Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Казыгуртского районного маслихата» и его описания Күшін жойған
Басқа 0
«Қазығұрт аудандық мәслихат
аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру қағидаларын
және оның сипаттамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;
Тармақша 2
2) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.А.Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Қазығұрт аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 26
қыркүйектегі № 19/116
шешіміне 1-қосымша
«Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Қызметтік куәлік осы шешіммен бекітілген сипаттамаға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 4
4. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.
Тарау 2. 2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі
Тармақ 5
5. Қызметтік куәлік «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне Қазығұрт аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.
Тармақ 6
6. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.
Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша келісілген нысаны бойынша қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).
Тармақ 7
7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы персоналды басқару қызметіне жауапты маманның сейфінде сақталады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметіне жауапты маман қайтарып алады.
Тармақ 9
9. Персоналды басқару қызметіне жауапты маман жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.
Тармақ 10
10. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды персоналды басқару қызметіне жауапты маман жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу персоналды басқару қызметіне жауапты маманға жазбаша (ерікті) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.
Тармақ 12
12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметіне жауапты маман қызметтік тергеп-тексеру туралы өкімнің шығуынан кейін, он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тәртіптік комиссия кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.
Тармақ 13
13. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы персоналды басқару қызметіне жауапты маман хабардар
етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін персоналды басқару қызметіне жауапты маман береді.
Тармақ 14
14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті персоналды басқару қызметіне жауапты маманға тапсырады.
Куәлікті тапсырған кезде кету парағына персоналды басқару қызметіне жауапты маманның қолы қойылады.
Тармақ 15
15. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.
«Қазығұрт аудандық
мәслихат аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру
қағидаларына қосымша
Нысан
Қызметтік куәлікті беруді есепке алу
журналы
№
Қызметтік куәліктің нөмірі
Тегі, Аты, Жөні
(бар
болған жағдайда)
Атқаратын лауазымы
Берілген күні
Алғаны жөнінде жеке қолы
Қызметтік куәлікті ауыстыруы
және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)
Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)
Ескертпе
Ескертпе: Қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және персоналды басқару қызметіне жауапты маманның қолымен және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.
Басқа 24
Қазығұрт аудандық
мәслихатының 2017
жылғы 26 қыркүйектегі
№ 19/116 шешіміне
2-қосымша
«Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің сипаттамасы
Тармақ 1
1. Қызметтік куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк (көгілдір) түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.
Тармақ 2
2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен «КУӘЛІК», «УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.
Тармақ 3
3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында сары түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) тиісті мемлекеттік органның атауы, одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған.
Тармақ 4
4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), мемлекеттік орган басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.
Тармақ 5
5. Оң жағында: көгілдір түсті көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (екі жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.