Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по Отрарскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10030 тіркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Отырар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Отырар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйегіндегі № 18/87-VI шешіміне 1 қосымша Отырар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер Есептiк бiрлiк Жылдық жинақталу нормасы, м3 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 0,95 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi 1 орын 0,65 3 Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi 1 орын 1 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,39 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктерi, байланыс бөлiмшелерi 1 қызметкер 0,27 6 Емханалар 1 келiп кету 0,28 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi 1 төсек-орын 1,0 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,12 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi 1 отыратын орын 0,0001 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,2 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 - 12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,0026 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 0,0026 14 Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 1,23 15 Машиналардан сату сауда орнының 1 м2 - 17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,974 18 Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 - 19 Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 - 20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 0,27 21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,5 22 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 - 23 Дәрiханалар Сауда алаңы 1 м2 0,91 24 Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 0,107 25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,2 26 Гараж кооперативтерi 1 гаражға 1,0 27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,2 28 Кiр жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi Жалпы алаңы 1 м2 - 29 Зергерлiк, аяқкиiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,06 30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 0,06 31 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,42 32 Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы - 33 Бау-бақша кооперативтерi 1 учаске 0,0019
Басқа 5
Отырар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 18/87-VI шешіміне 2 қосымша Отырар ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi № Атауы Есептік бірлік Баға, теңгемен 1. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері 1.1. Жайлы емес үйлер 1 адам 106 1.2. Жайлы үйлер 1 адам 95 1.3. Заңды тұлғалар 1 текше метр 1316,9 2. Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері 2.1. Жеке тұлғалар 1 текше метр 200 2.2. Заңды тұлғалар 1 текше метр 600 3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерi - -