Об организации мероприятий по защите рабочих, служащих и населения области от сильнодействующих ядовитых веществ на химически опасных объектах Күшін жойған
Басқа 0
Облыс жұмысшыларын, қызметшілері мен халқын химиялық қауіпті объектілердегі күшті әсер ететін улы заттардан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімиятының 2004 жылғы 2 наурыздағы N 371 қаулысымен.
Жұмысшыларды, қызметшілерді және халықты күшті әсер ететін улы заттардан (КӘУЗ) қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыруды жетілдіру, күшті әсер ететін улы заттарды өндіретін, пайдаланатын және сақтайтын объектілерде қауіпсіздік шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатында және химиялық қауіптілігінің деңгейі бойынша жүргізілген сыныптауға сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының химиялық қауіпті объектілерінің тізбесі бекітілсін ( N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Химиялық қауіпті объектілерді тексеру жөніндегі облыстық комиссия құрылсын (N 2 қосымша).
Қалалар мен аудандардың әкімдері осындай комиссиялар құрсын, жыл сайын қалалар мен аудандардың аумақтарындағы химиялық қауіпті объектілерді тоқсан сайын тексеруді жоспарласын.
Тармақ 3
3. "Облыс жұмысшыларын, қызметшілері мен халқын химиялық қауіпті объектілердегі күшті әсер ететін улы заттардан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 2000 жылғы 27 сәуірдегі N 1-1-886 өкімі күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімі аппаратының басшысы Т.Т.Ибраевқа жүктелсін.
Басқа 5. Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы химиялық
қауіпті объектілердің (ХҚО)
Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің
2002 жылғы 25 ақпан N 1158
шешіміне N 1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы химиялық
қауіпті объектілердің (ХҚО)
ТІЗБЕСІ
Шығыс Қазақстан облысының
төтенше жағдайлар
жөніндегі басқармасының
бастығы
Басқа 6. Шығыс Қазақстан облысының химиялық қауіпті
объектілерін
тексеру жөніндегі комиссияның
Шығыс Қазақстан
облысы Әкімінің
2002 жылғы 25 ақпан
N 1158 шешіміне N 2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының химиялық қауіпті
объектілерін
тексеру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қажет болған жағдайда
химиялық қауіпті объектілерді тексеру жөніндегі облыстық комиссияның жұмысына төтенше
жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері қатысады.
Облыстық комиссия қалалар мен
аудандардың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияларының мүшелерін тексеруге қатыстыра
алады.
Тексерулер 3 данада актілермен
ресімделсін, актілер "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы"
мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
Шығыс Қазақстан облысының
төтенше жағдайлар
жөніндегі басқармасының
бастығы