Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Бокейординскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы №12-5 шешіміне қосымша Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Объектінің түрі Есептік бірлік м3/жыл 1. Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,1 2. Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және тағы сол сияқтылар 1 орын 1,13 3. Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1,13 4. Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,4 5. Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,22 6. Емхана 1 адам 0,04 7. Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек - орын 2,06 8. Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,13 9. Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 орын 1,16 10. Театрлар, кинотеатрлар, мәжіліс залдары, түнгі клубтар, ойын-сауық орталықтары 1 орын 0,2 11. Мұражай, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 0,8 12. Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,13 13. Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 0,21 14. Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,8 15. Халыққа қызмет көрсету орталықтары Жалпы алаңы 1 м2 0,22 16. Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,44 17. Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар 1 машина - орын 0,11 18. Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,11 19. Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,23 20. Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,13 21 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,13 22. Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,26 23. Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар 1000 қатысушы 0,8 Аббревиатуралардың толық жазылуы: м2 - шаршы метр; м3 – куб метр.