырып анықталады. Есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады: P(t+1) = P(t) + B(t) – D(t) + А(t) – V(t) + T(t), мұнда: P(t+1) – есепті жылғы 1 қаңтарға халық саны; P (t) – өткен жылдың басына халық саны; B(t) – өткен жылы туғандар саны; D(t) – өткен жылы өлгендер саны; А(t) – өткен жылы Қазақстан Республикасының немесе оның өңірінің аумағына келгендер саны; V(t) – өткен жылы Қазақстан Республикасының немесе оның өңірінің шегінен тыс кеткендер саны; T(t) – шекараларының өзгеруі нәтижесінде өңір халқы санының өзгеруі. Бұл шама теңдеуде аумақ шекараларының кеңеюі немесе тарылуына байланысты қосу немесе шегерумен есепке алынады. Өңірлер шекараларының елеулі өзгерістері кезінде демографиялық оқиғаларды (есепті кезеңнен кейін статистикалық әзірлемеге түскен) олардың туындау жылына сәйкес бөлуді ескере отырып соңғы ұлттық санақ сәтінен бастап халық санына қайта есептеу жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Белгілі кезең үшін халықтың өсуінің немесе қысқаруының сандық көрінісін анықтау үшін халықтың табиғи, көші-қон және жалпы өсімінің (кемуінің) көрсеткіштері есептеледі.
Тармақ 12
12. Халықтың табиғи өсімі (кемуі) келесі формула бойынша есептеледі: Sе = B – D, мұнда: Sе – есепті кезеңде халықтың табиғи өсімі (кемуі); B – есепті кезеңде туғандар саны; D – есепті кезеңде өлгендер саны. Халықтың көші-қоны өсімі (кемуі) келесі формула бойынша есептеледі: Sm=P - V , мұнда: Sm– есепті кезеңде халықтың көші-қон өсімі (кемуі); P – есепті кезеңде келгендер (келулер) саны. V – есепті кезеңде кеткендер (кетулер) саны. Халықтың жалпы өсімі (кемуі) келесі формула бойынша есептеледі: St= Se + Sm , мұнда: St – есепті кезеңде халықтың жалпы өсімі (кемуі); Sе – есепті кезеңде халықтың табиғи өсімі (кемуі); Sm – есепті кезеңде халықтың көші-қон өсімі (кемуі).
Тармақ 13
13. Демографиялық, әлеуметтік, экономикалық есептеулерді жүргізу кезінде жылдың басына және соңына халық санынан арифметикалық орта мән ретінде есептелетін халықтың орташа жылдық санының көрсеткіші пайдаланылады: где: Sn – жыл басына халық саны; Sk – жыл соңына халық саны.
Тармақ 14
14. Халық санының өсу (кему) қарқыны уақыт кезеңі ішінде халық санының өскендігін анықтайды. Есепті кезеңнің соңына халық санын есепті кезеңнің басына халық санына бөлуден алынған бөліндіні ретінде есептеледі: мұнда: r – халық санының өсу (кему) қарқыны; P1 – есепті кезеңнің соңына халық саны; P – есеп кезеңнің басына халық саны.
Тарау 3. 3-тарау. Халық құрылымының көрсеткіштерін есептеу
3-тарау. Халық құрылымының көрсеткіштерін есептеу
Тармақ 15
15. Халықты жынысы және жасы белгілері бойынша жіктеу үшін келесі көрсеткіштер: халықтың жалпы санындағы ерлер (әйелдер) үлесі, белгілі бір жастағы халық үлесінің халықтың жалпы санына, демографиялық жүктеме коэффициенттері пайдаланылады.
Тармақ 16
16. Халықтың жалпы санындағы ерлер (әйелдер) үлесі ерлер (әйелдер) санының халықтың жалпы санына қатынасы ретiнде есептеледі. Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі: мұнда: Dm(f) – халықтың жалпы санындағы ерлер (әйелдер) үлесі; Pm(f) – ерлер (әйелдер) саны; Pt – халықтың жалпы саны. Осыған ұқсас есептеулер әртүрлі жас және жас топтары бойынша жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Халықтың жас құрылымын есептеу негізінде «жасы бойынша жылжыту» әдісі (адамдардың кейбір «х» жастан келесі «х+1» жасқа өтуін білдіреді, адамдардың саны өлім-жітім салдарынан азаяды және көші-қон есебінен өзгереді) пайдаланылады. Есептеу 0-ден 99 жасқа дейін және 100 жас пен одан үлкен бір жылдық жас топтары бойынша ерлер мен әйелдерге бірдей жүргізіледі. Есептеу жылдың басына жүргізіледі және әр жасқа туған жылы сәйкес келеді.
Тармақ 18
18. Барлық халықтың санына белгілі бір жастағы халықтың үлесі «х» жастағы адамдар санының халықтың жалпы санына қатынасы ретiнде есептеледі. Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі: мұнда: Dx – барлық халықтың санына «х» жастағы халықтың үлесі; Px – «х» жастағы халық саны; Pt – халықтың жалпы саны.
Тармақ 19
19. Демографиялық жүктеме коэффициенттері 16-63 жас аралығындағы ер адамдар мен 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа дейін әйелдер жастағы 1000 адамына шаққандағы балалар мен зейнеткерлік жастағы адамдар санының қатынасын сипаттайды. Демографиялық жүктеме коэффициенттері келесі формулалар бойынша есептеледі: мұнда: – балалар демографиялық жүктеме коэффициенті; – зейнеткерлік жастағы адамдардың демографиялық жүктеме коэффициенті; – демографиялық жүктеменің жалпы коэффициенті; – 0 жастан 16 жасқа дейінгі халықтың жалпы саны; а – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әйелдердің зейнетке шығуының жалпыға бірдей белгіленген жасы; 16-62 (а-1) – 16 жастан 63 жасқа дейінгі ерлер мен 16 жастан а-1 жасқа дейінгі әйелдер саны; а-1 – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес белгіленген әйелдердің зейнеткерлік жасынан бір жасқа кем әйелдердің жасы; – 63 және одан жоғары жастағы ер адамдар, а және одан жоғары жастағы әйелдер саны. Келесі жылдары демографиялық жүктеме коэффициенттерін есептеу кезінде әйелдердің зейнеткерлік жасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес алынады.
Тармақ 20
20. Халықтың қартаю деңгейін сипаттау үшін халықтың қартаю индексі және Биллетер индексі есептеледі.
Тармақ 21
21. Халықтың қартаю индексі 100 балаға шаққанда егде жастағы адамдар санын сипаттайды. 65 жастан асқан халық санының 0 ден 15 жасқа дейінгі жастағы халықтың санына қатынасы ретінде есептеледі.
Тармақ 22
22. Биллетер индексі репродуктивті емес жастағы (0-14 жас, 50 жастағы және одан асқан) адамдар үлесінің репродуктивті жастағы (15-49 жас) халықтың 100 адамына шаққандағы «жүктемесін» сипаттайды. 0-14 жас пен 50 жас және одан үлкен жастағы адамдар санының 15-49 жастағы халық санына қатынасының айырмасы ретінде есептеледі. Индекстің мәні халықтың жас құрылымына байланысты. Халық санында балалар үлесі 50 жастан асқан адамдардың үлесінен көп болған кезде оң мәнді қабылдайды және 50 жастан асқан адамдардың үлесі балалар үлесіне қарағанда көп болған кезде теріс мәнді қабылдайды.
Тармақ 23
23. Өңірдегі қоныстануды сипаттау үшін халық тығыздығы көрсеткіші пайдаланылады. Халықтың тығыздығы халық санының тиісті өңірдің шаршы километрдегі алаңына бөліндісі ретінде есептеледі.