Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе Күшін жойған
Басқа 0
Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Алға аудандық мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3529 тіркелген, 2013 жылғы 19 наурыздағы аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 08 қарашадағы № 113 «Алға аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3692 тіркелген, 2013 жылғы 24 желтоқсандағы аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған), аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 03 сәуірде № 200 «Аудандық мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 70 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4307 тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірдегі аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Алға аудандық мәслихатының
2017 жылғы «26» қыркүйектегі № 116
шешіміне қосымша
Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі
Бөлім 1. 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстардың үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 3-1
3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не
нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау
үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық
үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 3-2
3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 20498 болып тiркелген) бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 5
5. Өтініштерді
қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан
Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы
2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет
көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 21500 болып тiркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге
асырылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік
корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін
тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Аз қамтылған отбасы (азамат)
(не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген
кезде осы Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінің 7
тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын
құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тармақ 9
9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген
сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі
банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.
Бөлім 2. 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
Тармақ 10
10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме.
Тармақша 2
2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға - 40 киловатт;
2 адамға - 60 киловатт;
3 адамға – 80 киловатт;
4 және одан да көп адамға - 100 киловатт;
Тармақша 3
3) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді күтіп-ұстау ай сайын:
1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;
Тармақша 5
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:
1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;
Тармақша 6
6) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға-18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерінде немесе жатақханадан бөлме;
Тармақша 7
7) тұрмыстық қалдықтарды шығару-ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 8
8) кәріз қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 9
9) сумен жабдықтау қызметтері-ай сайын әр адамға тариф бойынша;
коммуналдық қызметтердi есептейтiн құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтiк нормасын есептеу кезiнде есептегiштер көрсеткiштерiндегi нақты шығындар, бiрақ белгiленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады;
коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;
Тармақша 10
10) Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295 Н/Қ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.