Об установлении правил общего водопользования в Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11434), Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғ. Сүлейменов 2017 жылғы «17» 10
Басқа 3. Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелері
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/156-VІ шешімімен бекітілді Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану ережелері
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдаланудың осы ережелері (бұдан әрі – ережелер) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1) тармақшасына, 65-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен бекітілген Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 11434) әзірленді және Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 9
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында, өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер осы Ережелерге 1 және 2- қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 11
11. Облыс аумағында орналасқан су объектілерінде, шағын көлемді кемелер мен басқа да суда жүретін заттардың қозғалуы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақта орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 14
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақ 15
15. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты мәслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тармақ 16
16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 17
17. Су пайдаланушы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 19
19. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7. Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайтын жерлер
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді. Шығыс Қазақстан облысы ортақ су пайдалану ережелеріне 1-қосымша Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайтын жерлер № р/н Су объектісінің атауы Су объектісінің орналасқан жері (мекен-жайы, координаттары) Ескертпе Өскемен қаласы 1 Ертіс өзені «Колос», «Урал» саяжайлар қоғамдары ауданында (49058′ 20.20′′С;82031′51.62′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Өскемен су электр станциясы ауданында (49054′12.69′′С; 82043′36.79′′В) Сол жағалау ауданында (49056′26.32′′С; 82038′52.83′′В) 2 атауы жоқ су айдыны Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті ауданында (49057′18.52′′С;82034′ 30.26′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 3 атауы жоқ су айдыны Самар тас жолы ауданы (49055′01.03′′С; 82038′55.02′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 4 атауы жоқ су айдыны Лесхоз кенті ауданында (49056′50.43′′С; 82041′55.57′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 5 Ертіс өзенінің ағысы, қазаншұңқыр Кенсіз материалдар комбинаты ауданында (49059′34.52′′С; 82032′29.26′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 6 атауы жоқ су айдыны Бабкина Мельница шағын ауданында (49059′02.98′′С; 82039′01.70′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Риддер қаласы 7 Тихая өзені Бірінші аудан бөгетінен төмендегі көпір ауданында (50032′16.28′′С; 83043′23.30′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 8 Үлбі өзені Ульбастрой ауылындағы көпір ауданында (50025′89.87′′С; 83031′82.50′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Ульбастрой ауылы (50025′87.53′′С, 83029′06.51′′В) Ульбастрой ауылындағы теміржол көпірі ауданында (50025′86.17′′С; 83028′73.28′′В) 9 Быструха өзені Алтай және Филипов көшелеріндегі көпір ауданында (50025′32.81′′С, 83052′27.90′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Гавань ауданында (50020′8.5′′С; 8300′0.78′′В) Быструха және Журавлиха екі өзендердің біріккен ауданында (50020′8.3′′С; 83000′7.6′′В) 10 Шаравка өзені Гравиемойки ауданында (50035′65.11′′С; 83048′03.20′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Алтай ауданы 11 Бұқтырма өзені Бұқтырма көпірі ауданында, Малеевск ауылдық округі (49048′12.92′′С; 84015′46.25′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Быково ауылы, Малеевск ауылдық округі (49043′59.89′′С; 84033′46.12′′В) Тұрғұсын ауылдық округі (49045′57.82′′С; 84001′09.21′′В) теміржол көпірі ауданында, Парыгин ауылдық округі (49048′12.66′′С;84015′48, 63′′В) Чапаевск ауылдық округі (49044′53.18′′С;84002′59.05′′В) 12 Хамир өзені Путинцево ауылы, Малеевск ауылдық округі (49048′12.56′′С; 84009′30.46′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 13 бұрынғы Зырян кенішіндегі карьер Алтай қаласы (49043′50.52′′С; 84017′32.26′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 14 атауы жоқ су айдыны Мәдениет сарайы ауданында, Жаңа-Бұқтырма кенті (49042′52.44′′С;84015′59.67′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 15 атауы жоқ қазаншұңқыр Алтай қаласының оң жақ бөлігіндегі саяжайлар ауданында (49044′13.08′′С; 84013′38.58′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 16 Березовка өзені Соловьев ауылдық округі (49037′11.56′′С; 84020′51.30′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 17 Крестовка өзені Чапаевск ауылдық округі (49044′53.18′′С; 84002′59.05′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 18 Копань тоғаны Октябрь кенті (49037′44.70′′С; 83038′37.47′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 19 Тұрғұсын өзені теміржол көпірі ауданында, Парыгин ауылдық округі (49048′ 16.58′′С;84009′41.79′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 20 атауы жоқ қазаншұңқыр «Саулет LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі карьері ауданында, Парыгин ауылынан 1 километр (49047′20.59′′С; 84006′14.99′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Глубокое ауданы 21 Ертіс өзені Паром өткелінің ауданында Предгорное ауылы (50°14'08.0"С; 82°12'45.4"В) шомылу жүзеге асырылмайды Уварово ауылы (50°04'16.9"С; 82°22'01.8"В) Прапорщиково ауылы (50°02'25.1"С; 82°27'40.7"В) (50°02'23.3"С; 82°27'50.3"В) (50°02'14.5"С; 82°28'08.0"В) 22 Үлбі өзені Тарханка ауылы (50°06'58.9"С; 82°57'05.6"В) шомылу жүзеге асырылмайды Каменный Карьер ауылы (50°00'20.5"С; 82°49'12.2"В) Черемшанка ауылы, Алтай ауданына қарай шығудағы гидротехникалық құрылыс (50°16'20.2"С; 83°02'17.7"В) 23 Кіші Үлбі өзені Горная Ульбинка ауылы (49°59'13.3"С; 82°55'01.9"В) шомылу жүзеге асырылмайды Ново-Ульбинка ауылы (50°01'07.5"С; 82°52'04.0"В) 24 Кіші Оба өзені Быструха ауылы (50°22'38.0"С; 82°43'04.6"В) шомылу жүзеге асырылмайды Малоубинка ауылы (50°26'59.1"С; 82°39'58.8"В) 25 Бражин бұлағындағы су қоймасы Опытное поле ауылы (50003′28.4′′С; 820 32′21.9′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 26 Бобровка өзеніндегі тоған Бобровка ауылы (50011′08.2′′С; 82046′06.9′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 27 Маховка бұлағындағы тоған Солнечное ауылы (50002′48.5′′С; 82042′41.1′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 28 атауы жоқ тоған Белокаменка ауылынан 2 километр (50012′18.8′′С; 820 35′05.0′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 29 Красноярка өзеніндегі су қоймасы Алтай кенті (50°15'16.4"С; 82°21'47.5"В) шомылу жүзеге асырылмайды 30 Веселовка бұлағындағы тоған Веселовка ауылы (50°18'56.1"С; 82°20'24.7"В) шомылу жүзеге асырылмайды 31 Ертіс өзенінің ағысы бұрынғы «жағажай» ауданында, Глубокое кенті (50°09'10.6"С; 82°16'58.4"В) шомылу жүзеге асырылмайды 32 № 1 Демидовка өзеніндегі су қоймасы Кожохово ауылы (50°12'13.1"С; 82°18'05.1"В) шомылу жүзеге асырылмайды 33 № 2 Демидовка өзеніндегі су қоймасы Кожохово ауылы (50°12'05.2"С; 82°17'42.0"В) шомылу жүзеге асырылмайды 34 Крутиха өзеніндегі тоған Веселое ауылы (50°06'09.6"С; 82°51'35.8"В) шомылу жүзеге асырылмайды 35 атауы жоқ су айдыны Ушаново ауылы, Алтай ауданына қарай шығудағы гидротехникалық құрылыс (49°58'23.8"С; 82°44'14.9"В) шомылу жүзеге асырылмайды 36 Секисовка өзеніндегі су қоймасы Секисовка ауылы (50°21'08.4"С; 82°35'27.9"В) шомылу жүзеге асырылмайды 37 Церковка бұлағындағы № 1 тоған Секисовка ауылы (50°20'35.1"С; 82°34'27.0"В) шомылу жүзеге асырылмайды 38 Церковка бұлағындағы № 2 тоған Секисовка ауылы (50°20'31.5"С; 82°34'12.0"В) шомылу жүзеге асырылмайды 39 Глубочанка өзеніндегі су қоймасы Белоусовка кенті (50°08'15.9"С; 82°32'49.3"В) шомылу жүзеге асырылмайды Зайсан ауданы 40 Үйдене су қоймасы Зайсан қаласы (47036′74.86′′С; 84077′79.27′′В) шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, жүзеге асырылмайды 41 кіші бөгет Зайсан қаласы (47045′55.68′′С; 84087′24.78′′В) шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, жүзеге асырылмайды 42 кіші бөгет Кеңсай ауылдық округі (47046′49.86′′С, 84078′41.09′′В) шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, жүзеге асырылмайды Катон-Қарағай ауданы 43 Бұқтырма су қоймасы Приморск ауылы (490 12′19.79″ С;84020′20.09″В) шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу жүзеге асырылмайды Свинчатка ауылы (49005′22.38″ С; 84011′54.45″В) 44 Бұқтырма өзені Берел ауылы (49037′01.79″ С; 86042′60.81″В) шомылу жүзеге асырылмайды Жамбыл ауылы (49023′44.58″С;86030′27.67″В) Еңбек ауылы (49019′34.21″ С; 86011′47.96″В) Жаңа Үлгі ауылы (49018′69.85″ С; 85077′41.50″В) Барлық ауылы (49034′39.50″ С; 85015′46.09″В) Коробиха ауылы (49046′28.99″ С; 85006′42.47″В) Сенное ауылы (49058′37.85″С;84079′16.24″В) 45 Нарым өзені Үлкен Нарын (49020′43.85″ С; 84050′19.83″В) шомылу жүзеге асырылмайды Күршім ауданы 46 Күршім өзені Күршім ауылы (48058′54.26′′С; 83066′00.48′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 47 Қара Ертіс өзені Боран ауылы (47099′60.19′′С; 85020′83.73′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 48 Бұқтырма су қоймасы Құйған ауылы (48063′53.75′′С; 83051′50.48′′В) шомылу жүзеге асырылмайды 49 Зайсан көлі Ақсуат ауылы (48021′61.31′′С;83070′51.61′′В) шомылу жүзеге асырылмайды Самар ауданы 50 Бұқтырма су қоймасы Сарыбел ауылы маңындағы бұғаз ауданы, Сарыбел ауылдық округі (49010′69.49′′С;84002′34.78′′В) шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу жүзеге асырылмайды Новостройка ауылындағы астық қабылдау пунктінің ескі пирс ауданында, Сарыбел ауылдық округі (49005′70.78′′С;830 87′30.87′′В) Казнаковка өткелі ескі паромдық айлақ ауданында, Құлынжон ауылдық округі (48082′28.58′′С; 830 42′95.76′′В) 51 Лайлы су қоймасы Самар ауылы, Самар ауылдық округі (49003′98.13′С; 830 35′86.42′′В) шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды Тарбағатай ауданы 52 Зайсан көлі Тұғыл ауылы (47°72'50.96"С; 84°20'79.47"В) (47°86'57.89"С; 83°88'40.74"В) шомылу жүзеге асырылмайды 53 Қандысу өзені Тұғыл ауылы (47°72'50.96"С; 84°20'79.47"В) шомылу жүзеге асырылмайды Ұлан ауданы 54 Дресвянка өзеніндегі су қоймасы Каменка ауылынан оңтүстікке қарай 9 километр (49°85'42.99"С; 81°94'61.71"В) шомылу жүзеге асырылмайды 55 Крупа өзеніндегі су қоймасы Привольное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 километр (49°85'42.99"С; 81°94'61.71"В) шомылу жүзеге асырылмайды 56 Қарасу өзеніндегі су қоймасы Привольное ауылынан жоғары қарай 7 километр (50°08'25.03"С; 81°57'53.39"В) шомылу жүзеге асырылмайды Митрофановка ауылынан жоғары қарай 2 километр (50°02'82.12"С; 81°61'24.65"В) 57 Жартас өзеніндегі су қоймасы Гагарино ауылынан оңтүстікке қарай 3,5 километр (50°11'90.74"С; 81°89'31.72"В) шомылу жүзеге асырылмайды 58 Ұлан өзеніндегі су қоймасы Жанұзақ ауылынан жоғары қарай 15 километр (49°62'76.50"С; 82°12'34.61"В) шомылу жүзеге асырылмайды Айыртау ауылынан жоғары қарай 3 километр (49°80'13.05"С; 82°24'10.68"В) 59 Ұлан өзеніндегі «Алебастр» су қоймасы Айыртау ауылынан төмен қарай 7 километр (49°86'80.78"С; 82°33'79.81"В) шомылу жүзеге асырылмайды 60 Қолбала өзеніндегі су қоймасы Бестерек ауылынан оңтүстікке қарай 4,5 километр (49°60'99.92"С; 82°66'61.96"В) шомылу жүзеге асырылмайды 61 Маймекен өзеніндегі су қоймасы Каменка ауылынан оңтүстікке қарай 7 километр (49°86'19.86"С; 81°90'99.87"В) шомылу жүзеге асырылмайды 62 Тұғұл өзеніндегі су қоймасы Тройницк ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 километр (49°91'56.85"С; 81°70'52.19"В) шомылу жүзеге асырылмайды 63 Песчанка өзеніндегі су қоймасы Таврия ауылынан оңтүстікке қарай 4 километр (50°10'85.56"С; 82°06'13.04"В) шомылу жүзеге асырылмайды 64 Аблакетка өзеніндегі су қоймасы Мамай батыр ауылынан солтүстікке қарай 3,5 километр (49°79'35.63"С; 82°62'05.22"В) шомылу жүзеге асырылмайды 65 Тайынты өзеніндегі су қоймасы Төменгі Тайынты ауылынан жоғары қарай 0,2 километр (49°43'71.97"С; 83°04'71.01"В 49°44'42.89"С; 83°06'29.85"В) шомылу жүзеге асырылмайды 66 Бұқтырма су қоймасы Манат ауылы (49°55'74.89"С; 83°47'43.88"В) (49°55'86.62"С; 83°46'23.54"В) (49°55'12.09"С; 83°44'34.37"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды 67 Төменгі Тайынты су қоймасы Төменгі Тайынты ауылы (49°44'08.39"С; 83°04'98.11"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды 68 Шыбындыкөл көлі Жоғарғы Тайынты ауылы (49°36'96.34"С; 83°03'01.35"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды 69 Сібе және Садыркөл көлдері Алғабас ауылы (49°45'13.85"С; 82°59'23.41"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды 70 Төртқара көлі Алғабас ауылы (49°44'48.59"С; 82°61'44.23"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды 71 Шалқар көлі Алғабас ауылы (49°43'74.57"С; 82°63'32.88"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды 72 Қоржынкөл көлі Алғабас ауылы (49°42'68.39"С; 82°65'13.51"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды 73 Дұбығалы көлі Гагарин ауылы (50°06'40.97"С; 81°79'02.71"В) ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды Шемонаиха ауданы 74 Оба өзені Усть-Таловка кенті (50°33'36"С; 81°50'34"В) шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару жүзеге асырылмайды Верх-Уба ауылы (50°29'17"С; 82°24'53"В) Убинка ауылы (50°19'15"С; 81°43'47"В) Камышинка ауылы (50°33'42"С; 81°47'30"В) Волчанка ауылы (50°33'39"С; 82°08'19"В) Большая Речка ауылы (50°34'22"С; 82°21'49"В) Шығыс Қазақстан облысы ортақ су пайдалану ережелеріне 2-қосымша Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлер № р/н Су объектісінің атауы Су объектісінің орналасқан жері (мекен-жайы, координаттары) Ескертпе Өскемен қаласы 1 Меновное көлі Сол жағалау кешені жағажайы (49055′ 59′′ С; 82036′32′′ В) жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан кемінде 50 метрге дейін шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 2 Ертіс өзені «Самал» жағажайы (49°55'59"С; 82°36'32"В) Алтай ауданы 3 Бұқтырма су қоймасы Жаңа Бұқтырма кенті (49°61'38"5С; 83°51'19"7В) жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан кемінде 50 метрге дейін шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Прибрежный кенті (49°65'25"6С; 83°77'54"5В) Глубокое ауданы 4 Кіші Оба өзені «Толағай» жазғы лагері, Кіші Оба ауылы (50°44'41"39С; 82°68'16"13В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Зайсан ауданы 5 Үйдене су қоймасы Зайсан қаласы (47036′74.86′′С; 84077′79.27′′В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 6 кіші бөгет Зайсан қаласы (47045′55.68′′С; 84087′24.78′′В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 7 кіші бөгет Кенсай ауылдық округі (47046′49.86′′С, 84078′41.09′′В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Самар ауданы 8 Бұқтырма су қоймасы «Черемушки» демалыс базасы, Сарыбел ауылдық округі (49038′46′′С; 84019′48′′В;) жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан кемінде 50 метрге дейін шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды «Рубин» демалыс базасы, Сарыбел ауылдық округі (49038′46′′С; 84019′48′′В;) «Бухтарминская лилия» демалыс базасы, Сарыбел ауылдық округі (49038′46′′С; 84019′48′′В;) «Майами» демалыс базасы, Сарыбел ауылдық округі (49038′46′′С; 84019′48′′В;) «Простоквашино» демалыс базасы, Сарыбел ауылдық округі (49038′46′′С; 84019′48′′В;) «Оригон» демалыс базасы, Сарыбел ауылдық округі (49038′46′′С; 84019′48′′В;) «Поющий берег» демалыс базасы, Сарыбел ауылдық округі (49038′46′′С; 84019′48′′В;) «Золотые пески» демалыс базасы, Палатцы ауылдық округі (53017′48′′С; 48049′29′′В;) «Балауса-2» балалар сауықтыру лагері (49005′07′′78С; 83087′30′′87В;) Ұлан ауданы 9 Дресвянка өзеніндегі су қоймасы Каменка ауылынан оңтүстікке қарай 9 километр (49°85'42.99"С; 81°94'61.71"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 10 Крупа өзеніндегі су қоймасы Привольное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 1,5 километр (49°85'42.99"С; 81°94'61.71"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 11 Қарасу өзеніндегі су қоймасы Привольное ауылынан жоғары қарай 7 километр (50°08'25.03"С; 81°57'53.39"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Митрофановка ауылынан жоғары қарай 2 километр (50°02'82.12"С; 81°61'24.65"В) 12 Жартас өзеніндегі су қоймасы Гагарино ауылынан оңтүстікке қарай 3,5 километр (50°11'90.74"С; 81°89'31.72"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 13 Ұлан өзеніндегі су қоймасы Жанұзақ ауылынан жоғары қарай 15 километр (49°62'76.50"С; 82°12'34.61"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Айыртау ауылынан жоғары қарай 3 километр (49°80'13.05"С; 82°24'10.68"В) 14 Ұлан өзеніндегі «Алебастр» су қоймасы Айыртау ауылынан төмен қарай 7 километр (49°86'80.78"С; 82°33'79.81"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 15 Қолбала өзеніндегі су қоймасы Бестерек ауылынан оңтүстікке қарай 4,5 километр (49°60'99.92"С; 82°66'61.96"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 16 Маймекен өзеніндегі су қоймасы Каменка ауылынан оңтүстікке қарай 7 километр (49°86'19.86"С; 81°90'99.87"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 17 Тұғұл өзеніндегі су қоймасы Тройницк ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 километр (49°91'56.85"С; 81°70'52.19"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 18 Песчанка өзеніндегі су қоймасы Таврия ауылынан оңтүстікке қарай 4 километр (50°10'85.56"С; 82°06'13.04"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 19 Аблакетка өзеніндегі су қоймасы Мамай батыр ауылынан солтүстікке қарай 3,5 километр (49°79'35.63"С; 82°62'05.22"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 20 Тайынты өзеніндегі су қоймасы Төменгі Тайынтыдан жоғары қарай 0,2 километр (49°43'71.97"С; 83°04'71.01"В) (49°44'42.89"С; 83°06'29.85"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 21 Бұқтырма су қоймасы Манат ауылы (49°55'74.89"С; 83°47'43.88"В) (49°55'86.62"С; 83°46'23.54"В) (49°55'12.09"С; 83°44'34.37"В) жағажайлар мен акваториялар учаскелерінің (белдеулерінің) шекарасынан кемінде 50 метрге дейін шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 22 Төменгі Тайынты су қоймасы Төменгі Тайынты ауылы (49°44'08.39"С; 83°04'98.11"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 23 Шыбындыкөл көлі Жоғарғы Тайынты ауылы (49°36'96.34"С; 83°03'01.35"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 24 Сібе және Садыркөл көлдері Алғабас ауылы (49°45'13.85"С; 82°59'23.41"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 25 Төртқара көлі Алғабас ауылы (49°44'48.59"С; 82°61'44.23"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 26 Шалқар көлі Алғабас ауылы (49°43'74.57"С; 82°63'32.88"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 27 Қоржынкөл көлі Алғабас ауылы (49°42'68.39"С; 82°65'13.51"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды 28 Дұбығалы көлі Гагарин ауылы (50°06'40.97"С; 81°79'02.71"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Шемонаиха ауданы 29 Оба өзені Усть-Таловка кенті (50°33'36"С 81°50'34"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Верх-Уба ауылы (50°29'17"С 82°24'53"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Убинка ауылы (50°19'15"С 81°43'47"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Камышинка ауылы (50°33'42"С 81°47'30"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Волчанка ауылы (50°33'39"С 82°08'19"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды Большая Речка ауылы (50°34'22"С 82°21'49"В) шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайды