Об утверждении Правил субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындағаны туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы 20 қырқүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы « »
Басқа 0. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-2-бабына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді және жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау жергілікті бюджетте көзделген қаражаттың есебінен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерге беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің шығындарын субсидиялау тәртібі
2-тарау. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің шығындарын субсидиялау тәртібі
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы органдар табиғи-климаттық жағдайларды есепке ала отырып, энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға өтінімдерін қабылдаудың басталу және аяқталу күнін белгілейді. Жергілікті атқарушы органдар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерден отын сатып алуға өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 5
5. Энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер отын сатып алуға субсидия алуға өтінімін еркін нысанда (бұдан әрі – өтінім) тиісті жергілікті атқарушы органға ұсынады. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) отын сатып алуға субсидия алудың қажеттілігі туралы еркін нысандағы түсіндірме жазбахат;
Тармақша 2
2) өтінім берген сәтте субсидия алушының салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) банктік деректемелері;
Тармақша 4
4) жылу энергиясының өндірісіне отын қажеттілігін және оны сатып алуға субсидия сомасын есептеу;
Тармақша 5
5) ай сайын субсидияларды бөлу;
Тармақша 6
6) отынды жеткiзу шарты, тауар-көлiк жүкқұжаттары;
Тармақша 7
7) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша реттеп көрсетілетін қызметтерге тарифті (баға, жинақ мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 8
8) отын сатып алуға субсидияны бөлген/бөлмеген жағдайда жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге тариф шамаларын талдау;
Тармақша 9
9) алдағы жылыту маусымына жылу энергиясын нақты өндіру туралы ақпарат;
Тармақша 10
10) өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешек туралы мәліметтері бар бухгалтерлік баланс;
Тармақша 11
11) жылыту маусымын бастау кезеңіне отын қоры туралы ақпарат.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы орган энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъектінің өтінімін ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қарайды.
Тармақ 7
7. Энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъект құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) анық емес ақпарат ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъектіге құжаттарды қайтарады. Энергия өндіруші ұйым мен жылу өндіруші субъект өтінімді жергілікті атқарушы органға отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерден өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қайта ұсынады.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы орган өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша отын сатып алуға субсидияны алуға энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады және отын көлемі мен бөлінген субсидия сомасын көрсете отырып, оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады және табиғи монополиялардың тиісті салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді. Отын көлемдері Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10583 болып тіркелген) сәйкес анықталады.
Тармақ 9
9. Субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер өтінім берген отын түрі мен көлемі бойынша деректерді негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі: мұндағы: C – бөлінетін субсидияның сомасы (теңге); Vқс – қажетті субсидия көлемі (теңге); N – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (%). Қажетті субсидия көлемі (Vқс) мынадай формула бойынша есептеледі: мұндағы: Vо – отын көлемі (тонна немесе м3); Со – есептік жылға отын құны (теңге). Өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (N) мынадай формула бойынша есептеледі: мұндағы: ЖДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін жиналған дебиторлық берешек сомасы (теңге); ДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешектің жалпы көлемі (теңге).
Тармақ 10
10. Жергілікті атқарушы орган тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін бекіту туралы мәслихаттың шешімі шыққан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізбенің негізінде жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілерге отынды сатып алуға субсидияларды төлеу ведомостін қалыптастырады.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқарушы орган ведомостті қалыптастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төлеуге берілетін шотты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесіне ұсынады. Субсидияларды энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің банктік шоттарына аударуды жергілікті атқарушы органдар 5 (бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер жылыту маусымын өткізу кезеңінде ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшада берілген нысанға сәйкес жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға арналған субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есепті (бұдан әрі – есеп) жергілікті атқарушы органға ұсынады. Жергілікті атқарушы орган жылыту маусымы аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей өз интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер ұсынған есептердің қорытындылары бойынша ақпаратты орналастырады, сондай-ақ оны табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау тәртібі.
3-тарау. Коммуналдық меншіктегі энергия өндіруші ұйымдардың залалдарын (борыштарын) субсидиялау тәртібі.
Басқа 1. Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есеп ______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (ұйымның атауы)
Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша Нысан Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін отын сатып алуға субсидиялардың мақсатты қолданылуы туралы есеп ______________________________________________________________ _______________________________________________________________ (ұйымның атауы) 20__ жылға ____________________ облысы (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша ___________ мың. теңге № Та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі Ке­зең (ай) Суб­си­ди­я­лау со­ма­сы Иге­ріл­меу се­беп­те­рі Нақ­ты бө­лін­ді Иге­ріл­ді Ұйым басшысы_______________________ Бас бухгалтер________________________.
Басқа 2. Залалдарды (борыштарды) өтеуге берілген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп
Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілердің отын сатып алуға шығындарын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша Нысан Залалдарды (борыштарды) өтеуге берілген субсидиялардың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп