О порядке назначения и выплаты государственной адресной социальной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті тағайындау және төлеу
тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2005.10.12 N 07 шешімімен.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету құкын анықтау үшін отбасылардың материалдық жағдайын зерттеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында және “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Қазақстан Республикасының Заңын және “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысын орындау үшін:
Тармақ 1
1. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді өтінген тұлғалардың материалдық жағдайына зерттеу жүргізетін учаскелік комиссиялар туралы Ереже облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясында келісіле отырып, бекітілсін (№1 қосымша).
Тармақ 2
2. Тұрғындарды тұрғылықты орны бойынша тіркеуді жүргізетін (көші-қон полициясы) ішкі істер органдарының бөлімшелері, селолық жерлерде – поселке, ауыл (село) әкімдері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға арналған өтініш иесі отбасының құрамы туралы мәліметтерді ақысыз бекітетін орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын өкілетті орган шешімдерінің үлгілері бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 4
4. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамтау және әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.Е.Әбілаев) қалалар және аудандар әкімдерімен бірлесе отырып, жергілікті бюджетте көзделген қаржы шегінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің уақытында таңғайындалуын және төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Атаулы әлеуметтік жәрдем алуға өтініш білдірген
тұлғалардың материалдық жағдайын зерттеуді өткізетін
учаскелік комиссиялар туралы ереже
Облыс әкімінің 2002 ж.
25 января
N 18 шешіміне N 1 қосымша
Атаулы әлеуметтік жәрдем алуға өтініш білдірген
тұлғалардың материалдық жағдайын зерттеуді өткізетін
учаскелік комиссиялар туралы ереже
Осы Ереже “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” ҚР 17.07.2001 ж. N 246-ІІ Заңына және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2000 ж. N 186-б бұйрығына сәйкес әзірленген.
Тарау I. І. Жалпы ережелер.
І. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссия атаулы әлеуметтік жәрдем алуға өтініш білдірген тұлғалардың (отбасыларының) материалдық жағдайын зерттеуді өткізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (село, ауыл, поселке, қала, қалалық аудан) әкімдерінің шешімімен құрылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссиялардың құрамын жыл сайын әлеуметтік жәрдем көрсетуге жауапты өкілетті органның (одан әрі - өкілетті орган) басшысы түзеді.
Учаскелік комиссияның сандық құрамы кем дегенде 5 адам болуға тиіс.
Учаскелік комиссиялар жергілікті өкілетті органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мекен-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативтерінің, тұрғандардың (олар өз еркімен келіскен жағдайда), білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау (әлеуметтік қызметшілерден) ұйымдары мен өкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдары қызметшілерінен, тиісті жоғары немесе орта арнаулы білімі бар, ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар қатарынан алынған тұлғалардан тұра алады.
Өкілетті орган оларды комиссия құрамына енгізу туралы әрбір өкілге жазбаша құлақтандыру жібереді (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Учаскелік комиссиялардың жұмысын өкілетті орган басқарады, ол комиссия мүшелерін олардың құқықтарымен, міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстырады.
Тармақ 4
4. Өкілетті органның басшысы аз қамтамасыз етілген азаматтардың материалдық жағдайын зерттеуді өткізуді ұйымдастыру үшін жауапкершілік алады.
Тармақ 5
5. Өкілетті орган басшысының комиссияның құрамынан өз беделін түсірген я болмаса зерттеудің белгіленген ережелерін бұзған кез келген мүшесін шығаруға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Учаскелік комиссия өз қызметінде “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” ҚР Заңын, осы Ережені және пәрменіндегі заңнаманы басшылыққа алады.
Тарау ii. ІІ. Комиссияның негізгі функциялары.
ІІ. Комиссияның негізгі функциялары.
Тармақ 7
7. Учаскелік комиссиялар өкілетті органдарға және поселке, ауыл (село) әкімдеріне тұрғындарға атаулы әлеуметтік жәрдем көрсету, оның атаулылығын арттыру және қаржыларды барынша мұқтаж отбасыларына жұмсау жөнінде қолғабыс етеді.
Тармақ 8
8. Учаскелік комиссиялар ұсынылған құжаттар негізінде атаулы әлеуметтік жәрдемді ұсынудың қажеттілігі туралы қорытындылар әзірлейді (N 2 қосымша).
Тармақ 9
9. Учаскелік комиссиялар өкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша (N 3 қосымша) әлеуметтік жәрдем алуға үміттеніп отырған өтініш берушілердің (отбасыларының) іс жүзіндегі материалдық жағдайын олардың тұратын жеріне барып зерттеу жүргізеді.
Тарау iii. ІІІ. Комиссияның негізгі құқықтары.
ІІІ. Комиссияның негізгі құқықтары.
Тармақ 10
10. Учаскелік комиссиялардың өтініш берушілерден еңбек,кәсіпкерлік қызметтен тапқан кірістерін және кірістердің өзге де түрлерін растайтын құжаттарды сұрауға құқығы бар.
Тармақ 11
11. Учаскелік комиссиялардың өкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша отініш беруші (отбасы) ұсынған құжаттарды таңдап қайта тексеруге құқығы бар.
Тармақ 12
12. Учаскелік комиссиялардың тиісті органдардан зерттеулерді жүргізу үшін қажетті мәліметтерді сұрауға құқығы бар.
Тарау iv. IV. Материалдық жағдайды зерттеуді жүргізу.
IV. Материалдық жағдайды зерттеуді жүргізу.
Тармақ 13
13. Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын зерттеу атаулы әлеуметтік жәрдемді тағайындауға алғаш өтініш берген кезде міндетті түрде, қайталап өтініш берген кезде тек қажеттілігіне қарай (отбасының құрамы мен кірістерінде өзгерістер болған жағдайда, ескерілмеген қосымша кірістер туралы мәліметтер болған және т.б. кезде), бірақ жылына кем дегенде бір рет жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Зерттеу барысында учаскелік комиссиялар өтініш берушінің көмек сұрауына байланысты жағдаяттарды дәлдейді. Бұл ретте келесі жайларға көңіл бөлінеді:
отбасы құрамы;
отбасының жұмыс істейтін мүшелерінің саны;
отбасының еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін мүшелерінің саны – олардың жұмыспен қамтылмауының себебі;
отбасында жеті жасқа дейінгі балаларды, 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 80 жастан асқан қарияларды, 16 жасқа дейінгі жастағы мүгедек балаларды күтумен айналысатын еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың болуы;
отбасында жаса толмаған балалардың; күтімге мұқтаж тұлғалардың (мүгедектердің, қариялардың, сырқаттардың); 1 айдан астам стационарлық емделуде жүрген тұлғалардың болуы;
өздерінің жұмыспен қамтылмағаны туралы (отбасы мүшелерінен көршілерден жеке сұрау жолымен) мәлімдеген тұлғалар кірістерінің іс жүзіндегі;
жер үлесінің және жеке қосалқы шаруашылықтың (қолдағы малдың, құстың, усадьба жанындағы телімнің, бау-бақшаның, саяжай телімінің) болуы және оларды пайдаланудан түскен іс жүзіндегі кірістердің мөлшері;
тұрғын үй (пәтерлер, үйлер) бірлігінің саны;
пайдалануға жарайтын (мүгедектердікінен басқа) автокөліктің болуы немесе жоқтығы;
басқалар.
Зерттеу барысында учаскелік комиссиялар сондай-ақ отбасының материалдық жағдайына әсер ететін айырықша фактілерді анықтамайды, оларға мыналар жатады:
жалақының, зейнетақының, жәрдемақының төменгі мөлшері;
тұрғын үйде ұстауға коммуналдық ақы төлегеннен (орташа жылдық есептеумен отын сатып алғаннан) кейінгі кедейшіліктің төменгі шегіндегі отбасындағы жиынтық табыс;
ақша табуға мүмкіндіктің жоқтығы;
ата-аналардың немесе олардың біреуінің маскүнемдігі;
әкенің немесе оның балаларға көмегінің жоқтығы;
ата-аналардың және отбасынын жасы толған мүшелерінің төменгі білімі жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқтығының себебі болып табылады;
көпбалалық;
туыстардың жоқтығы;
қосылқы шаруашылықтың жер үлесінің жоқтығы немесе оны пайдаланудан түскен кірістің мардымсыздығы;
сатуға болатын тұрмыстық заттардың жоқтығы;
басы артық тұрған үй алаңының жоқтығы;
отбасы мүшесінің сырқаты;
басқа себептер.
Тармақ 15
15. Жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайын зерттеу актісін жасайды, оған учаскелік комиссияның барлық мүшелері қол қояды (N 4 қосымша). Отбасының әлеуметтік жәрдемге мұқтаждығы туралы комиссия қорытындысы бар акті мен өтініш берушінің (отбасының) кірістерін растайтын құжаттар өкілетті органға (поселке, ауыл (село) әкіміне) тапсырылады.
Тармақ 16
16. Өтініш беруші зерттеуді жүргізуден бас тартқан жағдайда учаскелік комиссия акт жасайды және бұл туралы өкілетті органды хабардар етеді, ол әлеуметтік әлеуметтік жәрдемді тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтініш беруші отбасының кірістері туралы сенімсіз мәліметтерді ұсынған және аталмыш фактіні учаскелік комиссия отбасының материалдық жағдайын зерттеуді жүргізген кезде анықтаған жағдайда, учаскелік комиссия оны актіде көрсетеді және бұл туралы өкілетті органды хабардар етеді, ол әлеуметтік жәрдемді ағымдағы тоқсанның аяғына дейін тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 17
17. Өтініш беруші (отбасы) ұсынған құжаттарды қарсы тексеруді жүргізген кезде, сондай-ақ зерттеуді жүргізу үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратқан кезде, тексеріс актісі, органдардың сұрауларға жауабы отбасының материалдық жағдайдын зерттеу актісіне қоса тіркеледі және өкілетті органға тапсырылады.
Тарау v. V. Комиссияның міндеттері мен жауапкершілігі.
V. Комиссияның міндеттері мен жауапкершілігі.
Тармақ 18
18. Өтініш беруші мен оның отбасының материалдық жағдайын зерттеуду учаскелік комиссия азаматтардың жеке өміріне құрметті сақтай отырып, олардың қадір-қасиетін кемітетін іс-қимылдарды болдырмайтын жағдайда жүргізеді. Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Тармақ 19
19. Өтініш беруші мен оның отбасының әлеуметтік жәрдем алуға материалдық жағдайын зерттеу оның қатысуымен өкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы берілген күннен бастап бес күн мерзім ішінде жүргізілуге тиіс.
Тармақ 20
20. Комиссия мүшелері өкілетті органдарға тапсырылған актіде мазмұндалған деректердің сенімділігі мен дәлдігіне жауапкершілік алыды.
Қайсыбір кінәраттар, я болмаса заңсыз төлемге жол берген актінің сенімсіздігі анықталған жағдайда, нұқсанның орнын толтыру “Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы” ҚР Заңының 7-бабының 3-тармағымен белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғалардан (өтініш берушілерден) өндіріліп алынады.
Басқа 1-1. Учаскелік комиссия құрамына енгізу
туралы құлақтандыру
Ережеге N 1 қосымша
Учаскелік комиссия құрамына енгізу
туралы құлақтандыру
құрметті
__________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________аудандық (қалалық) еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау бөлімі Сізді атаулы әлеуметтік
жәрдемді алуға өтініш білдірген тұлғалардың (отбасыларының)
материалдық жағдайын зерттеуді жүргізу үшін учаскелік комиссия
(әкімшілік-аумақтық бірлік) құрамына енгізу туралы құлақтандырады.
Құқықтармен, міндеттермен және жауапкершілікпен таныстым.
АҚЕХӘЖБ басшысы 200__ж. «__________»_________________
(қолы)
Комиссия мүшесінің қолы. 200__ж. «__________»_________________
Еркерту: 2 дана жасалады. Біреуі ЕХӘЖБ сақталады.
Басқа 1-2. Учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік жәрдемді
ұсынудың қажеттілігі туралы
қорытындысы
Ережеге N 2 қосымша
_____________________
_____________________
(облыс,аудан,қала,село,ауыл)
Учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік жәрдемді
ұсынудың қажеттілігі туралы
қорытындысы
Өтініш беруші/____адамнан тұратын өтініш берушінің отбасы кедейшілік шегіне дейінгі қосымша ақы түріндегі атаулы әлеуметтік жәрдемді ұсынуға мұқтаж/мұқтаж емес, өйткені өтініш берушінің/отбасының орташа айлық орташа жан басына шаққандағы кірісі облыста 200__жылғы__
тоқсанға белгіленген кедейшілік шегінен асады/аспайды.
Отбасының материалдық жағдайына әсер ететін айырықша фактілер:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолдары:
1.___________________________
2.___________________________
3.___________________________
4.___________________________
5.___________________________
Еркерту: қорытындыдағы / белгісімен нұсқаланған – керегі жоғы сызылады.
Басқа 1-3. Зерттеуді жүргізу туралы тапсырма.
Ережеге N 3 қосымша
Зерттеуді жүргізу туралы тапсырма.
Учаскелік комиссияға (әкімшілік-аумақтық бірлікке) бес күн мерзім ішінде__________________________________________________мекен-жайында тұратын________________________________________________
(ТАӘ) материалдық жағдайын зерттеуді жүргізуді тапсырамын.
Құжаттарды қарсы тексеру жөніндегі қосымша тапсырмалар:
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________
ЕХӘЖБ басшысы – қолы
Поселке,ауыл (село) әкімі – қолы. 200_ж. “___”______________
Ескерту:2 даңа жасалады. Беру ЕХӘЖБ немесе селолық әкімиятта сақталады. Тапсырма бір мезгілде бірнеше өтініш берушіге бір тізіммен жасала алады.
Басқа 1-4. Отбасының материалдық жағдайын
зерттеу актісі.
Ережеге N 4 қосымша
____________________
____________________
(облыс,аудан,қала,село,ауыл)
Отбасының материалдық жағдайын
зерттеу актісі.
200__ж. «___»___________
1. Өтініш беруші туралы деректер:
Тегі__________________________ Аты_____________________________
Әкесінің аты___________________ Туған жылы______________________
Тұратын мекен-жайы____________________________________________
Соңғы жұмыс орны, лауазымы____________________________________
_____________________________________________________________
Кіріс түрі______________ мөлшері_________________________________
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (жеңілдіктердің орнына)_____________
______________________ретінде (жеңілдік алушының санаты көрсетілсін)
_____________________теңге сомада тағайындалды.
Отбасылық жағдайы:үйленген, тұрмыста, бойдақ, тұл ер (жесір)
________________________________________________________________
2. Отбасы құрамы (өтініш берушімен бірге тұратын отбасы мүшелері):
N
Отбасы
мүшелерінің ТАӘ
және олардың
сипаттамасы
(әлеуметтік топ:
жұмыс істейтін,
жұмыс істемейтін,
зейнеткер, мүгедек,
оқушы, студент,
мектеп жасына
дейінгі)
Туған
жылы
Туыстық
деңгейі
Жұмыс,
қызмет,оқу
(оқу
нысаны)
орны
Жұмыс-
пен
қамтыл-мау
себебі
Айына
алынатын
кірістердің
түрі мен
сомасы
(теңге)
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
3. Заң бойынша өтініш берушіні асырауға міндетті туыстар болған жағдайда, ТАӘ, тұратын мекен-жайы көрсетілсін:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
4. Тұрғын үй жағдайлары (мемлекеттік, жекешелендірілген, коммуналдық пәтер, жеке үй), бөлмелер саны,алып отырған тұрғын үй алаңы
____________________________________________________________
Бірінші қажетті ұзақ пайдаланатын заттардың болуы
____________________________________________________________
5. Усадьба жанындағы телімнің, қосалқы шаруашылықтың болуы (жер телімінің көлемін, оны пайдаланудың мүмкіндіктері мен іс жүзіндегі пайдаланылуын, қолдағы мал мен құстың санын, оларды пайдаланудан түскен іс жүзіндегі кірістердің мөлшерін көрсете отырып)
____________________________________________________________
____________________________________________________________
6. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге шығыстар
____________________________________________________________
7. Қосымша кірістердің көздері
____________________________________________________________
8. Еркерту (отбасының материалдық жағдайына әсер ететін айырықша фактілер)
____________________________________________________________
____________________________________________________________
9. Әлеуметтік жәрдемді көрсетуге мұқтаждық туралы барып көрудің нәтижесіндегі комиссия қорытындысы
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Учаскелік комиссия мүшелерінің қолдары:
1.___________________________
2.___________________________
3.___________________________
4.__________________________
5.___________________________
Жасалған актімен таныстым:
________________________________________
өтініш берушінің т.а.ә. мен қолы
Басқа 2. “___”__________________________200__ж. N_____ШЕШІМ
Облыс әкімінің 2002 ж.
25 января
N 18 шешіміне N 2 қосымша
“___”__________________________200__ж. N_____ШЕШІМ
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемді тағайындау туралы
Азамат(ша)
Отбасы мүшелерінің саны___________.
ҚР 2001 ж. 17 шілдедегі N246-II Заңының 2, 7 баптарына сәйкес кедейшілік шегіне дейінгі қосымша ақы түрінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдем
200__ж. “__”____________бастап 200__ж. “___”___________аралығында
______________________________________________тенге (жазбаша)
__________тиын мөлшерінде тағайындалсын.
_____________________________________________________________
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемді тағайындаудан бас тартылсын
Азамат (ша)
Отбасы мүшелерінің саны___________.
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________
(бас тарту себебі)
М.О. Еңбек және халыққа әлеуметтік жәрдем бөлімінің бастығы
(я болмаса оның міндеттерін атқарушы)
____________________________
(қолы) (тегі)
ҚҰЛАҚТАНДЫРУ.
__________________________________ауданының (қаласының) Еңбек және
халыққа әлеуметтік жәрдем бөлімі___________________________________
__________________________________________________________________
(т.а.ә)
және Сіздің отбасыңызды
1. “___”_________200_ж. N_____ шешіммен отбасының _________
Мүшесіне 200__ж. “_____”______________ бастап
200__ж. “__”_____________ аралығында______________________________
теңге____________тиын мөлшерінде кедейшілік шегіне дейінгі қосымша ақы
түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдем тағайындалғаны туралы.
2. 200__ж. “__” __________шешіммен отбасының ______________мүшесіне
кедейшілік шегіне дейінгі қосымша ақы түріндегі мемлекеттік атаулы
әлеуметтік жәрдем тағайындаудан бас тартылғаны туралы құлақтандырады.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(бас тарту себебі)
М.О. Еңбек және халыққа әлеуметтік жәрдем бөлімінің бастығы
(я болмаса оның міндеттерін атқарушы)
__________________
(қолы) (тегі)
Еркерту: қалада,аудан орталығында құлақтандыруды АҚЕХӘЖБ қызметшілері АӘЖ (өтініш берушінің болімге келуіне қарай) тағайындауға өтініш білдірген күннен бастап 10 күн откеннен ке»ін өтініш берушілерге жеке тапсырады. Селолық жерде құлақтандыру өтініш берушілерге тапсыралу үшін айына 1 рет (31-іне дейін) поселке, ауыл (село) әкіміне тізіліммен жіберіледі.