О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында: 7-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту мәселелерін қарастыру жөніндегі уәкілетті комиссияның шешімі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органына тартылған шетелдік жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары;»; мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: «26-1. 01-139-нысаны (25-1-қосымша) мемлекеттік органға қабылданған шетелдік жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған. Есепті жасау кезінде еңбек шартын басшылыққа алған жөн. 25-1-қосымшада «Лауазым атауы» деген 1-бағанда жасалған еңбек шартына сәйкес мемлекеттік органға қабылданған шетелдік жұмыскердің лауазымы көрсетіледі; «Бiр айдағы лауазымдық жалақы сомасы» деген 2-бағанда жасалған еңбек шартына сәйкес бір айдағы лауазымдық жалақы сомасы көрсетіледі; «Мемлекеттік органға шетелдік жұмыскерді тарту мерзімі» деген 3-бағанда еңбек шартына сәйкес мемлекеттік органға шетелдік жұмыскер тартылған айлар саны көрсетіледі; «Бiр жылдағы негізгі еңбекақы жиыны 2х3-баған» деген 4-бағанда қорытынды сома көрсетіледі.»; осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 25-1-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстар есебі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 567 бұйрығына қосымша Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларына 25-1-қосымша 01-139-нысан Мемлекеттік органдардың шетелдік жұмыскерлеріне еңбекақы төлеуге арналған шығыстар есебі Кодтары Жылы |_______________________| Деректер түрi (болжам, жоспар, есеп) |_______________________| Функционалдық топ |_______________________| Бағдарламалардың әкiмшiсi |_______________________| Мемлекеттiк мекеме |_______________________| Бағдарлама |_______________________| Ерекшелiк |_______________________| Лауазым атауы Бiр айдағы лауазымдық жалақы сомасы Мемлекеттік органға шетелдік жұмыскерді тарту мерзімі Бiр жылдағы негізгі еңбекақы жиыны 2х3-баған 1 2 3 4 мың теңге ай мың теңге Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/ мемлекеттiк мекеме басшысы ___________ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бюджеттік бағдарлама басшысы ___________ ______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жайдайда) Бас бухгалтер (қаржы-экономикалық бөлімінің бастығы бастығы) ___________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)