Об органах юстиции Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әділет органдары туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Бап 2. 2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Бап 3. 3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi
3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi Әдiлет органдарының мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын үйлестіру, сондай-ақ жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің орнықты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 1-1
1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттің реттеушілік саясатын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасының дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3-1
3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 3-2
3-2) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;
Тармақша 4
4) заң көмегін ұйымдастыру және көрсету және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) - 6-2) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 7
7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 2004.12.29 N 25 Заңымен;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
Тармақша 9-1
9-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 9-2
9-2) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 9-3
9-3) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 9-4
9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 10
10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады. 📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 N 25, 2007.03.26 N 240, 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 N 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
Тармақ 1
1. Әдiлет органдарының қызметi:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
Тармақша 3
3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 6
6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тарау 2. 2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 5. 5-бап. Әдiлет органдары жүйесi
5-бап. Әдiлет органдары жүйесi
Тармақ 1
1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:
Тармақша 1
1) мыналарды: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін; аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;
Тармақша 2
2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар. 📌 Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Құрылтайымен консультациядан кейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі енгізген ұсынумен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді, реттеушілік саясатты іске асыруға жәрдемдеседі. 📌 Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.04.29 N 154-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң өкiлеттiктерi
7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң өкiлеттiктерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.
Тармақ 2
2. Министр:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың, Әділет министрлiгіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;
Тармақша 3
3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 6
6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Аумақтық әдiлет органдары
8-бап. Аумақтық әдiлет органдары
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.
Тармақ 2
2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады. 📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25; 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары
9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi. 📌 Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Бап 10. 10-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi
10-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi 📌 Ескерту. 10-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 11. 11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы
11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы 📌 Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 11-1. 11-1-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі
11-1-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі 📌 Ескерту. 11-1-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Бап 12. 12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимылы
12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимылы
Тармақ 1
1. Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады. Әділет органдары қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің цифрлық жүйелерінен мәліметтер ұсынады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12-1. 12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау
12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау 📌 Ескерту. 12-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 13. 13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi
13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi
Тармақ 1
1. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген жағдайларда Әдiлет министрi өз құзыретi шегiнде әдiлет органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге тиiстi бұйрықтар шығарады, сондай-ақ ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 2
2. Әдiлет министрлiгi ведомстволарының және аумақтық органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және ұсыныстар енгiзедi.
Тармақ 3
3. Әдiлет органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеуден өткен актiлерiн Қазақстан Республикасы ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға мiндеттi. 📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 14. 14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы
14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы
Тармақ 1
1. Әдiлет органдары:
Тармақша 1
1) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;
Тармақша 2
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты;
Тармақша 3
3) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзеді.
Тармақ 2
2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттiк органға (лауазымды адамға) не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Ұсынуды мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға әсер ететін себептер мен шарттарды жою жөніндегі шараларды міндетті түрде қолдана отырып, әділет органдары белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс. Әдiлет органдары ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыну қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы әділет органын хабардар етуге тиіс.
Тармақ 4
4. Ұсынуды қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдарына хабарланады. 📌 Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 3. 3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бап 15. 15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары
15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмысын үйлестіру;
Тармақша 2
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау;
Тармақша 2-1
2-1) заң жобасы бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 2-2
2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заң жобасы бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы мен ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасы бойынша заң сараптамасының нәтижелерін қамтитын қорытынды беру;
Тармақша 2-3
2-3) өз құзыреті шегінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау рәсімдерін жүргізуді үйлестіру;
Тармақша 3
3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттiк және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;
Тармақша 5
5) құқықтық цифрландыруды, «Е-заңнама» цифрлық жүйесін жүргізуді, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесін жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 N 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары
16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;
Тармақша 2-1
2-1) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 2-2
2-2) ратификациялауға жататын, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
Тармақша 5
5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу;
Тармақша 6
6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары
17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары Әділет органдары сот-сараптама қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
Тармақша 2
2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру. 📌 Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 18. 18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары
18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары Әдiлет органдары мемлекеттiк тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 1-1
1-1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарында, мәслихаттар мен олардың аппараттарында, әкімдіктерде, әкімдердің аппараттарында, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларында мемлекеттік бақылау;
Тармақша 2
2) коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен ;
Тармақша 4
4) алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2006.06.05 № 146, 2007.07.26 № 311, 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 № 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19. 19-бап. Әдiлет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары
19-бап. Әдiлет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары 📌 Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Әдiлет органдары заң көмегін ұйымдастыру және көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда);
Тармақша 2
2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;
Тармақша 4
4) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң көмегінің сапасын бақылау;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Тармақ 2
2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу;
Тармақша 2
2) эталондық заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесiн пайдалана отырып беру;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 4
4) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу. 📌 Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2005.04.15 № 45, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары
20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары 📌 Ескерту. 20-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 21. 21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары
21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары Әдiлет органдары зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
Тармақша 2
2) зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарға қатысу;
Тармақша 3
3) зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 4
4) зияткерлiк меншiкті сақтау мен қорғау саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіру және осы саладағы уәкілетті органдарға, сондай-ақ мүдделі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 5
5) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын сақтауды қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
Тармақша 6
6) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 7
7) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтiнiмдердi тiркеу жөніндегі қызметті, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына қорғау құжаттарын беруге арналған өтінімдерге сараптама жүргізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру, тиісті мемлекеттік тізілімдерді жүргізу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде ұстап тұру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес;
Тармақша 10
10) патенттiк iс саласындағы сараптаманы және авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымның қызметiн бақылау;
Тармақша 11
11) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу. 📌 Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21-1. 21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды:
Тармақша 1
1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);
Тармақша 2
2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);
Тармақша 3
3) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады. 📌 Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Бап 22. 22-бап. Әдiлет органдарының есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы функциялары
22-бап. Әдiлет органдарының есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы функциялары 📌 Ескерту. 22-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.29 № 25 Заңымен.
Бап 22-1. 22-1-бап. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы мемлекеттік бақылау
22-1-бап. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы мемлекеттік бақылау Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар бөлігінде зияткерлік меншік құқығы объектілерінің, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, географиялық нұсқаманың, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 22-2. 22-2-бап. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау
22-2-бап. Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасы) бұзушылықтарға жол бермеуі мақсатында жүзеге асырылады. Осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) болып табылады. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілмейді. 📌 Ескерту. Заң 22-2-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары
Тармақ 1
1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;
Тармақша 2
2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;
Тармақша 4
4) өз қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасын, оның ішінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін талдау мен қорыту және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
Тармақша 7
7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек пен заң көмегін көрсету;
Тармақша 7-1
7-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9-1
9-1) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру;
Тармақша 9-2
9-2) заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 9-3
9-3) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанушылық және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. 📌 Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2006.07.05 № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2007.03.26 № 240; 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.02.2017 № 49-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 23-1. 23-1-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
23-1-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бақылауды әділет органдары жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер бару арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдарда, аумақтық әділет органдары – жергілікті атқарушы және өкілді органдарда, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссияларында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бақылау субъектілерін жоспарлы тексерулердің кезеңділігі әділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) бекітетін жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес үш жылда бір реттен аспауға тиіс. Жоспардан тыс тексерулер әділет органдарының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтар тікелей анықталған, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан осындай бұзушылықтар туралы ақпарат алынған кезде немесе жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша жүргізіледі. Әділет органы бақылау субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып хабарлайды.
Тармақ 3
3. Әділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бақылау субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарларын бекітеді. Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарлары мыналарды қамтиды: жоспарды бекіту туралы актінің күні мен нөмірі; бақылау субъектілерінің атауы, олардың тұрған жері; тексеру нысанасы; тексерулер жүргізу мерзімдері; жоспарға қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы. Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспары жоспарлы тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады және тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 4
4. Жоспарлы тексерулер жүргізу жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе бақылау субъектілері арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тексерулер жүргізу кезінде тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, осы Заңды және «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тармақ 6
6. Тексеру:
Тармақша 1
1) лауазымды адамның «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тіркеуге ұсынбау фактілерін анықтау және болғызбау;
Тармақша 2
2) осы Заңның 18-бабының 1-1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған не қолданысы тоқтатыла тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген не белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілерді заңсыз қолдану фактілерін анықтау және болғызбау;
Тармақша 3
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласында сапаны қамтамасыз ету және заңдылық режимін күшейту бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы актіге әділет органының бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) қол қояды.
Тармақ 8
8. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 5
5) тағайындалған тексерудің нысанасы;
Тармақша 6
6) тексерудің түрі;
Тармақша 7
7) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу негіздері;
Тармақша 9
9) тексерілетін кезең;
Тармақша 10
10) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
Тармақша 11
11) актілерге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы және әділет органының мөрі.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акті табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. Әділет органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамы бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіні, қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетеді.
Тармақ 10
10. Тексеру мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер және тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдардың құрамы ескеріле отырып белгіленеді, бірақ отыз жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 11
11. Тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам бақылау субъектісінің бірінші басшысына (не оның міндетін атқарушы адамға) танысу үшін тексеруді тағайындау туралы актіні көрсетеді. Олар болмаған жағдайда тексеруді тағайындау туралы актімен бақылау субъектісінің бірінші басшысының орынбасары не аппарат басшысы (бар болған кезде) танысады.
Тармақ 12
12. Бақылау субъектісінің лауазымды адамының тексеру жүргізуге кедергі келтіруі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік құпияларды құрайтын актілерді қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңде шығарылған актілер тексеруге жатады.
Тармақ 14
14. Тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамның: тексеруді тағайындау туралы актіге сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге; тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға; бақылау субъектілерінен тексерулерді жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға; бақылау субъектісінің әкімшілік жауаптылыққа тартылатын лауазымды адамының әділет органы бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) атына түсініктемелерін сұратуға құқығы бар.
Тармақ 15
15. Тексеру жүргізу кезінде тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісіне қатысты объективті емес және біржақты түсінікке жол бермейді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуге жататын актілерді іріктеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) актілерді мемлекеттік тіркеу қажеттілігі немесе қажеттілігінің жоқтығы туралы мәселелерді шешеді.
Тармақ 16
16. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамды мынадай: тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген, осы баптың 10-тармағында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; тексеру мерзімдерін осы баптың 18-тармағында белгіленген мерзімнен артық ұзартқан; осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы актіге шағым жасауға құқылы.
Тармақ 17
17. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамның бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезең ішінде бақылау субъектісі шығарған актілерді және тексеру нысанасына сәйкес өзге де құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға міндетті.
Тармақ 18
18. Тексерілетін кезеңнің көлемі едәуір болған кезде тексеру бір рет күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей, ұзарту себептері көрсетіле отырып, әділет органы бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) актісімен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам бақылау субъектісінің бірінші басшысына (не оның міндетін атқарушы адамға) танысу үшін тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы актіні көрсетеді. Бақылау субъектісін тексеру мерзімін ұзарту туралы хабардар ету тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін бір күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Тексеру нәтижелері бойынша тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам тексеруді тағайындау туралы актіде (не тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы актіде) көрсетілген тексеру мерзімі аяқталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні анықталған бұзушылықтар болған жағдайда оларды жою және жұмысты жақсарту бойынша нұсқаулармен бірге үш данада жасайды. Тексеру нәтижелері туралы актіде әртүрлі кестелер мен анықтамалық деректер болмауға тиіс, бұл мәліметтер жеке қосымшамен ресімделеді. Тексеру нәтижелері туралы акт болған кезде оған тексеру нәтижелерімен байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері, сондай-ақ бақылау субъектілерінің лауазымды адамдарының анықталған бұзушылықтарға қатысты түсініктемелері қоса беріледі.
Тармақ 22
22. Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бақылау субъектісінің бірінші басшысына не оның уәкілетті адамына танысу және қол қою үшін беріледі, үшінші данасы әділет органында қалады.
Тармақ 23
23. Тексеру нәтижелері туралы актілерде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні мен орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер олар жеке басты куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 6
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
Тармақша 7
7) тексерудің түрі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу кезеңі;
Тармақша 9
9) тексеру нәтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;
Тармақша 10
10) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
Тармақша 11
11) бақылау субъектісінің бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер;
Тармақша 12
12) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Тармақ 24
24. Тексеру нәтижелері туралы актіге бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тарапынан қарсылықтар немесе ескертулер болған кезде оларға ескертпе жасалады және дәлелді жазбаша түсініктемелер мен ескертулер қоса беріледі. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Тармақ 25
25. Әділет органының лауазымды адамы бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.
Тармақ 26
26. Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқаратын адам) қол қояды. Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 27
27. Тексеру барысында жасалғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
Тармақ 28
28. Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тексеру нәтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтарды жоюға тиіс. Тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде әділет органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.
Тармақ 29
29. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды осы баптың 28-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, әділет органы осы Заңның 14-бабына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 30
30. Егер тексерулерді әділет органы осы бапта белгіленген тексерулер жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады. 📌 Ескерту. Заң 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 24. 24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
Тармақша 1
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
Тармақша 2
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) алып тасталды – ҚР 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 55-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
Тармақша 6
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 8-1
8-1) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсетуге;
Тармақша 9
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) алып тасталды;
Тармақша 11
11) алып тасталды;
Тармақша 12
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
Тармақша 13
13) алып тасталды;
Тармақша 14
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 📌 Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2007.01.11 № 218, 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 24-1. 24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi 📌 Ескерту. 24-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 24-2. 24-2-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау
24-2-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау 📌 Ескерту. 24-2-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 4. 4-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
4-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ 📌 Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 25. 25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды. 📌 Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 26. 26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының персоналы
26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының персоналы 📌 Ескерту. 26-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 27. 27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу
27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу 📌 Ескерту. 27-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 28. 28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары 📌 Ескерту. 28-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 29. 29-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары
29-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары 📌 Ескерту. 29-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 30. 30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
Тармақ 1
1. Әдiлет органдары қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.
Тармақ 3
3. Әдiлет органдарының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттiк қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгiленедi. 📌 Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 31. 31-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары
31-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары 📌 Ескерту. 31-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тарау 5. 5-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
5-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бап 33. 33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Бап 34. 34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. Заң 34-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.29 N 25, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240, 2008.06.24 N 46-IV (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.