Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и в пригородном сообщении города Кентау Күшін жойған
Басқа 0
Кентау қаласының қалалық
және қала маңы қатынастарында
жолаушылар мен багажды тұрақты
автомобиль көлігімен тасымалдау
тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына және «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7297 болып тіркелген) сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін;
Жолаушыларға, егер ол жеке орын алмаса, өзімен бірге жеті жасқа дейінгі бір баланы тегін алып жүру құқығы берілсін және 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру ақысы осы қаулының 1 тармағында белгіленген тарифтің 50 (елу) проценті.
дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 40 (қырық) теңге;
осы қаулының қосымшасына сәйкес тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 200 (екі жүз) теңге.
Тармақ 2
2. Кентау қаласының қала маңы маршрутына жолаушылар мен багажды тасымалдауға 1 километрге 5,40 теңге тарифі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы №318 «Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2815 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 қазандағы «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Н.Ташимовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Кентау қалалық мәслихатының
хатшысы Т.Балабиев
29 қыркүйек 2017 жыл
Басқа 6
Кентау қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 5 қазандағы
№267 қаулысына қосымша
Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері
№
Маршруттың атауы
Қашықтық (шақырым)
Жол жүру құны
1
Кентау – Ащысай
56
200