Об утверждении Положения комиссии по чрезвычайным ситуациям при акимате области Қолданыста
Басқа 0
Облыс әкімияты жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның Ережесін бекіту туралы
"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу мен іс-қимыл жасаудың облыстық жүйесін одан әрі жетілдіру, жергілікті атқарушы
органдардың, ұйымдар мен мекемелердің халықты және аумақтарды авариялардан, аппаттардан, дүлей зілзалалардан
қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың алдын алу мәселелері жөніндегі іс-қимылын
үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған облыс әкімияты жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері осындай
комиссиялардың құрамын қайта қарасын және дербес құрамын
аудандық (қалалық) маслихаттардың сессияларында бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Төтенше жағдай жөніндегі облыстық комиссия туралы" облыс Әкімінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 294 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының 2002 жылғы
21.02. № 25 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН Төтенше жағдайлар жөніндегі - облыстық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия /бұдан әрі-комиссия/ консультативтік-кеңесші орган болып табылады және авариялардан, апаттардан, дүлейлерден және өзге зілзалалардан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында
құрылған.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жүмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтеніпе жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, тәтенше жағдайлар жөніндегі Агенттік бұйрықтары мен қаулыларын, облыс әкімиятының қаулыларын, осы Ережені және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз өкілеттіктерін облыстық, аудандық атқарушы органдармен, кәсіпорындармен, мекемелермен және меншіктің барлық нысанындағы ұйымдармен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Комиссияны облыс Әкімінің бірінші орынбасары басқарады.
Бөлім 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 5
5. Комиссияның:
Тармақша 1
1) авариялардан, апаттардан, дүлейлерден және өзге зілзалалардан болатын төтенше жағдайлардың аддын алу және жою саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштері мен құралдарын құру және дамыту саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізу;
Тармақша 3
3) авариялардан, апаттардан, дүлейлерден және өзге зілзалалардан болатын төтенше жағдайлардан халықтың, облыс аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге іс-шаралар қалыптастыру;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайлар кездерінде алдын алу және іс-қимыл жүйесін әрмен қарай жетілдірудің және дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
Тармақша 5
5) авариялардың, апаттардың, дүлейлердің және өзге зілзалаларды» салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалу мәселелері бойынша ұйымдардың, басқармалардың, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру негізгі міндеттері
болып табылады.
Бөлім 3. 3. Комиссия құқықтары
3. Комиссия құқықтары
Тармақ 5
5. Комиссия:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында ұйымдардың, басқармалардың және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын жасауға қатысуға;
Тармақша 3
3) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұйымдар, басқармалар, басқа да жергілікті атқарушы органдар лауазым иелерін тындауға;
Тармақша 4
4) басқармалар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөніндегі мақсатты бағдарламаларды оырндауына талдау жүргізуге, оның ішінде бюджеттен бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына талдау жүргізуге;
Тармақша 5
5) төтенше жағдайларды алдын алу және жою мәселелері жөнінде талдамалық, сараптамалық және басқа жұмыстарды орындау үшін облыс кәсіпорындарының, мекемелерінің, ұйымдарының мамандарын /олардың басшыларымен келісім бойынша/ тартуға құқылы.
Бөлім 4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға жүктеледі.
Тармақ 8
8. Комиссия өзінің қызметін оның төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Комиссия нормативтік актілер шығаруды талап ететін мәселелер бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма арқылы белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 9
9. Комиссияда қаралатын және шешілетін неғүрлым маңызды мәселелер бойынша Комиссия жүйелі түрде облыс әкімиятың хабардар етіп отырады.