О некоторых вопросах органов прокуратуры Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының
прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына және «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы;
Тармақша 3
3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылды деп танылатын кейбір жарлықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бас прокуратура) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы, ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады.
Бас прокуратура Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесіне (бұдан әрі – прокуратура органдарының жүйесі) басшылықты жүзеге асырады, мемлекет атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекет атынан және мүддесінде активтерді қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Бас прокуратура, оған бағынысты ведомстволар, білім беру ұйымы, әскери прокуратураның және көлік прокуратурасының органдары, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды.
Тармақ 2
2. Бас прокуратураның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет) және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті) болады.
Тармақ 3
3. Бас прокуратура өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бас прокуратура мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген рәміздері және ерекшелік белгілері, мөрлері, және қазақ тілінде және басқа да тілдерде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бас прокуратура азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бас прокуратураға уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бас прокуратура өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі – Бас Прокурор) бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бас прокуратураның құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бас прокуратураның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бас прокуратураның қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен, сондай-ақ активтерді қайтаруға қатысты қызмет бөлігінде Арнаулы мемлекеттік қордан жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бас прокуратураның өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Бас прокуратураның кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілерде Бас прокуратураға кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Бас прокуратураның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тарау. Бас прокуратураның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру;
заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ оның салдарын анықтау және жою;
құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) жүктелген міндеттер шегінде заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару;
заңсыз иемденілген, оның ішінде шығарылған активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
активтерді қайтару жөніндегі халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту;
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
прокуратура органдарының функцияларды тиімді түрде орындауын қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдарына жүктелген функциялар мен өкілеттіктер шегінде олардың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне интеграцияланған ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып талдау;
шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда – қылмыстық қудалау, заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару (бұдан әрі – активтерді қайтару) мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің мүддесін білдіру;
халықаралық шарттар жасасу, қылмыстық-құқықтық саладағы және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимыл жасау;
заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізу;
активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығына тексеру, ақпаратқа мониторингтеу мен талдау жүргізу;
Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, сондай-ақ Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен прокуратура актілерін енгізу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіру;
меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін актілеріне, егер бұл актілер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, сондай-ақ тұлғалардың шектелмеген тобына қатысты болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіру;
жоғары тұрған сотқа заңды күшіне енбеген сот актісін қайта қарау туралы өтінішхат келтіру;
Қазақстан Республикасының заңында көзделген негіздер болған кезде және тәртіппен тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды, заңсыз актінің қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруды талап ету;
прокуратура органдарындағы материалдар, жолданымдар бойынша сараптамаларды тағайындау, уәкілетті органдардан тексеру жүргізуді талап ету және олардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеу;
өзге де органдар мен ұйымдардың мамандарын заңдылықтың сақталуын тексеруге қатысуға және қорытынды беруге тарту;
қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыруға тарту;
жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және қаралатын жолданым мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін шақырту және олардан түсініктер алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып, жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау, сондай-ақ жолданымды қарау мәселелері бойынша ақпаратты, материалдар мен құжаттарды, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді және атқарушылық іс жүргізуді талап ету және алу;
дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге, атқарушылық іс жүргізуге және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолжетімділік алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында техникалық тіркеу құралдарын қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру қызметін, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшылары мен қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті болатын нұсқаулар беру;
қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша адамдарды, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды жеткізудің, ұстап алудың заңдылығын, сондай-ақ күзетпен ұстауда отырған не бас бостандығы өзгеше түрде шектелген адамдарды ұстау тәртібі мен шарттарын тексеру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігінің күзетпен ұстауда отырған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайына әсер ететін актілерінің заңдылығын тексеру, заңсыз шешімдерінің күшін жою;
қылмыстық-атқару жүйесі органдарының сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру туралы актілерін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қарау;
тергеп-тексеру органдарының күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхаттарын Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қарау;
қадағалауды жүзеге асыру кезінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуіне бастамашылық жасау;
қадағалауды жүзеге асыру кезінде құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерінің, жедел есепке алудың істерін, материалдарды, құжаттарды, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, басқа да қажетті мәліметтерді сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізуге санкция беру, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде байланыс желілерінде жүзеге асыру заңдылығының сақталуына тексеру жүргізу;
қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықты бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу мақсатында арнаулы техникалық құралдарды пайдаланатын прокуратура органдарының мамандарын және өзге де мамандарды тарту;
заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан оларға бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап ету;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және тоқтату;
атқарушылық құжаттарды жазып берудің және орындаудың заңдылығын тексеру;
активтерді қайтару мақсатында халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
адамдарды ұстап беру, қылмыстық істер бойынша, активтерді қайтару туралы істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды не психикасының бұзылуынан (аурулардан) зардап шегетін адамдарды беру туралы халықаралық шарттарды, сондай-ақ оларға байланысты құқықтық актілерді орындау, прокуратура органдарының құзыретіне жататын қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау туралы және (немесе) қажетті тексеру, жедел-іздестіру іс-шараларын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді жүргізу туралы сұрау салу (талап), жазбаша тапсырма, ақпарат немесе баянат жіберу;
заңсыз иемденілген, оның ішінде шығарылған активтерді іздеу (ашып көрсету), олардың пайда болуын растау, алдын ала қамтамасыз ету шараларын, қамтамасыз ету шараларын қолдану, сақталуын қамтамасыз ету, басқару, өткізу және мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін комиссиялар мен жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтаруға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін ғалымдарды, сарапшыларды, мамандарды, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тарту;
заңсыз иемденілген, оның ішінде шығарылған активтерді іздеу (ашып көрсету), олардың пайда болуын растау, қамтамасыз ету шараларын қолдану, басқару, өткізу және мемлекетке қайтару бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын және арнаулы іс-шараларды жүргізуде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына жәрдемдесу;
халықаралық шарттарда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке, заңды тұлғаларға және өзге де ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына заңсыз иемденілген және шығарылған активтерге қатысты, сондай-ақ активтерді заңсыз шығаруға қатысы бар жеке тұлғаларға, ұйымдарға және бенефициарлық меншік иелеріне, басқа да байланысты құқық бұзушылықтарға, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларға қатысты ақпарат, мәліметтер мен құжаттар беру туралы сұрау салулар жіберу, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түскен осындай сұрау салуларды орындауға жәрдемдесу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шетелдік соттарға, халықаралық төрелік ұйымдарға және шет мемлекеттердің өзге де құзыретті органдарына мемлекетке қайтарылуға жататын активтердің құқықтық мәртебесін немесе меншік құқығын анықтау туралы талап қою;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және тиісті шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шет мемлекеттің соттарына немесе құзыретті органдарына тыйым салу, өзге де алдын ала қамтамасыз ету шараларын, қамтамасыз ету шараларын қабылдау және дәлелдемелерді алу туралы сұрау салулар жіберу;
халықаралық шарттарға және тиісті шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шет мемлекеттің соттарына немесе құзыретті органдарына тәркілеу нысанында (Қазақстан Республикасы сотының активтерді тәркілеу немесе мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы шешімі болған кезде де, болмаған кезде де) құқықтық көмек туралы сұрау салулар жіберу;
халықаралық шарттарға және тиісті шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шет мемлекеттің соттарына немесе құзыретті органдарына Қазақстан Республикасы сотының активтерді іздеуге (ашып көрсетуге), олардың пайда болуының заңдылығын растауға, алдын ала қамтамасыз ету шараларын, қамтамасыз ету шараларын қолдануға, сақталуын қамтамасыз етуге, басқаруға, өткізуге және қайтаруға қатысты шешімін немесе Қазақстан Республикасының соты шығарған өзге де сот актісін тану және орындау туралы арыз жіберу;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, заңнамасына не тиісті шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен арыз иесінің құқықтары шамасында арыздың нысанасын немесе негізін өзгерту, арыздан бас тарту не орындау (тәркілеу) тәсілін өзгертуді сұрату;
тиісті шетелдік сотқа немесе шет мемлекеттің құзыретті органдарына, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруды не жәбірленушілерге тиісті құқыққа қарсы іс-әрекеттен келтірілген залалды өтеуді қоса алғанда, тәркіленген мүлік пайдаланылатын мақсаттар туралы мәлімдеу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шет мемлекеттің соттарына немесе құзыретті органдарына сұрау салулар мен арыздарды жіберу кезінде азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық тәркілеу арасында таңдауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және тиісті шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шет мемлекеттің соттарына немесе құзыретті органдарына Қазақстан Республикасы сотының шешімін (үкімін) немесе Қазақстан Республикасының соты шығарған өзге де сот актісін тану және орындау туралы арыз жіберу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шет мемлекеттер соттарының немесе құзыретті органдарының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздерге ұқсас негіздер бойынша азаматтық-құқықтық не қылмыстық-құқықтық тәркілеу бөлігінде құқықтық көмек туралы сұрау салуларын алу және орындау (не орындау үшін құзыретті органдарға немесе соттарға беру);
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен құқықтық көмек туралы сұрау салуларды қарау жөніндегі сот талқылауларына қатысу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті органдарына заңсыз иемденілген және шығарылған активтерге қатысты, сондай-ақ активтерді заңсыз шығаруға қатысы бар жеке тұлғаларға, ұйымдарға және бенефициарлық меншік иелеріне, басқа да байланысты құқық бұзушылықтарға, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларға қатысты ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беру туралы сұрау салулар жіберу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен тиісті шет мемлекеттің заңнамасына немесе халықаралық шарттарға сәйкес берілуі мүмкін процестік құқықтарды жүзеге асыру;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен активтерді қайтару мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеуге және келісуге қатысу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен активтерді қайтару және мүлікті тәркілеу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының активтерді қайтару, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу саласындағы қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттар болып табылмайтын өзге де халықаралық келісімдерге (меморандумдарға) қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау және оларға қосылу туралы ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу;
Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның талқылау күн тәртібіне мәселелер енгізу;
Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың жұмыскерлерін Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысына қатысуға тарту;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық тұрғыдағысын ұйымдастыру және өткізу;
қайтарылуға жататын активтерге үшінші тұлғаларды тарта отырып, бағалау жүргізуге, оның ішінде активтерді тәуелсіз бағалаудың сараптамасын жүргізуге бастама жасау;
активтердің қайтарылуын қамтамасыз етуге бағытталған аудитке, ревизияға, активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруге бастама жасау;
Заңға сәйкес тізілімге енгізілген тұлғаларға қосымша сұрау салулар жіберу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып, активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығына жүргізілетін тексеру мәселелері бойынша мәліметтер мен құжаттарды, материалдарды, қосымша материалдарды, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді және атқарушылық іс жүргізуді талап ету және алу;
активтерді қайтару мәселелері бойынша шығарылған сот актілеріне жеке шағымдар, өтінішхаттар, апелляциялық, кассациялық шағымдар, апелляциялық өтінішхаттар, сот актілеріне кассациялық тәртіппен дау айту туралы өтінішхаттар беру және талапкердің немесе жауапкердің барлық құқықтарын пайдалану;
активтерді ерікті түрде беру рәсімінің барысында Заң субъектілерінен, олардың үлестес тұлғаларынан, сондай-ақ тізілімге енгізілмеген өзге де тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрату;
Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттіліктері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
прокурорлардың және прокуратура органдарының басқа да жұмыскерлердің мінез-құлық әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
прокурорлар мен өзге де жұмыскерлердің құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдауын бақылауды жүзеге асыру;
заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін іске асыруға негізсіз кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және прокуратура актілерінің қабылдануына жол бермеу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған құжаттардың, мәліметтер мен өзге де ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
заңды күшіне енген сот актілерімен келіспейтіні туралы өтінішхаттарды Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген тәртіппен қарау;
қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру;
заңсыз жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;
заңсыз ұстап алынған және құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың үй-жайларындағы және жеке бас бостандығын шектейтін өзге де орындардағы, гауптвахталардағы, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын мекемелердегі, арнаулы мекемелердегі және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарды дереу босату;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулылары мен шешімдерінің күшін жою;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын алынатын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;
Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес:
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің;
заңды күшіне енген сот актілерінің;
атқарушылық іс жүргізудің;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің;
сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің;
қылмыстық жазаларды орындаудың және өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданудың;
мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың;
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтаудың заңдылылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік, әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру;
Тармақша 3
3) қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
Тармақша 3-1
3-1) активтерді қайтару жөніндегі қызметті мемлекет атынан және мемлекет мүддесі үшін:
Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен Заңда айқындалған субъектілердің және олардың үлестес тұлғаларының заңсыз шығарылған активтері туралы келіп түсетін ақпаратты іздеуге, жинауға, өңдеуге, қорытуға, бағалауға бағытталған активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасауға және оларды қайтаруға арналған ақпаратқа мониторинг пен талдауды жүзеге асыру;
қайтарылуға жататын активтерге, оның ішінде үшінші тұлғаларды тарта отырып, аудит, бағалау жүргізу;
Заңға сәйкес жүргізілетін активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан ақпарат пен материалдарды сұрату;
Заңда көзделген әлеуетті субъектілер мен олардың үлестес тұлғаларына қатысты және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді тіркеу және (немесе) жүзеге асыру;
жеке және заңды тұлғалардың активтерді ерікті түрде қайтару туралы арыздарын қарау және олар бойынша Заңда көзделген тәртіппен шешімдер қабылдау;
мүлікті тәркілеудің және активтерді қайтарудың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
активтерді қайтару жөніндегі қызмет нәтижелерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының активтерді қайтару туралы заңнамасына сәйкес Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның тиімді қызметін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) қылмыстық-құқықтық салада халықаралық ынтымақтастық жасау;
Тармақша 5
5) шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда – қылмыстық қудалау, активтерді қайтару мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын мәселелер бойынша, оның ішінде шетелдік соттарға активтерді қайтаруға байланысты азаматтық талап қоюды беру бойынша мемлекеттің мүддесін білдіру;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, қылмыстық-құқықтық саладағы және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу, қылмыстық-құқықтық саладағы және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;
Тармақша 8
8) құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын, өзара ақпарат алмасуын және олардың ортақ міндеттерді іске асыру кезіндегі іс-қимылдарының келісімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Бас прокуратура алқасының, прокуратура органдарының қызметі мәселелері жөніндегі комиссиялардың, жұмыс топтарының, сондай-ақ консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) Конституциялық заңның 24-бабында көзделген жағдайларда жолданымдарды қарау;
Тармақша 11
11) прокуратура органдары жүйесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне жәрдем көрсете отырып, онымен, мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, мекемелермен, олардың лауазымды адамдарымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және меншік нысанына қарамастан, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) прокуратура органдары жүйесінің іс-қимылын басқару, үйлестіру, бақылау, келісімділігін қамтамасыз ету, практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оның ішінде есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдамалық, қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) өз құзыреті шегінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізу;
Тармақша 14
14) күшіне енген актілерге:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерін;
егер бұл актілер мен шешімдер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса не жария сипатқа ие болса, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін;
соттың (судьяның) үкімдерін, шешімдерін, қаулыларын және өзге де актілерін, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді зерделеу арқылы бағалау жүргізу;
Тармақша 15
15) заңдылықтың жай-күйіне, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесіне интеграцияланған ақпаратық жүйелер мен ресурстарға қолжетімділікті пайдалана отырып талдау жүргізу;
Тармақша 16
16) жүктелген міндеттерді шешу үшін прокуратура органдары жүйесінің бірыңғай кадр саясатын тұжырымдау және іске асыру;
Тармақша 17
17) норма шығармашылық қызметке қатысу;
Тармақша 18
18) прокуратура органдары жүйесі прокурорларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 19
19) қарудың, оқ-дәрілердің және арнаулы құралдардың айналымын үйлестіру және бақылау, прокуратураның органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жұмылдыру дайындығы және ведомстволық есепке алу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) прокуратура органдары жүйесі прокурорларының кәсіптік қызметтік, дене шынықтыру және арнаулы даярлығын ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін уақтылы тағайындауды, қайта есептеуді, индекстеуді, жерлеуге арналған жәрдемақыны тағайындауды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар туындаған кезде прокуратура органдары жүйесі зейнеткерлерінің отбасы мүшелеріне өтемақы тағайындауды қамтамасыз ету;
Тармақша 22
22) құзыреті шеңберінде прокуратура органдарының жүйесінде қауіпсіздікті, терроризмге қарсы қорғалуды, рұқсаттама және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
Тармақша 23
23) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, оларды үйлестіру және мониторингтеу;
Тармақша 24
24) прокуратура органдарының жүйесін қамтамасыз етудің техникалық, материалдық, қаржылық және басқа да түрлерін, оның ішінде ғимараттар мен құрылысжайларды күрделі салу мен реконструкциялауды, жөндеуді ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық, идеологиялық жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 25-1
25-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын келісу;
Тармақша 26
26) прокуратура органдары жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану саласын дамыту және кеңейту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) прокуратура органдары жүйесінің бірыңғай ақпараттық саясатын жүргізуді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 28
28) Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсының жұмыс істеуін және оның Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» құрылымына қатысуын қамтамасыз ету, прокуратура органдарының Бас прокуратураның ресми интернет-ресурсын ақпараттық материалдармен толтыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсету;
Тармақша 29
29) өз құзыреті шеңберінде прокуратура органдарының жүйесінде төтенше оқиғалар мен қылмыстар, оның ішінде терроризм актісінің туындау қатері туралы ақпаратты мониторингтеуді ұйымдастыру;
Тармақша 30
30) прокуратура органдары жүйесінде ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 31
31) прокуратура органдары жүйесінде ішкі аудитті жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) Бас Прокурор қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді есепке алуды және жүйелеуді жүргізу, олардың бақылаудағы даналарын жүргізу;
Тармақша 33
33) прокуратура органдары жүйесінде мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 34
34) прокуратура органдары қызметінің тиімділігін және халықтың сенімін арттыру мақсатында прокуратура органдарының қызметін, оның ішінде жобалық басқару құралдарын пайдалана отырып жетілдіру;
Тармақша 35
35) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру;
Тармақша 36
36) құқықтық статистикалық ақпаратты жинау, жинақтау, жүргізу және өңдеу;
Тармақша 37
37) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдармен құпия негізде ынтымақтасатын адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу;
Тармақша 38
38) мемлекеттік құқықтық статистика мәселелері бойынша құқықтық статистикалық байқауларды жүргізу;
Тармақша 39
39) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері ұсынатын мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәліметтерінің тұтастығын, объективтілігін, анықтығын, жеткіліктілігін қадағалау, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тіркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдістемесін айқындау;
Тармақша 40
40) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 40-1
40-1) қылмыстық қатерлерді анықтау жөніндегі болжамды-талдамалық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 41
41) тексерілетін субъектілердің, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын заңсыз тексерулерден, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарынан оларды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетте тіркеуді жүзеге асыру барысында қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 42
42) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 43
43) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;
Тармақша 44
44) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен;
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің
15.06.2026 № 1315 Жарлығымен;
пайдалану, сүйемелдеу, дамыту, мониторингтеуді жүзеге асыру;
іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің
15.06.2026 № 1315 Жарлығымен;
анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды қамтамасыз ету және оларды жою бойынша шаралар қабылдау жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 45
45) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 46
46) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, хабарларын, сұрау салуларын, үн қосуларын, ұсыныстарын қабылдау, тіркеу, қарау сатысында олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 47
47) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 48
48) «Қазақстан Респубикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес конституциялық іс жүргізуге қатысу;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындау.
Тарау 3. 3-тарау. Бас прокуратураның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Бас прокуратураның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Бас прокуратураға басшылықты Бас Прокурор жүзеге асырады, ол Бас прокуратураға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Бас Прокурор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бас Прокурордың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
Тармақ 19
19. Бас Прокурордың өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) прокуратура органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентіне Бас прокуратура туралы ережені, оның құрылымын, прокуратура органдарының жалпы штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президентіне прокуратура органдары ведомстволарының ережелерін бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдарының жалпы штат санының лимиті шегінде прокуратура органдары прокурорларының және өзге де жұмыскерлерінің штат санын белгілейді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Президентіне Бас Прокурордың бірінші орынбасарын, орынбасарларын, прокуратура органдары ведомстволарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыну енгізеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Президентінің келісуімен білім беру ұйымының басшысын, Бас әскери прокурорды, Бас көлік прокурорын, облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьяларына және судьяларға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге санкция береді;
Тармақша 9
9) прокуратура органдарының прокурорлары мен өзге де жұмыскерлерін, зейнеткерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады, оларды ведомстволық наградалармен наградтайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары басшы құрамның сыныптық шендерін және жоғары офицерлік құрамның әскери атақтарын беру үшін кандидатураларды ұсынады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне прокуратура органдарын ұйымдастырушылық-штаттық, кадрлық, материалдық-техникалық және өзге де жағынан қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 13
13) тоқсанына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Президенті алдында елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметі туралы есеп береді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің және Бас прокуратура алқасының төрағасы болып табылады;
Тармақша 15
15) Бас Прокурордың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде тікелей көзделген өкілеттіктерін қоспағанда, прокуратура органдарының жүйесінде ол өз өкілеттіктерін беретін лауазымды адамдарды айқындайды;
Тармақша 16
16) Бас прокуратураның лауазымды адамдарының ұйымдастыру, кадрлық, қаржылық, шаруашылық мәселелерін шешудегі өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 17
17) Бас прокуратураның алқасы мен консультативтік-кеңесші органдарын құрады, олардың құрамы мен жұмыс регламентін айқындайды;
Тармақша 18
18) прокуратура органдары жүйесінің мәселелері бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылдайды, олардың құрамын, қажет болған жағдайда ережесін және (немесе) міндеттерін айқындайды;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен прокуратура органдарының құрылымы мен штат санының шегінде әскери прокуратураның және көлік прокуратурасының органдарын, облыстардың прокуратураларын және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратураларды, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерін құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Қазақстан Республикасының Президентіне Бас прокуратураның ведомстволарын және Бас прокуратураның жанындағы білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыну енгізеді;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен, олардың лауазымды адамдарымен және өкілдерімен өзара қарым-қатынастарда Бас прокуратураның атынан өкілдік етеді;
Тармақша 21
21) прокуратура органдарының, ведомстволарының, мекемелері мен білім беру ұйымының барлық прокурорлары мен жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті актілерді шығарады, прокуратура органдарының жүйесінде қабылданған актілердің күшін жояды;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінеді;
Тармақша 23
23) сотта мемлекеттің мүдделерін білдіреді және мемлекеттің атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық білдіреді;
Тармақша 25
25) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін, заңды күшіне енген нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды және өзге де уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық келтіреді;
Тармақша 26
26) наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін наразылық келтірілген құқықтық актінің не әрекеттің орындалуын тоқтата тұруға құқылы;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сот актісінің орындалуын тоқтата тұрады;
Тармақша 28
28) соттарға қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасының мәселелері жөнінде түсіндірме беру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінеді;
Тармақша 29
29) жоғары тұрған сотқа заңды күшіне енбеген сот актісін қайта қарау туралы өтінішхат келтіреді;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолсұғылмаушылық құқығы бар адамдарды одан айыру және әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша ұсыну енгізеді;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актiлерді келіседі;
Тармақша 32
32) мемлекеттік органдардан келіп түсетін, прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттарын қозғайтын заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;
Тармақша 32-1
32-1) прокуратура органдары жүйесі қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 32-2
32-2) қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi айқындайды;
Тармақша 33
33) мынадай:
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында реттелмеген бөлікте прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау және оларды жеке қабылдау;
прокуратура органдары жүзеге асыратын, заңдылықтың сақталуын тексеруді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, күшіне енген актілерді бағалауды жүргізу;
прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік заңнамасының, Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасының нормаларын қолдану;
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынатын мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою тәртібін айқындау;
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорларды және өзге де жұмыскерлерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
ақшалай үлесті, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді төлеу;
құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингтеу тәртібін айқындау;
прокуратура органдарының білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібін айқындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді;
Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Тармақша 34
34) прокуратура органдарында құжаттау және құжаттаманы басқару, іс қағаздарын жүргізу мен ұйымдастыру, архив ісін ұйымдастыру тәртібін белгілейді;
Тармақша 35
35) прокуратура органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында қаруды, оқ-дәрілерді және арнаулы құралдарды сатып алу, есепке алу, сақтау, алып жүру, беру, тасымалдау тәртібін айқындайды;
Тармақша 36
36) Бас Прокурордың және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың қарсы барлау қызметі заңдылығының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру тәртібі туралы бірлескен нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
Тармақша 37
37) мыналарды:
Бас прокуратураның жұмыс регламентін;
Бас прокуратура алқасының жұмыс регламентін бекітеді және алқаның құрамын айқындайды;
прокуратура органдары рәміздерінің сипаттамасын;
Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережелерді қоспағанда, прокуратура органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен білім беру ұйымының ережелерін (жарғыларын);
ведомстволардың, білім беру ұйымының, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдарының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының жүйесіне кіретін мемлекеттік мекемелер мен өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдары мен штаттарын;
Бас әскери прокуратураның және Бас көлік прокуратурасының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалар және астана) прокуратураларының жанынан құрылатын үйлестіру кеңестері туралы ережелерді;
Прокуратура органдары жүйесінің прокурорлары лауазымдарының тізілімінде санаттар бойынша көрсетілген лауазымдарға теңестірілген прокуратура органдары жүйесі прокурорларының үлгілік емес лауазымдарының тізбесін;
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін;
кадрлық қамтамасыз ету нәтижелерін және прокуратура органдары жүйесінің кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасын бағалау әдістемесін;
қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін;
қызметтік куәліктердің сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру тәртібін;
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын;
мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Бас прокуратураның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын;
прокуратура органдары жүйесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін;
прокуратура органдары жүйесінде жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібін (алгоритм, қағидалар және жұмыстың нақты учаскесіндегі қызметкер қызметінің нәтижелеріне қойылатын талаптар);
прокуратура органдары жүйесінде кадрлық болжамды жүзеге асыру әдістемесін;
прокуратура органдары жүйесінің басшы лауазымдарының тізбесін;
конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдардың тізбесін және прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу тәртібін;
прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырудың мазмұны мен тәртібін;
әскери прокуратура органдары прокурорларының кәсіптік деңгейін арттыруды жүзеге асыру тәртібін;
прокуратура органдары жүйесіндегі еңбек тәртібі қағидаларын;
прокуратура органдары жүйесінің жеке құрамымен тәрбиелік, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру тәртібін;
прокуратура органдары жүйесінің бөлімшелерінде моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы әлеуметтанушылық мониторингті жүргізу тәртібі мен әдістемесін;
құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістерін;
прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлеріне қызмет өткерудің ерекше шарттары үшін үстемеақылар, сондай-ақ басқа да үстемеақылар, қосымша ақылар белгілеу тәртібін;
прокуратура органдары жүйесінде (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру тәртібін;
прокуратура органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін;
құқықтық статистика есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтарды;
жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау тәртібін;
мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік бақылау актілерінің, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актілердің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нысандарын;
қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін;
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін;
бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеу, оларды тіркеуден және күшін жоюдан бас тарту тәртібін, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) тексерудің мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылардың құрамын өзгерту және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін;
жеке қабылдауларды, мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу тәртібін;
📌 Ескерту. 37) тармақшасының отыз бесінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Президентінің 15.06.2026 № 1315 Жарлығымен.
құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынатын мәліметтерді қалыптастыру, пайдалану, сақтау, қорғау және жою тәртібін;
Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының жасырын тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізуге, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешуге қажетті ақпаратты Бас Прокурордың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алу тәртібі мен негіздерін;
өзге де органдардың өздеріне жүктелген міндеттерді шешуге қажетті ақпаратты Бас Прокурордың және өзге де органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алу тәртібі мен негіздерін;
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің архив жұмысы бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауы, беруі, танысуы, сақтауы және жоюы жөніндегі нұсқаулықты;
прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындауға қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты;
активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ қабылданған жүйелі шаралар жөніндегі жыл сайынғы ақпаратты дайындау және оны жариялау тәртібін;
активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін ақпаратқа мониторинг және талдау жүргізу қағидаларын;
активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығына тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 38
38) заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізу не жолданымдарды қарау туралы тапсырмалар береді;
Тармақша 39
39) заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдар, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар алдында үндеу жасайды;
Тармақша 40
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокуратура органдары жүйесінің прокурорларына сыныптық шендер мен әскери атақтар береді;
Тармақша 41
41) өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды:
ведомство, білім беру ұйымы басшыларының орынбасарларын, Бас әскери прокурорды және Бас көлік прокурорын, облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды, олардың орынбасарларын;
аудандардың прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды;
Бас прокуратураның қарамағындағы мекемелердің басшыларын, олардың орынбасарларын;
Бас прокуратураның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 42
42) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 43
43) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің әкімшілік ғимараттарында рұқсаттама және объектішілік режимдердің тәртібін белгілейді;
Тармақша 44
44) прокуратура органдары жүйесінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды арнайы есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды;
Тармақша 45
45) прокуратура органдары жүйесінде атыс даярлығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
Тармақша 46
46) жұмылдыру бөлімшесін құрады не жұмылдыру жұмысы бойынша жеке прокурорды тағайындайды;
Тармақша 47
47) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бас Прокурор болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бас Прокурор өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Бас Прокурордың Аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Бас Прокурор Аппаратының басшысы басқарады.
Тарау 4. 4-тарау. Бас прокуратураның мүлкі
4-тарау. Бас прокуратураның мүлкі
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Бас прокуратураның жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Бас прокуратураның мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бас прокуратураға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Бас прокуратура өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Бас прокуратураны қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Бас прокуратураны қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бас прокуратураны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бас прокуратура мен оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Бас прокуратура
Тармақша 1
1) «Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 1-1
1-1) «Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Бас әскери прокуратура» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Бас көлік прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Астана қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Алматы қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Шымкент қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Абай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Ақмола облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Ақтөбе облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Алматы облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Атырау облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) «Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) «Жамбыл облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) «Жетісу облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) «Қарағанды облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) «Қостанай облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 18
18) «Қызылорда облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 19
19) «Маңғыстау облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 20
20) «Павлодар облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 21
21) «Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 22
22) «Түркістан облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 23
23) «Ұлытау облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 24
24) «Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 25
25) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 26
26) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 9
9) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 11
11) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 12
12) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 13
13) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 14
14) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 15
15) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 16
16) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 17
17) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 18
18) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 19
19) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 20
20) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 21
21) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери департаменті» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 22
22) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаменті» мемлекеттік мекемесі.
_________________
Басқа 191
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Басшылық
Аппарат
Cотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметі
Заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі
Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі
Cотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметі
Активтерді қайтару жөніндегі қызмет
Кадр жұмысы департаменті
Өзіндік қауіпсіздік департаменті
Стратегиялық даму департаменті
Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаменті
Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті
Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаменті
Қаржы департаменті
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
Ішкі аудит басқармасы
12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Президентінің
15.06.2026 № 1315 Жарлығымен.
Басқа 192
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қызмет бабында пайдалану үшін
Басқа 193. Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
2-қосымша осы Жарлықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат):
Тармақша 1
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоса берiлiп отырған Комитет туралы ереже бекiтiлсiн.»;
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
6-тармақ алып тасталсын;
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) құқықтық статистика ақпаратын теру, жинақтау, жүргiзу және өңдеу;»;
13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру;»;
Тармақша 3
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің құрылымы алып тасталсын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат) («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен).
Тармақ 5
Тармақ 6
6. «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 470 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары лауазымдарының тізбесінде:
«4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы» тарауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
1.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры
жоғары сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
2.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары
1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
3.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
4.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі - Академия) ректоры
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
5.
Бас әскери прокурор
әділет генерал-лейтенанты
6.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
7.
Академияның бірінші проректоры
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
8.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының:
қылмыстық қудалау;
заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау жөніндегі;
қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі бастығы
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
9.
Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокурорлары, Бас көлік прокуроры
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы прокуратурасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы
22 қаңтардағы № 29
Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы прокуратурасының
ЖАЛПЫ ШТАТ САНЫ
Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде: Бас прокуратура, Құқық қорғау органдары академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық органдары
5636
Басқа 204
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қызмет бабында пайдалану үшін
Басқа 205
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қызмет бабында пайдалану үшін
Басқа 206. Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір жарлықтарының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 13 қазандағы
№ 563 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының рәмізі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 1159 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 235-құжат).
Тармақ 2
2. «Сыныптық шендер берілетін Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымдарының тізбесін және соларға сәйкес шекті сыныптық шендерді бекіту туралы» 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 376 қбп Жарлығы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы
№ 15 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 29-30, 184-құжат).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 158 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11 және 12-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 575-құжат).
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 470 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 17, 116-құжат).