Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Чингирлаускому району Күшін жойған
Басқа 0
Шыңғырлау ауданы бойынша
тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға және әкетуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Шағиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Шыңғырлау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері
Шыңғырлау аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
27 қазандағы № 16-4 шешіміне
қосымша
Шыңғырлау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері
п/п
Объект
Есеп айырысу бірлігі
Баға теңгемен 1 айға (ҚҚС жоқ)
1.
Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер
тұрғын/айына
113,21
2.
Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер
тұрғын/айына
113,21
3.
Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен
1 м³
310,00
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.