Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының әлеуметтік - экономикалық даму, бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, көлік және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Өтеев).
Тармақ 3
3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Мұстафаев _________________ «11» қазан 2017 жыл
Басқа 5. Жаңаөзен қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 11 қазандағы № 14/160 шешіміне қосымша Жаңаөзен қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жаңаөзен қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Жаңаөзен қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қалдықтарды басқару мақсатында әкімдікпен мүдделі құрылымдық бөлімдерінің өкілдерінен комиссия құрылады (бұдан әрі – Комиссия). Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган болып коммуналдық шаруашылық саласында қызметті жүзеге асыруға уәкілетті «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі табылады.
Тармақ 5
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
Тарау 2. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру әкімдікпен Комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілген қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына кетіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.