О состоянии работы акимов Бескарагайского и Абайского районов по реализации Положения Послания Президента страны народу Казахстан по пропаганде здорового образа жизни Күшін жойған
Басқа 0
Бесқарағай және Абай аудандары Әкімдерінің ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі қағидасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жағдайы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Абай, Бесқарағай аудандарының әкiмдерi ел Президентiнiң Қазақстан халқына "Қазақстан-2030"»Жолдауына сәйкес салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiнде белгiлi жұмыс атқарды. Екi ауданда да Президенттiң Жолдауы, салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiнде кешендi бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуда. Барлық жерде халықтың әртүрлi санаттарымен жиындар, осы тақырып бойынша насихатшылармен семинарлар өткiзiлдi.
Әкiмшiлiктердiң жанында Президенттiң Жолдауын насихаттау жөнiнде ақпараттық-лекторлық топтар жұмыс iстеуде, орталық аудандық ауруханаларда салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiнде кабинеттер, санитарлық-ағарту жұмысы жөнiнде лекторлық топтар құрылды.
Мектептердiң көпшiлiгiнде "Валеология" бағдарламасы бойынша сабақтар жүргiзiлуде, оқушылар салауатты өмiр салты жөнiнде диктанттар жазды. Екi ауданда да балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерi қалпына келтiрiлдi.
Аудандарда денсаулықтың Бүкiлдүниежүзiлiк Күнi, туберкулез, бруцеллез және онкологиялық аурулары бойынша профилактика жүргiзу жөнiнде айлықтар өткiзiлдi.
Абай ауданында "Сорос" бағдарламасы бойынша биология оқытушыларын оқыту өткiзiлдi, "Жастар денсаулығы - қоғам денсаулығы" ұранымен акция жүргiзiлдi.
Санэпидемқызметтерiнiң рыноктарға сапасыз азық-түлiк тауарларын әкелуге жол бермеу, тағамдық улануға профилактика жасау, санитарлықэпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi жұмысы жандандырылды.
1998 жылдың өн бойында салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi екi ауданның да әкiмдерiнде, орталық аудандық ауруханалардың медициналық кеңестерiнде үнемi тыңдалып отырды.
Бесқарағай ауданының әкiмi мемлекеттiк қызметшiлердi, дәрiгерлердi спортпен шұғылдануға қатыстыру жөнiнде шара қолданды. Мұнда оқушылардың қысқы спартакиадасы, оқушылар мен село жастары арасында әкiм кубогына баскетбол, волейбол, шағын футбол және спорттың басқа түрлерi бойынша жарыстар өткiзiлдi.
Қолданылған шаралар 1998 жылы бiрқатар әлеуметтiк қауiптi ауруларды (гепатит, чесотка, сифилис және басқалары) едәуiр азайтуға мүмкiндiк бердi.
Мұнымен қатар Абай және Бесқарағай аудандары әкiмдерiнiң салауатты өмiр салтын насихаттаудағы жұмысында елеулi кемшiлiктер мен олқылықтар бар.
Жастарды денешынықтырумен және спортпен үнемi шұғылдануға қатыстыру жөнiндегi жұмыс нашар жүргiзiлуде. Аудандардың оқу орындарында қажеттi спорт базасы жоқ, спорт мүкәммалдары жетiспейдi, сауықтыру жүгiрiсiне, Порфирий Ивановтың сауықтыру жүйесiн халық арасында насихаттау мен енгiзуге тиiстi көңiл бөлiнбеуде. Денсаулығы бойынша арнайы топтарға жатқызылған оқушылармен сабақтар өткiзу сияқты жұмыстың маңызды түрi қолданылмайды, физкультура жөнiнде факультативтi сабақтар жүргiзiлмейдi. Валеология сабақтарын өткiзуге медицина қызметкерлерi жеткiлiктi қатыстырылмайды.
Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруда елеулi кемшiлiктер бар. Абай ауданында ыстық тағаммен оқушылардың небәрi 5%, Бесқарағай ауданында - 27% қамтылған. Оқушыларға ұсынылатын тағамдардың түр-түрi кедей. Тағам рационында балық, көкөнiс, жемiс жоқ, белоктар жетiспейдi, қышқыл-сүт өнiмдерiн жеткiзуде үздiк-создық орын алған, соңғы үшжылдың iшiнде С - витаминизациялау жүргiзiлмеген.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету екi ауданда да шешiлмеген проблема болып табылады. Бесқарағай ауданында жетi су құбырларында су дұрыс тазартылмайды. Аудан орталығында бөлгiш желiсi талапқа сай емес, су құбыры колонкаларының 50% жұмыс iстемейдi. Су құбыры құрылыстары мен желiлерiн жөндеу және тазарту дер кезiнде жүргiзiлмеген.
Абай ауданында төрт су құбырынан екi су құбыры жарамсыз болғандықтан жұмыс iстемейдi. Бүтiндей аудан бойынша 52 колонканы қалпына келтiру қажет. Жұмыс iстейтiн су құбырларын жуу және тазарту жүргiзiлмеген.
Елдi мекендердiң аумақтарын тазарту жөнiндегi шаралар қанағаттанғысыз орындалуда. Тек аудан орталықтары ғана тазартылған. Арнайы жабдықталған күресiнiң жоқтығына байланысты тазарту қоқыстарды селолардын шетiне, автожол маңына үюмен шектелуде.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Абай ауданының әкiмi К.К.Төлеубековтың, Бесқарағай ауданының әкiмi М.С.Уәлиевтың есептерi еске алынсын.
әкiмдердiң назары салауатты өмiр салтын насихаттаудағы және бұл үшiн қажеттi жағдайлар жасаудағы келешiлiктерге, оларды жою жөнiнде нақты шаралар белгiлеуге аударылсын.
Тармақ 2
2. Аудандардың әкiмдерi ел Президентiнiң халыққа "Қазақстан-2030"» Жолдауын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау, бiлiм, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерiнде, өндiрiстiк ұжымдарда салауатты өмiр салты жөнiнде ақпарат құралдарын ресiмдеу, аудандық ауруханалар жанында тиiстi кабинеттердi қажеттi жабдықтармен жарақтандыру жөнiнде шаралар кешенiн қамтамасыз етсiн:
- мемлекеттiк мекемелердiң, меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардың практикасына физкультура мен және спортпен үнемi шұғылдану енгiзiлсiн. Балалар мен жасөспiрiмдер арасында хоккей, "Айқайық" шахматы, дойбысы бойынша бұқаралық спорт шараларын ұйымдастыруға, мектептер мен аудандардың Президенттiк жазғы және қысқы тестiлерi бойынша олимпиадаларын өткiзуге ерекше назар аударылсын;
- әрбiр оқу орнында, елдi мекенде футбол алаңдарын, баскетбол, волейбол, хоккей алаңдарын, стандартты емес жабдықтарымен спорт құрылыстарын, бастауыш әскери даярлық жөнiнде кешендер салу және тиiмдi пайдалану жөнiнде шаралар қолданылсын;
- оқушыларды ыстық тағаммен неғұрлым толық қамту, мектеп асханаларында өнiмнiң түр-түрiн көбейту жөнiнде шаралар қолдансын. Бұл мақсат үшiн мектеп жанындағы учаскелерде және оқу орындарында бөлiнген жер үлестерiнде көкөнiс, картон, жемiс-жидек дақылдарын өсiру ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмдерi облыстық бiлiм департаментiмен (Видова О.И.), облыстық денсаулық сақтау (Жiгiтаев Х.Т.), жастар iстерi, туризм және спорт (Войтов Н.И.) басқармаларымен бiрге жаңа оқу жылынан бастап физкультура бойынша және спорт секцияларындағы факультеттiк сабақтарға
ақы төлеу мәселесiн шешсiн, жалпы бiлiм мектептерiнде: оларда аудандық балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң филиалдарын құрсын, арнайы медициналық топтарға жататын балалармен физкультура сабақтары қажеттiлiгiне қарай ұйымдастырылсын, балалардың осы санатымен жұмыс iстейтiн физкультура мұғалiмдерi үшiн арнайы семинарлар өткiзiлсiн. Халықты, әсiресе балалар мен жасөспiрiмдердi Порфирий Ивановтың сауықтыру жүйесiне қатыстыру жөнiнде кең түсiнiк науқаны жүргiзiлсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық жастар iстерi, туризм және спорт басқармасы (Войтов Н.И.) қалалар мен аудандардың әкiмдерiне халық арасында Президенттiк тестердi тапсыру жөнiнде жарыстар, спорттың халық түрлерi бойынша аудандық жарыстар ұйымдастыру мен өткiзуде, аудандардың командаларын облыс Әкiмiнiң жүлдесiне облыстық ойындарға әзiрлеуге, спорт секцияларын, жастар арасында спорттың әскери-техникалық түрлерi бойынша үйiрмелерiн көбейтуге, балауса балалардың спорттық клубтарын құруға нақты көмек көрсетсiн.
Тармақ 5
5. Аудандар әкiмдерi осы шешiмнiң орындаулуы туралы ақпаратты 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейiн берсiн.
Тармақ 6
6. Шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң орынбасары Т.Ж. Абайдiлдинге жүктелсiн.