О тарифах на пассажирские перевозки в пригородном сообщении Күшін жойған
Басқа 0
Қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалдауға
арналған тарифтер туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы транспорт туралы" Қазақстан
Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi № 158-ХII Заңының
9-бабына және Қазақстан Республикасы темiр жолдарының Уақытша Жарғысының
14-бабына сәйкес, сондай-ақ 1998 жылға арналған жергiлiктi бюджетте Защита
темiр жол бөлiмшесiнiң поездары жүзеге асыратын қала маңындағы жолаушылар
тасымалы шығындарының орнын толтыруға арналған қаражаттардың болмауына
байланысты
ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 1 шiлдеден бастап Защита темiр жол бөлiмшесi темiржол
көлiгiнiң қала маңындағы қатынастарында жолаушылардың жүрiп-тұруына
арналған тарифтi өсiру коэффициентi - 1.09 деп белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық өнеркәсiп және
сыртқы экономикалық байланыстар басқармасына (Саркисов А.Б.) жүктелсiн.