Об утверждении Правил проведения экспертизы и испытаний сортов растений на патентоспособность и хозяйственную полезность Күшін жойған
Басқа 0
Өсiмдiк сорттарының патенттiк мүмкiндiгi мен шаруашылық пайдалығына сараптама және сынақ жүргiзу ережесiн бекiту туралы
"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Z990422_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Өсiмдiк сорттарының патенттiк мүмкiндiгi мен шаруашылық пайдалығына сараптама және сынақ жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Егiншiлiк департаментi және Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия осы бұйрықтан туындайтын қажеттi шараларды қолдансын.
Тармақ 3. Өсімдік сорттарының патенттік мүмкіндігі мен шаруашылық пайдалығына сараптама және сынақ жүргізу ЕРЕЖЕСІ
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2001 жылғы 21 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2001 жылғы 28 желтоқсандағы
N 411 бұйрығымен
бекітілген
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінің
Санатшылық меншік құқығы
жөніндегі комитетінің төрайымы
2001 жылғы 28 қараша
Өсімдік сорттарының патенттік мүмкіндігі мен шаруашылық пайдалығына сараптама және сынақ жүргізу ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Z990422_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және өсімдік сорттарының патенттік мүмкіндігі мен шаруашылық пайдалығына сараптама және сынақ жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өсімдік сорттарының патенттік мүмкіндігі мен шаруашылық пайдалығына сараптауды және сынауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - Мемкомиссия) жүргізеді.
Тармақ 3
3. Өсiмдiк сортын сараптау қатарына Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Санатшылық меншiк құқығы жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес оны әрi қарай қарау және сортқа зертханалық сараптама жүргiзу туралы шешiм қабылдаған өтiнiштiң және селекциялық жетiстiктiң сауалнамасына сараптама жүргiзу енедi.
Тармақ 4
4. Өсiмдiк сортын патенттiк мүмкiндiгi мен шаруашылық пайдалығына сараптау қатарына сорттың ерекшелiгiне, бiртектiлiгiне және тұрақтылығына сынақ жүргiзу және сорттың шаруашылық пайдалығына сынақ жүргiзу енедi.
Тармақ 2. 2. Өтiнiштi сараптау
2. Өтiнiштi сараптау
Тармақ 5
5. Мемкомиссия түскен күннен бастап екi айдың iшiнде өтiнiшке:
осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес селекциялық жетiстiктiң жаңалығы;
өтiнiш берушiнiң сауалнамасында көрсетiлген сорт белгiлерiнiң сипаттамасы мен тапсырылған үлгiлердiң сәйкестiгi;
тиiстi сортқа мiнездеме беретiн қосымша құжаттардың мазмұны бойынша сараптама жүргiзедi.
Тармақ 6
6. Селекциялық жетiстiктiң жаңалығын сараптау Мемкомиссия бекiткен тiзбе бойынша тапсырылған құжаттар негiзiнде, оларды және сорттық құрамды пайдалану мен сорттар рыногын зерттеу туралы мәлiметтердi талдау арқылы жүргiзiледi.
Егер де өтiнiштiң жаңалығын тексеру нәтижесiнде сорттың жаңалық критерийлерiне сай еместiгi белгiлi болса, Мемкомиссия тиiстi қорытындыны Комитетке жiбередi.
Мемкомиссияның қорытындысы негiзiнде Комитет тиiстi шешiм қабылдайды және ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
Тармақ 7
7. Кез келген мүдделi тұлға Заңның 8-бабының 6-тармағына сәйкес жүргiзiлген өтiнiш туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап алты айдың iшiнде Мемкомиссияға селекциялық жетiстiктiң жаңалығына қатысты наразылықтарын жiбере алады. Ол туралы Мемкомиссия наразылықтың мәнiсiн баяндау арқылы өтiнiш берушiге хабарлайды. Наразылықпен келiспеген жағдайда өтiнiш берушi хабар алған күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде Мемкомиссияға негiзделген қарсылық жiберуге құқысы бар.
Белгiленген мерзiмде келiп түскен наразылықтарды қарастыру нәтижелерi бойынша Мемкомиссия селекциялық жетiстiктiң жаңалық критерийлерiне сай немесе сай еместiгi туралы қорытынды жасайды және оны Комитетке жiбередi. Мемкомиссияның қорытындысы негiзiнде Комитет тиiстi шешiм қабылдайды және ол туралы мүдделi тұлғаларға хабарлайды.
Тармақ 3. 3. Сортты зертханалық сараптау
3. Сортты зертханалық сараптау
Тармақ 8
8. Зертханалық сараптама жүргiзу үшiн өтiнiш берушi Мемкомиссияның талабы бойынша дақылдар жөнiндегi Мемкомиссияның нормативтiк құжаттары мен әдiстемелерiнде көрсетiлген данада тиiстi деректердi (тұқымдардың үлгiлерi, масақтар, түйнектер, өсiмдiктердiң бөлшектерi) және тиiстi төлем жасалғанын растайтын құжатты тапсырады.
Тармақ 9
9. Селекциялық жетiстiктiң сауалнамада көрсетiлген белгiлерге сәйкестiгiн зертханалық сараптау барысында:
Тармақша 1
1) жиналған мәлiметтер банкiн пайдалану арқылы басқа селекциялық жетiстiктерден ерекше белгiлерiнiң бар-жоғы айқындалады;
Тармақша 2
2) тапсырылған деректердi көзбен шолып талдау негiзiнде белгiлердiң бiртектiлiгiне баға берiледi;
Тармақша 3
3) электрофорез әдiсiмен биохимиялық зерттеулер жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Үлгiлердi зертханалық талдаудың нәтижелерi расталмаған және электрофоретикалық спектрдың морфология және белок формуласы бойынша айқын бiлiнетiн ерекше белгiлерi болмаған жағдайда Мемкомиссия Комитетке сорттың ерекшелiк және (немесе) бiртектiлiк талаптарына жауап бермейтiнi туралы қорытынды жiбередi.
Тармақ 11
11. Зертханалық талдаудың нәтижелерi расталған жағдайда Мемкомиссияның сараптамалық кеңесi ерекшелiгiне, бiртектiлiгiне және тұрақтылығына мемлекеттiк сынақ жүргiзу туралы шешiм қабылдайды.
Бұл ретте Мемкомиссия өтiнiш берушiге көрсетiлген сынақтарды өткiзуге дайын екендiгi және тиiстi төлем жасау қажеттiлiгi жөнiнде хабарлайды.
Тармақ 4. 4. Сорттың ерекшелiгiн, бiртектiлiгiн және тұрақтылығын сынау
4. Сорттың ерекшелiгiн, бiртектiлiгiн және тұрақтылығын сынау
Тармақ 12
12. Өтiнiштiң патенттiк мүмкiндiгiне сараптама жүргiзу кезiнде:
ерекшелiгiне сынақ;
бiртектiлiгiне сынақ;
тұрақтылығына сынақ;
зерттеу нәтижелерiне талдау жүргiзiледi.
Өсiмдiк сортын патенттiк мүмкiндiгiне сынау әдiстеме талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Сорт, егер де ол патент беруге өтiнiш берiлген сәтте бар екендiгi жалпыға белгiлi кез келген басқа сорттан өте ерекше болса, ерекшелiк критерийлерiне сай деп танылады.
Ерекшелiктерiн далалық сынақ - кезiнде айқындауға болатын селекциялық жетiстiктiң белгiлерi жақсы көрiнiп, дәл бейнелеуге және қайталауға мүмкiн болуы тиiс.
Селекциялық жетiстiк, егер де ол көбею ерекшiлiктерiн есепке алғанда селекцияланатын белгiлерi бойынша бiртектi болып қала берсе, бiртектi деп саналады.
Селекциялық жетiстiк, егер де оның негiзгi белгiлерi әр репродукцияланғаннан кейiн, ал көбеюдiң ерекше циклы болған жағдайда - көбеюдiң әр циклының соңында өзгермей қала берсе, тұрақтылық критерийiне сай деп танылады.
Тармақ 14
14. Ерекшелiгiне, бiртектiлiгiне және тұрақтылығына сынақ жүргiзу үшiн өтiнiш берушi Мемкомиссияның тәртiптемелерi бойынша Мемкомиссияның өтiнiш берушiге жiберген хабарында көрсетiлген мекен-жайларға және мерзiмде дәннiң қажеттi санын және дақылға байланысты өсiмдiктiң белгiлi бiр бөлiктерiн тегiн тапсырады.
Тармақ 15
15. Мемкомиссия өтiнiш берушiден селекциялық жетiстiктiң ерекшелiгiне, бiртектiлiгiне және тұрақтылығына сынақ жүргiзу үшiн қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
Тармақ 16
16. Сараптау нәтижесiнде селекциялық жетiстiктiң белгiлерiнiң өтiнiш берушiнiң сауалнамада көрсеткенiне сәйкестiгi айқындалады. Ерекшелiгiне, бiртектiлiгiне және тұрақтылығына жүргiзiлген сараптаманың бағасы мәлiметтер банкiн пайдалану арқылы Мемкомиссияда өңделедi.
Тармақ 17
17. Мемкомиссия Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиiстi шарт жасасқан басқа да мемлекеттердiң басқа ұйымдары жүргiзген сынақтардың нәтижелерiн, сондай-ақ өтiнiш берушi тапсырған мәлiметтердi пайдалануға құқылы.
Тармақ 5. 5. Сорттың ерекшелiгiне, бiртектiлiгiне және тұрақтылығына сынақ жүргiзуге өткiзiлетiн үлгiлерге қойылатын талаптар
5. Сорттың ерекшелiгiне, бiртектiлiгiне және тұрақтылығына сынақ жүргiзуге өткiзiлетiн үлгiлерге қойылатын талаптар
Тармақ 18
18. Үлгiлердi және тұқымды (отырғызылатын материалды) iрiктеу былтырғы жылғы өнiмнен мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады және тұқым куәлiгiмен жолдамаланады.
Үлгiлер және тұқым (отырғызылатын материал) карантиндiк зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден, бөтен қоспалардан, басқа дақылдардың тұқымдарынан бос болуы тиiс. Үлгiлер, егер оны Мемкомиссия айтпаса, қабықталмаған, дәрiленбеген болуы тиiс.
Тармақ 19
19. Сорт үлгiсiнiң мынадай ақпарат жазылған iшкi және сыртқы этикеткалары болуы керек:
сорттың аты (егер аты әлi айқындалмаса, селекциялық нөмiрi жазылады). Шетелдiк сорттың аты өтiнiш берушiнiң тiлiнде және мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi ғибарада жазылады;
тегi, түрi (мемлекеттiк немесе орыс және латын тiлдерiндегi аты).
Тармақ 20
20. Сондай-ақ өтiнiш берушi Қазақстан Республикасының тұқымдық сорттық тектiк қорын құру және үзбей сақтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған мекеме құрамына гербарийлер, дәндер, түйнектер, баданалар, қалемшелер, гүл шоғырлары (масақтар, шашақгүлдер, собықтар және өсiмдiктiң басқа да бөлiктерi) енетiн үлгiнi жiбередi.
Тармақ 6. 6. Мемкомиссиямен хат жазысуды жүргiзу
6. Мемкомиссиямен хат жазысуды жүргiзу
Тармақ 21
21. Хат жазысуды өтiнiш берушi немесе оның соған уәкiлеттелген өкiлi әр өтiнiш бойынша бөлек жүргiзедi.
Мемкомиссияға жiберiлетiн құжаттарда өтiнiштiң нөмiрi және өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы болуы тиiс. Өтiнiш нөмiрi көрсетiлмеген құжаттар қаралмастан қайтарылып берiледi.
Тармақ 22
22. Іс жүргiзу мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жүргiзiледi.
Тармақ 23
23. Қате рәсiмделген құжаттарды Мемкомиссия қарамайды. Мұндай
құжаттар тапсырған тұлғаға тиiстi хабар жiберiледi.
Тармақ 24
24. Сорт өтiнiшiне қосымша түскен және өтiнiштiң алғашқы құжаттарында көрсетiлмеген және өтiнiш берiлген сорттың мәнiн өзгертетiн белгiлер бар құжаттар өтiнiштi қарау кезiнде көңiлге алынбайды, ол туралы Мемкомиссия өтiнiш берушiге хабарлайды.
Тармақ 7. 7. Патенттiк мүмкiндiкке сараптама жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытындылар
7. Патенттiк мүмкiндiкке сараптама жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытындылар
Тармақ 25
25. Егер де Мемкомиссия жүргiзген сараптаманың нәтижесiнде өтiнiш берiлген селекциялық жетiстiктiң патент мүмкiндiгiнiң шарттарына сай екендiгi белгiлi болса, Мемкомиссия патент беру туралы қорытындымен бiрге тиiстi үлгi бойынша сорттың сипаттамасын жасайды және оны екi данада Комитетке жiбередi.
Тармақ 26
26. Егер де Мемкомиссия өтiнiш берiлген селекциялық жетiстiктiң патент мүмкiндiгiнiң ең болмағанда бiр шартына сай емес екендiгiн айқындаса, Мемкомиссия тиiстi қорытынды жасайды және оны екi данада Комитетке жiбередi.
Тармақ 8. 8. Селекциялық жетiстiктi сақтау
8. Селекциялық жетiстiктi сақтау
Тармақ 27
27. Патент иесi патенттiң күшi бар мерзiм iшiнде Қорғалатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне тiркелген күнi жасалған сорттың сипаттамасында көрсетiлген белгiлерi сақталатындай қылып сортты қолдауға мiндеттi.
Тармақ 28
28. Патент иесi сортқа қарсылықтар болған жағдайда Мемкомиссияның сұранысы бойынша бақылау сынақтарын және сорттың сақталуын тексерудi жүргiзу үшiн сұраныс жiберiлген күннен бастап он екi айдың iшiнде үлгiлердi және талап етiлген құжаттарды жiберуге мiндеттi.
Тармақ 29
29. Осы Ереженiң 28-тармағында көрсетiлген талаптар орындалмаған жағдайда, заңнамамен белгiленген тәртiппен патенттiң күшi жойылады.
Тармақ 9. 9. Сорттарды шаруашылық пайдалығына сынау
9. Сорттарды шаруашылық пайдалығына сынау
Тармақ 30
30. Сорттарды шаруашылық пайдалығына сынауға өтiнiш беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Сорттарды шаруашылық пайдалығына сынау ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттiк сортсынау әдiстемесi бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 31
31. Шаруашылық пайдалығы мемлекеттiк сынау немесе өтiнiш берушiнiң мәлiметтерi нәтижелерi бойынша бағаланатын тектер мен түрлердiң тiзбесiн Мемкомиссия белгiлейдi.
Тармақ 10. 10. Сорттарды шаруашылық пайдалығына сынау нәтижелерi бойынша қорытындылар
10. Сорттарды шаруашылық пайдалығына сынау нәтижелерi бойынша қорытындылар
Тармақ 32
32. Сортты шаруашылық пайдалығына сынау нәтижелерi бойынша шаруашылық-пайдалы белгiлерiнiң құндылығын негiздеу арқылы қорытынды жасалады және Пайдалануға жол берiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне (бұдан әрi - Мемтiзiлiм) өзгерiстер енгiзу жөнiнде тиiстi шешiм қабылдау үшiн ұсыныс енгiзiледi.
Тармақ 33
33. Мемтiзiлiмге өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныстарды Мемтiзiлiмге өзгерiстер қарастыру және енгiзу жөнiндегi республикалық комиссия қарайды.