Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Арыс Күшін жойған
Басқа 0
Арыс қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу мен жинақталу
нормаларын, тұрмыстық
қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта
өңдеуге және көмуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №10030 тіркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
Арыс қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
№15/107-VІ шешіміне
1 қосымша
Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын
объектілер
Есептік бірлік
Орташа жылдық жинақталу
нормалары,
м³
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,1
1,4
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,62
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,69
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,37
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,92
6
Емханалар
1 келіп кету
0,014
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,11
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,3
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,95
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,43
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1м²
0,03
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша
1 орын
0,03
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1м²
0,12
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
Сауда алаңы 1м²
0,34
15
Машиналардан сату
Сауда орнының 1м²
1,2
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1м²
0,38
17
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1м²
0,14
18
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1м²
0,05
19
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1м²
-
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1м²
0,23
21
Жағажайлар
Жалпы алаңы1м²
-
22
Дәріханалар
Сауда алаңы 1м²
0,21
23
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
1,36
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,95
25
Гараж кооперативтері
1 гаражға
-
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,58
27
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы
1м²
0,23
28
Зергерлік, аяққиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1м²
0,5
29
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
-
30
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1м²
0,18
31
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
0,3
32
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
-
Басқа 5
Арыс қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
№15/107-VІ шешіміне
2 қосымша
Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№
Атаулары
Есептік бірлік
Баға,
теңгемен
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері
1.1
Жайлы емес үйлер
1 адам
165
1.2
Жайлы үйлер
1 адам
145
1.3
Заңды тұлғалар
1 текше метр
1804
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері
2.1
Жеке тұлғалар үшін
1текше метр
150
1 тонна
800
2.2
Заңды тұлғалар үшін
1 текше метр
200
1 тонна
800
3
Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері
3.1
Түсті және қара металдар сынықтары
1 килограмм
60
3.2
Рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері
1 килограмм
10
3.3
Макулатура, картон және қағаз қалдықтары
1 килограмм
10
3.4
Пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы
1 дана
3
3.5
Шыны сынықтары
1 дана
5
3.6
Құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар
1 дана
5
3.7
Электрондық және электр жабдықтары
1 килограмм
20
3.8
Литий, қорғасын-қышқыл батареялары
1 килограмм
80