О Положении об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі учаскелік комиссиялар жөніндегі Ереже туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 26.05.2005 № 196 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 5- бабының 3-тармағына сәйкес
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 12 қаңтардағы № 2 шешімімен бекітіліп, ұсынылған учаскелік комиссиялар туралы Ережеге келісім берілсін.
Басқа 2. Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Қостанай облыстық мәслихатының
2002 жылғы 8 ақпандағы
№ 179 шешіміне қосымша
Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Осы Ереже мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоніндегі (мәтінде әрі қарай-учаскелік комиссия) учаскелік комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Бап 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссия атаулы әлеуметтік комек сүраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жагдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссиялардың құрамына жергілікті окілді орғандардың, жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, үйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау орғандарының окілдерін енгізуге болады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысын,комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап беретін, төраға басқарады.
Төраға болмаған жағдайда оның міндетін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Учаскелік комиссиялар озінің кызметінде қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады,оз қызметін ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комиссия оз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер мен күкьщтар
2. Негізгі міндеттер мен күкьщтар
Тармақ 5
5. Учаскелік комиссиялар томендегі міндеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орғандарға және поселке, ауыл (село) өкімдеріне халыққа әлеуметтік комек корсету жөніндегі қызметіне, әлеуметтік комектің атаулы сипатын арттыру және қаражатты ең мүқтаж отбасыларына бағыттау мақсатындағы қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) уәкілетті орғанның немесе ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік көмек алудан үміткерлердің келісім бергендерінің түрып жатқан орындарына барып,материалдық жағдайын нақтылы тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) уәкілетті орғанның, поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша табыс етілген құжаттарды ішінара тексереді;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік комек берудің қажеттігі туралы (арыз беруші табыс еткен құжаттардың,әлеуметтік карталардың немесе арыз беруші отбасын материалдық тексерудің негізінде)бекітілген үлгі бойынша қорытынды әзірлейді.
б. Егер атаулы әлеуметтік комек беру қажеттігі туралы қорытынды жасағанда,комиссия мүшелерінің бекітілген құрам санының 2/3 қатысса, комиссия шешім қабылдауға өкілетті.
Комиссияның қорытындысы ашық дауыспен қабылданады және қатысып отырған комиссия мүшелерінің кобі қорытындыға дауыс берсе,ол қабыданған болып есептеледі.Дауыс бірдей болған жағдайда комиссия торағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті орғандардан қажетті мәліметтерді сүратуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
Тармақ 7
7. Арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексеруді учаскелік комиссиялар уәкілетті орғанның немесе поселке,ауыл(село) әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізеді.
Учаскелік комиссиялар тексеру барысында арыз берушінің атаулы әлеуметтік көмек сүрауына байланысты жағдайларды анықтайды.
Төмендегі жағдайларға көңіл боледі:
отбасының құрамы;
отбасы мүшелерінің жүмыс істейтіндерінің саны;
еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелерінің жүмыс істемейтіндерінің (жүмыссыздарының, жүмыспен қамту мәселелері жоніндегі уәкілетті орғанда тіркелгендерінің (тіркелмегендерінің) саны;
отбасында 7 жасқа дейінгі баланы,16 жасқа дейінгі мүгедек баланы, 1 және 2 топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарттарды,ауруларды күтіп отырған еңбекке қабілетті адамның болуы;
отбасында кәмелетке толмаған балалардың және күтуге мүқтаж адамдардың (мүгедектердің, қарттардың, аурулардың) болуы;
жүмыспен қамтылмағаны туралы мәлімдегендердің нақтылы табыс деңгейі (отбасы мүшелерінен, коршілерден сүрау арқылы анықталады);
шартты жер үлесінің, малдың (ірі қара мал, жылқы, түйе, қой, шошқа), құстың (тауық, үйрек, қаз), жер учаскесінің, оның ішінде үй жанындагы учаске, бақша, саяжайлардың болуы және саны, оларды пайдаланудан түсіп отырған нақтылы табыстың мөлшері;
үй-жайдың (пәтердің, үйдің) болуы және саны;
пайдалануға жарамды автокөліктің (мүгедектіктіктен басқа) болуы немесе болмауы;
мүліктік үлестің болуы және саны;
басқалар.
Әлеуметтік көмек алуға арыз берушінің және оның отбасының материалдық жагдайын тексеру арыз берушінің немесе кәмелетке толған отбасы мүшесінің қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Қажет болған жагдайда учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімі тапсырма берген күннен бастап бес күндік мерзімде атаулы әлеуметтік көмек сүрап, өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жагдайына тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша учаскелік комиссиялар қорытынды әзірлейді, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды және оны уәкілетті орғанға немесе поселке, ауыл (село) әкіміне табыс етеді.
Арыз беруші тексеру жүргізуден бас тартса, комиссия тиісті қорытынды жасайды және оны уәкілетті орғанға немесе поселке, ауыл (село) әкіміне табыс етеді.
Тармақ 9
9. Арыз берушінің және оның отбасының материалдық жагдайын учаскелік комиссиялар азаматтардың жеке оміріне деген сыйластықты сақтай отырып, олардың қадыр-қасиетін қорлайтындай іс-қимылға бармайтын жагдайда откізуге тиіс.
Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы деректерді жария етпеуге міндетті.