Об утверждении Правил и случаев регистрации и снятия с учета в качестве безработных членов семей военнослужащих, сотрудников специальных государственных и правоохранительных органов, а также лиц, находящихся на их иждивении, не осуществляющих трудовую деятельность Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы, еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайларын бекіту туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ______________ Ж. Асанов 2017 жылғы 12 қыркүйек КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ______________Е. Біртанов 2017 жылғы «___» ________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы «___» ________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі _____________ С. Жасұзақов 2017 жылғы «___» ________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ______________А. Күреңбеков 2017 жылғы «___» _________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ______________ Қ. Қожамжаров 2017 жылғы «___» _________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры ______________Ғ. Байжанов 2017 жылғы «___» _________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы______________ К. Мәсімов 2017 жылғы «___» _________ КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ______________ Қ. Қасымов 2017 жылғы «___» _________
Басқа 0. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 320 бұйрығына қосымша Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде тіркеу және есептен шығару қағидалары мен жағдайлары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды (бұдан әрі – отбасы мүшелері) жұмыссыздар ретінде тіркеу мен есептен шығару тәртібі мен жағдайларын айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік органдар − Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел-іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
Тармақша 2
2) Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі − Қор) − аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) жұмыссыздар − жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс іздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
Тармақша 5
5) құқық қорғау органы − адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2 тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметшілерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды тіркеу тәртібі
2 тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметшілерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды тіркеу тәртібі
Тармақ 4
4. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) отбасы мүшелерін жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ерікті нысандағы жазбаша өтінішпен және отбасы мүшелерінің тізімін қоса кадрлық қамтамасыз ету және кадрлық саясат (бұдан әрі – кадр бөлімшелері) функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бөлімшелеріне жүгінеді.
Тармақ 5
5. Кадр бөлімшелері қызметкерлердің өтініштері негізінде отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады.
Тармақ 6
6. Қызметкерлерден өтініштері келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кадрлық бөлімшелер Қордың ақпараттық жүйесіне отбасы мүшелерінің «жұмыс істемейтін» деген ағымдағы статусын көрсете отырып олардың дербес деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізеді.
Тармақ 7
7. Қор енгізілген мәліметтердің негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде отбасы мүшелерінің пайдасына жарналардың болуын тексереді.
Тармақ 8
8. Қордың ақпараттық жүйесі автоматты режимде «жұмыс істемейтін» деген ағымдағы статуспен отбасы мүшелерінің тізімдерін қалыптастырады және «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне жолдайды.
Тармақ 9
9. Ағымдағы «жұмыс істемейтін» мәртебесі бар отбасы мүшелерінің тізімі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган үшін ғана «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарналардың немесе аударымдардың төленуін автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Тексеру қорытындысы бойынша, отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар төленбеген жағдайда, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде тіркеуді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде есептен шығару тәртібі
3-тарау. Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелерін, сондай-ақ олардың асырауындағы еңбек қызметін жүзеге асырмайтын адамдарды жұмыссыздар ретінде есептен шығару тәртібі
Тармақ 14
14. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадр бөлімшелерінің ақпараты негізінде, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексеру қорытындысы бойынша ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Кадрлар бөлімшелері мынадай жағдайлардың біреуі басталған кезде:
Тармақша 1
1) отбасы мүшесінің және (немесе) мүшелерінің «жұмыс істемейтін» деген статусы өзгерген;
Тармақша 2
2) қызметкерлер қызметін тоқтатқан;
Тармақша 3
3) отбасы мүшесі (мүшелер) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткен жағдайларда жұмыссыз ретінде есептен шығаруға жататын отбасы мүшелері туралы ақпаратты Қордың ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Тармақ 16
16. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару кадрлар бөлімшелерінің ақпараты негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) кадрлар бөлімшелері Қағидалардың 15-тармағына сәйкес жұмыссыз ретінде есептен шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпаратты Қордың ақпараттық жүйесіне енгізеді;
Тармақша 2
2) жұмыссыздар ретінде шығарылуға жататын отбасы мүшелері туралы ақпарат бір жұмыс күні ішінде автоматты режимде «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне беріледі;
Тармақша 3
3) отбасы мүшелері туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады;
Тармақ 17
17. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін ай сайынғы негізде тексеру қорытындылары бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелерінің пайдасына жарналар немесе аударымдар болған жағдайларда, жұмыссыз ретінде отбасы мүшелерін есептен шығару автоматты режимде жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығарған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде олар бойынша мәліметтер Қордың ақпараттық жүйесіне автоматты режимде жіберіледі.
Тармақ 19
19. Қордың ақпараттық жүйесіне тіркелген отбасы мүшелерін жұмыссыздар ретінде есептен шығару туралы мәліметтері енгізілген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қор тиісті ақпаратты кадрлар бөлімшелеріне жібереді.