Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов индивидуальному учебному плану Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Шығындарды өтеуді «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Байқоңыр қаласы үшін осы уәкілетті органның Байқоңыр қаласы бойынша секторы кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 4
4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:
Тармақша 1
1) он сегіз жасқа толғанда;
Тармақша 2
2) қайтыс болғанда;
Тармақша 3
3) мүгедектігін алып тастағанда;
Тармақша 4
4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
Тармақша 5
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
Тармақша 6
6) Қармақшы ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.
Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін уақытша атқарушы
________________Е.Біләлов
« 20 » қыркүйек 2017 жыл.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қармақшы аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________А.Байсынов
« 20 » қыркүйек 2017 жыл.