Об утверждении перечня объектов, не подлежащих передаче для реализации государственно-частного партнерства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 74-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысына қосымша Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға берілмейтін объектілер тiзбесi
Тармақ 1
1. Жер, су (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын iске асыру мақсатында уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын берудi қоспағанда), өсiмдiктер әлемi және жануарлар дүниесi.
Тармақ 2
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
Тармақ 3
3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітілген қару-жарақ, әскери техника және арнайы құралдар.
Тармақ 4
4. Магистральды темiржол желiсі, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, теңіз терминалдары.
Тармақ 5
5. Мына қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, гидротораптар, басқа да гидротехникалық құрылыстар):
Тармақша 1
1) Астана;
Тармақша 2
2) Алматы;
Тармақша 3
3) Ақтау;
Тармақша 4
4) Ақтөбе;
Тармақша 5
5) Атырау;
Тармақша 6
6) Қарағанды;
Тармақша 7
7) Көкшетау;
Тармақша 8
8) Қостанай;
Тармақша 9
9) Қызылорда;
Тармақша 10
10) Павлодар;
Тармақша 11
11) Петропавл;
Тармақша 12
12) Талдықорған;
Тармақша 13
13) Тараз;
Тармақша 14
14) Орал;
Тармақша 15
15) Өскемен;
Тармақша 16
16) Шымкент;
Тармақша 17
17) Семей;
Тармақша 18
18) Түркістан;
Тармақша 19
19) Теміртау;
Тармақша 20
20) Екібастұз;
Тармақша 21
21) Рудный;
Тармақша 22
22) Жезқазған;
Тармақша 23
23) Кентау;
Тармақша 24
24) Балқаш;
Тармақша 25
25) Жаңаөзен;
Тармақша 26
26) Сәтбаев;
Тармақша 27
27) Ақсу;
Тармақша 28
28) Риддер;
Тармақша 29
29) Арыс;
Тармақша 30
30) Степногорск;
Тармақша 31
31) Шахтинск;
Тармақша 32
32) Саран;
Тармақша 33
33) Қапшағай;
Тармақша 34
34) Арқалық;
Тармақша 35
35) Лисаковск;
Тармақша 36
36) Приозерск.
Тармақ 6
6. Қан қызметі, АИТВ/ЖИТС профилактикасы (медициналық техника сатып алу және оған сервистік қызмет көрсетуді қоспағанда), апаттар медицинасын ұйымдастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары.
Тармақ 7
7. Тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтар.
Тармақ 8
8. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi.