Об использовании бюджетных средств, направляемых на поддержку и развитие агропромышленного комплекса области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға және дамытуға бағытталған бюджеттік қаржыны пайдалану туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.06.2004 № 169 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II, "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-I Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының несиелер берудің Ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегi №1440, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 478 қаулыларына сәйкес, облыстың агроөнеркәсiптiк кешенiн жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен несиелеудiң тәртiбi мен жағдайларын айқындау мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Мыналар бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен агроөнеркәсiптiк кешенiн қолдауға несиелер берудiң Ережесi (қосымша N 1);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды таңдау және агроөнеркәсiптiк кешен жобаларын қарау жөнiндегi конкурстық комиссияның (бұдан әрi - Конкурстық комиссия) құрамы (қосымша N 2);
Тармақша 3
3) агроөнеркәсiптiк кешендi қолдау және дамыту үшiн басым бағыттарды несиелеу тiзбесi (қосымша N 3).
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмысшы органына Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаментi (бұдан әрi - Департамент) бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң "Облыстық агроөнеркәсiптiк кешенiн қолдауға бағытталған бюджеттiк қаржыны пайдалану туралы" 2001 жылғы 6 ақпандағы N 28, "Облыстың агроөнеркәсiптiк кешенiн қолдауға бағытталған бюджеттiк қаржыны пайдалану туралы" 2001 жылғы 6 ақпандағы N 28 облыс әкiмiнiң шешiмiне толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 23 ақпандағы N 57 шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.
Басқа 8. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдауға және дамытуға несиелер берудiң ЕРЕЖЕСI
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 14 наурыздағы
N 51 қаулысына
N 1 қосымша
Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен агроөнеркәсiптiк кешендi қолдауға және дамытуға несиелер берудiң ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдарының несие берудiң Ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегi № 1440, "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 9 сәуiрдегi N 478 қаулыларына сәйкес әзiрлендi және облыстың агроөнеркәсiптiк кешенiн қолдауға және дамытуға бөлiнген бюджет қаржысы есебiнен агроөнеркәсiптiк кешенге несиелер берудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 9. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде төмендегiдей ұғымдар пайдаланылады:
несие берушi - жергiлiктi атқарушы орган;
бюджеттiк несие - несие берушiнiң шұғылдық, төлемдiк және қайтарымдылық шарттарымен жергiлiктi бюджеттен берген ақшасы;
қарыз алушы - банк - соңғы қарыз алушыны одан әрi несиелеу үшiн жергiлiктi бюджеттен несиелер алатын, банк операцияларының жекеленген түрлерiн жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер немесе ұйымдар;
соңғы қарыз алушы - қарыз алушы - банк арқылы бюджеттiк несиелердi алушы заңды немесе жеке тұлға;
бюджеттiк несие жөнiндегi берешек - қарыз алушының бюджеттiк несиенi белгiленген күнге өтемеген және кестеге сәйкес төлемеген төлемдер сомасы;
конкурстық комиссия - қарыз алушы - банктердi таңдап алу және соңғы қарыз алушылардың жобаларын қарау жөнiндегi комиссия.
департамент - қарыз алушы - банктердi таңдап алу және соңғы қарыз алушылардың жобаларын қарау жөнiндегi комиссия.
Тармақ 2
2. Бюджеттiк несиелеу жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi жылға қабылдаған бюджеттердi орындаудың құрамдас бөлiгi болып табылады және ол қарыз алушы - банкке бюджеттiк несиелердi берiп, кейiннен соңғы қарыз алушыға беру жолымен жүзеге асырылады. Осы Ереже арқылы бiрлесiп қаржыландыру тәртiбiмен соңғы қарыз алушыларды банкпен бiрге ортақ несиелендiрудiң шарттары да белгiленген. Жобаларды бюджеттiк несиелеу - бiрлесiп қаржыландыру, қазiргi заңнамаларға сәйкес ашық конкурс өткiзу жолымен таңдап алынған агроөнеркәсiптiк кешендi қолдаудың және дамытудың басым бағыттарын несиелендiрудiң тiзбесiне сәйкес қарыз алушы - банк арқылы жүргiзiледi. Бюджеттiк қаржы есебiнен агроөнеркәсiптiк кешендi бюджеттiк несиелендiру үшiн банк қызметiн көрсететiн қарыз алушы - банктердi таңдап алу жөнiнде конкурс өткiзудiң тәртiбiн Конкурстық комиссия белгiлейдi. Мұнымен қатар Конкурстық комиссия қарыз алушы - банкпен несиелiк келiсiмдердiң жалпы шарттарын, сыйақы мөлшерлемесiн және басқа да несиелендiру жөнiндегi шарттарды әзiрлейдi және бекiтедi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен агроөнеркәсiптiк кешенге бюджеттiк несиелер беру туралы қарыз алушы - банкпен несиелiк келiсiмдер жасауды жергiлiктi атқарушы орган атынан облыс әкiмi немесе оны ауыстыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 13. ІІ. Бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
ІІ. Бюджеттiк несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары
Тармақ 4
4. Агроөнеркәсiптiк кешендi қолдауға және дамытуға бағытталған бюджеттiк несиелер мақсатты болып табылады және ол мәслихаттың шешiмiмен бекiтiлген тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджетте қаралған сомалар шегiнде берiледi.
Тармақ 5
5. Қарыз алушы - банк қоятын талаптар "Агроөнеркәсiптiк кешендi бюджеттiк несиелендiру үшiн банк қызметiн көрсету жөнiнде ашық конкурс өткiзу тәртiбiнде" айқындалады.
Тармақ 6
6. Бюджеттiк несиелендiру үрдiстерiнде жергiлiктi атқарушы орган мен қарыз алушы - банк арасында несиелiк келiсiм жасалады.
Тармақ 7
7. Бизнес-жобаларға байланысты несиелендiрудiң қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейiн, орта мерзiмдi - 1 жылдан жоғары, бiрақ 3 жылдан артық емес, ұзақ мерзiмдi - 3 жылдан жоғары мерзiмдерi белгiленедi.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк несиелер жергiлiктi бюджеттен ұлттық валютада қарыз алушы - банкке нөлдiк мөлшерлеме бойынша, банкке, соңғы қарыз алушыға Конкурстық комиссия белгiлеген мөлшерлеме бойынша берiледi.
Тармақ 9
9. Соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелердi қайтарымдық негiзде беру, сондай-ақ жобаларды бiрлесiп қаржыландыру, олар тек агроөнеркәсiптiк кешендi қолдаудың және дамытудың басым бағыттарын несиелендiрудiң тiзбесiне сәйкес қызметпен шұғылданғанда ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Несиелеуге бөлiнген бюджеттiк қаржыларды қандайма болмасын еңбек ақы жөнiндегi, бюджетке төлемдер немесе басқа да қарыздар мен мiндеттемелердi өтеуге пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 11
11. Департамент басым бағыттар тiзбесiне сәйкес жобаларды таңдайды, алдын ала сараптама жасайды және оны Конкурстық комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия өзiнiң мәжiлiсiнде оны қарайды және қолдау тапқан жобалардың тiзiмiн бекiтедi. Конкурстық комиссияның шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделедi. Бекiтiлген жобалар тiзiмi Департамент арқылы өкiлдi қарыз алушы - банкке берiледi.
Тармақ 12
12. Қарыз алушы - банк арқылы несие берушiнiң несиелiк қорынан соңғы қарыз алушыға бюджеттiк несиелер беру қазiргi заңдарға, жасалған несиелiк шарттарға және қарыз алушы - банктiң iшкi несиелiк саясатына сәйкес iске асырылады.
Тармақ 13
13. Қарыз алушы - банк соңғы қарыз алушының жобаларына мынадай жолдармен сараптама жүргiзедi: соңғы қарыз алушының төлем қабiлеттiлiгiн және бюджеттiк несиенi өтемеген жағдайдағы тәуекелдiк дәрежесiн саралайды.
Қарыз алушы - банктердiң мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банк жазбалай түрде Департаментке жобаларды қаржыландыруға келiсетiндiгi туралы мәлiмдейдi.
Тармақ 14
14. Комиссияның оңды шешiмi мен қарыз алушы - банктiң мақұлдауына ие болған жобалар бойынша банктер соңғы қарыз алушыға несие беру туралы қажеттi құжаттарды ресiмдейдi, несиелiк шарттар жасайды.
Тармақ 15
15. Қарыз алушы - банктiң соңғы қарыз алушыға қоятын бюджеттiк несиенiң пайызы, оның көлемi мен мерзiмi конкурстық комиссия белгiлеген мөлшерден аспауы керек.
Тармақ 16
16. Бюджеттiк қаржыдан берiлетiн бюджеттiк несиелер, сондай-ақ соңғы қарыз алушыларды несиелеуге осы Ереже мен Комиссия белгiлеген шарттарда бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген қаржы бөлiгi, қағида бойынша кепiлдiктi қамтамасыз ету немесе олардың берген басқа да кепiлдiктерi бойынша жүргiзiлуi қажет.
Тармақ 17
17. Жобаларды бiрлесiп қаржыландырған жағдайда Департамент нөлдiк мөлшерлеме бойынша жобалар құнындығы бюджеттiк несиелiк қордағы өзiнiң үлесiн бередi, ал қарыз алушы - банктер белгiленген мөлшерлеме бойынша өзiнiң үлесiн бередi. Жобаны бiрлесiп қаржыландырудағы қарыз алушы - банк қатысының үлесi берiлетiн несиенiң жалпы сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиiс. Сыйақының жалпы пайыздық мөлшерлемесi несиелеу сәтiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң қайта қаржыландырудағы мөлшерлемесiнен артпауы тиiс.
Тармақ 18
18. Несиелiк шарттар және онымен байланысты құжаттар жасалынғаннан кейiн қарыз алушы - банк соңғы қарыз алушының атына несие шотын ашады, оған несиелiк шарттарға сәйкес бюджеттiк несиелер сомасы аударылады. Аталған шоттан несиелер беру соңғы қарыз алушының есеп айырысу шотына ақша аудару жолымен немесе оны төлемдiк құжаттарға төлеу жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 19
19. Агроөнеркәсiптiк кешенді қолдауға және дамытуға бағытталған, жергiлiктi бюджетте қаралған қаржыны облыстық қаржы басқармасы Департамент (бағдарлама әкiмшiсi) шотына аударады, Департамент нақты жоба жөнiнде оңды қорытынды берген қарыз алушы - банктiң жазбалай хабарламасын алғаннан кейiн, соңғы қарыз алушыны несиелеу үшiн қарыз алушы - банкке қаржыны олардың тапсырысына сәйкес бөледi. Несиелiк қор ретiнде пайдалануға бөлiнген бюджеттiк қаржыны қарыз алушы - банк 15 күн iшiнде игермеген жағдайда, ол қаржы 5 банкi күнi iшiнде Департамент шотына қайтарылуға жатады. Бөлiнген бюджеттiк қаржыны игермеген жағдайда қарыз алушы - банктiң Департамент шотына дер кезiнде қайтармаған ақша қаражаты үшiн санкцияның көлемi жергiлiктi атқарушы орган мен қарыз алушы - банк арасында жасалған несиелiк келiсiмдерде айқындалады.
Тарау 30. ІІІ. Бюджеттiк несиелердi өтеудiң тәртiбi
ІІІ. Бюджеттiк несиелердi өтеудiң тәртiбi
Тармақ 20
20. Қарыз алушы - банк бюджеттiк несиенi өтеудi жасалған несиелiк келiсiмге сәйкес iске асырады. Бұл ретте төлемнiң төмендегiдей кезектiлiгi белгiленедi:
Тармақша 1
1) есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсiмi;
Тармақша 2
2) негiзгi қарызды өтеу.
Тармақ 21
21. Жергiлiктi атқарушы орган несиелiк келiсiмдi мерзiмiнен бұрын бұзуына және қарыз алушы - банк келiсiмнiң шарттарын бұзған жағдайда несиеге берiлген сомаларды қайтарып алуына құқығы бар.
Тармақ 22
22. Несиелiк келiсiм бұзылмаса да жергiлiктi атқарушы орган бюджеттiк несиенiң өз мақсатына жұмсалмаған фактiлерiн анықтаса, онда ол заңсыз пайдаланған несие сомалары үшiн қарыз алушы - банктен несиелiк келiсiмде баяндалған мөлшерде айыппұл өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 23
23. Қарыз алушы - банк бюджеттiк несиенi несиелiк келiсiмде көрсетiлген мерзiмде өтемеген жағдайда қалыптасқан берешектерге айыппұл пайыздары есептеледi.
Тармақ 24
24. Қарыз алушы - банк негiзгi қарыз сомасын және басқа да осы несиеге байланысты төлемдер мен айыппұлдарды қайтарған жағдайда жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен берiлген несие өтелген болып саналады.
Тармақ 25
25. Соңғы қарыз алушыларда бюджеттiк несие бойынша берешектер қалыптасқан және оны несиелiк шартта белгiленген мерзiмде өтемеген жағдайда, банктер несиенi кепiлдiк заттар арқылы мәжбүрлеп өндiру жолымен қайтаруға шаралар алады.
Тармақ 26
26. Соңғы қарыз алушы несиенi дер кезiнде қайтармаған жағдайда және қарыз алушы - банк жүргiзген iс-шаралар жосығы ең соңғы қарыз алушының берешектердi қайтаруына әкелмесе, қарыз алушы - банк қаржыны жергiлiктi бюджетке өздерiнiң қаржысы есебiнен қайтаруды қамтамасыз етедi. Аталған қаржыны қайтару мерзiмi жергiлiктi атқарушы орган және банк арасында қол қойылып жасалған несиелiк келiсiмде белгiленедi.
Тарау iv. IV. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
IV. Бюджеттiк несиелердi есепке алу және бақылау
Тармақ 27
27. Бюджеттiк несиелердiң мақсатты жұмсалуын бақылауды қарыз алушы - банк пен Департамент бөлiнген қаржыны тексеру және шығындарды азайту жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Соңғы қарыз алушы несиелiк қорды белгiленген мақсатқа жұмсамағаны белгiлi болса қарыз алушы - банк 3 күн iшiнде бұл туралы Департаментке хабарлайды және берiлген қаржыны мерзiмiнен бұрын қайтару жөнiнде шаралар алады.
Тармақ 29
29. Жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен қарыз алушы - банкке берiлген барлық несиелер облыстық қаржы басқармасында белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде тiркелуге жатады.
Тармақ 30
30. Жергiлiктi атқарушы органға берiлген бюджеттiк несиелерге мониторингi жүргiзудi облыстық қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң белгiленген тәртiбi пен нысаны бойынша қарыз алушы - банктiң жүйелi түрде есеп беруi негiзiнде iске асырады.
Тармақ 31
31. Берiлген бюджеттiк несиелердi пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалауды Департамент iске асырады.
Тармақ 32
32. Департамент бақылау мақсатында қарыз алушы - банктен бюджеттiк несиеге байланысты қажеттi ақпараттарды талап етуге құқылы.
Басқа 47. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды iрiктеу және агроөнеркәсiп кешенi жобаларын қарау жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамы
Облыстық әкiмияттың
2002 жылғы 14 наурыздағы
N 51 қаулысына
N 2 қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдарды iрiктеу және агроөнеркәсiп кешенi жобаларын қарау жөнiндегi конкурстық комиссияның құрамы
Есенғалиев Абат Қадемұлы - комиссия төрағасы, облыс әкiмiнiң орынбасары
Жәкиев Қайреден Есенғалиұлы - комиссия төрағасының орынбасары, облыстық ауыл
шаруашылығы департаментiнiң бастығы
Қуанышев Ғилым Зайреденұлы - комиссия хатшысы, облыс әкiмi аппаратының агроөнеркәсiп
кешенi бөлiмiнiң бас инспекторы
Комиссия мүшелерi:
Аманғалиев Ақылбек Теміржанұлы - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының
орынбасары
Омаров Берік Төлепұлы - облыстық Жайық шаруасы шаруа қожалықтары ассоциациясының
төрағасы
Iзбасаров Борис Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi филиалының директоры
(келiсiм бойынша)
Ысқақов Әдiл Дүйсенұлы - облыстық қазыналық басқармасының бастығы
Кенжеғалиев Қуаныш Кенжеғалиұлы - облыстық коммуналдық меншiктер басқармасының бастығы
Қуанышев Дархан Сабырұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қаржы
және бақылау комитетiнiң облыстық басқармасының
бастығы
Сағатов Досым Сағатұлы - облыстық мәслихат тексеру комиссиясының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Хамитов Асқар Шаңгерейұлы - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Басқа 48. Ауыл шаруашылығы кешенiн қолдау және дамыту үшiн несие берудiң басым бағыттарының ТIЗIМI
Облыстық әкiмияттың
2001 жылғы 14 наурыздағы
N 51 қаулысына
N 3 қосымша
Ауыл шаруашылығы кешенiн қолдау және дамыту үшiн несие берудiң басым бағыттарының ТIЗIМI
- агроөнеркәсiп кешенi салаларында импорталмасу өнiмдерiн дамыту, қолдау және өндiрiс ашу;
- ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дайындау және өңдеу;
- мал шаруашылығын дамыту және қолдау;
- өсімдік шаруашылығын дамыту және қолдау;
- жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгiзу және игеру;
- ауыл шаруашылығы техникаларын, құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер өндiру және жөндеу;
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге материалдық-техникалық ресурстар сатып алу және қамтамасыз ету;
- агроөнеркәсiп кешенi кәсiпорындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге қызмет көрсететiн кәсiпорындар ұйымдастыру;
- ауыл шаруашылығы техникаларының лизингi.