Об образовании бюджетной комиссии Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының бюджет комиссиясын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 19.01.2005 № 5 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 6-4 бабына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған облыс бюджетінің жобаларын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыс бюджетінің болжамын әзірлеу үшін Костанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының бюджет комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Бюджет комиссиясы жұмысы туралы ереже 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Басқа 3. Қостанай облысы бюджеттік комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 қаулысына 1 қосымша Қостанай облысы бюджеттік комиссиясының құрамы Серік Алтайұлы Құланбаев Облыс әкімінің орынбасары, төрағасы; Мария Александровна Щеглова Қаржы департаментінің директоры, төрағаның орынбасары Вера Пантелеевна Скарбовийчук Қаржы департаменті директорының орынбасары, хатшысы. Комиссия мүшелері: Мұрат Бахытжанұлы Алтынбаев Қостанай облысы бойынша салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша); Дулат Телғараұлы Әбенов Экономика, индустрия және сауда департаментінің директоры Римма Ғабдолқызы Ғайсенова Облыстық мәдениет басқармасының бастығы; Едиге Молдахметұлы Ғалымжанов Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы; Ольга Леонидовна Гнатюк Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрайымы (келісім бойынша); Құсайын Амангелдіұлы Кәткенов Білім департаментінің директоры Ольга Андреевна Киколенко Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы; Виктор Петрович Колпаков Облыстық мәслихаттың бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы (келісім бойынша); Анна Григорьевна Постовая Облыс әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі; Қадырбек Бұзауғалиұлы Оспанов Облыстық дене тәрбиесі және спорт комитетінің бастығы.
Басқа 4. Бюджет комиссиясының жүмысы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 1 ақпандағы № 30 қаулысына 2 қосымша Бюджет комиссиясының жүмысы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже тұрақты негізде қызмет ететін облыстық бюджет комиссиясының (бұдан әрі Комиссия) іс-әрекетін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік-құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына облыстық бюджеттің жобасын уақытында және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және облыстық бюджетті анықтау мен орындау жөнінде ұсыныстар дайындау.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері: орта мерзімді кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары негізінде тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттің және облыстық бюджеттің үш жылдық кезеңге арналған негізгі болжамды көрсеткіштерін анықтау; тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының көрсеткіштерін қарау және анықтау; аддағы үш жылдық кезеңге жергілікті және облыстық бюджеттің негізгі болжамды көрсеткіштерінің, тиісті қаржы жылына арналган облыстық бюджет жобасының, облыстық және салалық бағдарламалардың, тиісті кезеңге арналған облыс әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының сәйкестігін анықтау; тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті анықтау жөнінде ұсыныстар дайындау; облыстық бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысының мониторингі нәтижелерін қарау және олар жөнінде ұсыныстар дайындау болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды іске асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы эзірлеген материалдарды қарайды және мыналарды: облыс бюджетінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; облыстық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін; облыстық бюджетке түсетін түсімдерді; тиісті қаржы жылы соңына облыстың жергілікті атқарушы органы берешегінің шегін: жергілікті атқарушы органының берешегін өтеу шығыстарының және көрсетуінің көлемін; облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттеріне берілетін субвенцияларды; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылы басында құралған несиелік берешектерін жоспарланған қаржы жылында өтеу көлемін; Қазақстан Республикасы "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 18-2 тармағында белгіленген басқа көрсеткіштерді анықтайды.
Тармақша 2
2) Комиссия жұмыс органының облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімгелерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің жобасын қарайды және анықтайды;
Тармақша 4
4) облыстық бағдарламалардың жобаларын қарайды және көздері мен қаржыландыру мерзімдері қимасында бағдарламалық іс-шаралар бойынша қаржыландыру көлемі жөнінде қорытынды жасайды, сондай-ақ бұдан бұрын бекітілген бағдарламаларды өзгерту қажеттілігі туралы қорытынды жасайды;
Тармақша 5
5) төмендегілер жөніндегі ұсыныстарды қарайды және дайындайды: тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті анықтауды; бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын анықтауды және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелері туралы қаржы департаментінің ақпараты негізінде бюджеттік бағдарламаларды одан әрі жүзеге асыруды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Өз міндеттеріне сәйкес комиссияның:
Тармақша 1
1) атқару органдарымен және ұйымдармен өзара бірлесе іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшаларды тартуына;
Тармақша 2
2) шешімдер қабылдауға және өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуіне;
Тармақша 3
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуына;
Тармақша 4
4) Комиссияның отырысына бірінші басшыларды, ал олар жоқта мемлекеттік мекеме және ұйымдардың бірінші басшыларының міндетін айтқаратын тұлғаларды Комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты сұрақтар бойынша шақыртуына және тындауына құқы бар.
Тарау 5. 5. Комиссияны қүру және қызметінің тәртібі
5. Комиссияны қүру және қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссия құрамын, орынбасарының ұсынысы бойынша облыс әкімі белгілейді.
Тармақ 8
8. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия торағасының орынбасары;
Тармақша 4
4) Комиссияның хатшысы
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстарының арасындағы кезенде оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін Комиссиянын, жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыру жөнінде жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссиямен жүзеге асырылатын қызмет үшін жауап береді. Комиссия төрағасы жоқ уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, құжаттар мен материалдар эзірлейді, оны өткізгеннен кейін хатамаларды ресімдейді.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Жергілікті бюджеттердің жобасын эзірлеген уақытта Комиссияның жоспар-кестесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық және жергілікті бюджеттер жобаларын жасау Ережелерімен анықталған мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерінің, отырыстарда қатысу жөнінде өз өкілеттіліктерін басқа адамдарға беруге құқы болмайды.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен, сонымен бірге Комиссияның мүшелерін сұрау жолымен және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауысы оларға берілген жағдайда қабылданады. Комиссия мүшелерінің шешім қабылдағанда дауыстары тең болады. Дауыс беру тең түскен жағдайда Комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 15
15. Әрбір мәселе бойынша дауыс берудің қорытындыларын көрсетуімен Комиссия отырысы күн тәртібінің мәселелерін қарау нәтижелері тиісті хаттамаларға жазылады және Комиссияның төрағасы анықтайтын жағдайларда отырысқа қатысып отырған Комиссияның мүшелері қол қояды. Комиссияның қабылдаған шешімі комиссия төрағасы мен хатшысы қөл қөйған хаттамамен ресімделеді. Комиссияның мүшелері қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша түрде беруге құқы бар, өл өтырыс хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 16
16. Комиссияның өған жүктелген міндеттерін орындау мақсатында қабылдаған шешімі міндетті түрде барлық мемлекеттік органдармен көрсетілген мерзімде қаралуға және орындалуға тиісті.
Тармақ 17
17. Комиссия жұмысшы органының функциялары Қостанай облысы қаржы департаментіне жүктеледі.
Тармақ 18
18. Жұмысшы органының функциялары мыналар болып табылады: отырысқа, Комиссиямен белгіленетін мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес материалдар әзірлеу, оларды комиссия мүшелеріне, облыстық бюджет бағдарламаларының әкімгерлеріне және аудандардың, қалалардың атқарушы органдарына жіберу; Комиссия отырысының хаттамаларын әзірлеу, сондай-ақ нормативтік-құқықтық кесімдер мен осы Ережеден туындайтын басқа функциялар.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтауы
6. Комиссия қызметінің тоқтауы
Тармақ 19
19. Комиссия қызметінің тоқтауына облыс әкімиятының Комиссия қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы негіз болады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген жағдайлар туындағанда облыс әкіміне өткізілген жұмыстар туралы есеп беру хаты жіберіледі.