Об утверждении положения о Совете по региональным проблемам при акимате области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімияты жанындағы аймақтық проблемалар жөніндегі Кеңес туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берліп отырған облыс әкімияты жанындағы аймақтық проблемалар жөніндегі Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.
Басқа 3. Жалпы ережелер
Облыс әкімиятының 2002 жылғы "12"03. N 35 қаулысымен бекітілген Облыс әкімияты жанындағы аймақтық проблемалар жөніндегі Кеңес туралы Ереже Жалпы ережелер
Тармақ 1. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері
1. Аймақтық проблемалар жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімияты жанындағы консультативтік – кеңесші орган болып табылады. Облыс аймақтарының әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері және олардың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәселелерін шешу жөнінде ұсынымдар, ұсыныстар жасау кеңесті құрудың мақсаты болып табылады. Кеңес облыстық басқармалардың, комитеттердің, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімияттарының аймақтық бағдарламаларын, индикативтік жоспарларын жасау және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді. Кеңес өзінің қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады. Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері
Тармақ 2
2. Облыс аймақтарының әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жақсартуға және олардың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған шаралар жасау үшін облыстық басқармалардың, комитеттердің, орталық органдар аумақтық құрылымдарының, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімияттарының және шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларының өзара іс-қимылы.
Тармақ 3
3. Аймақтардың жасалған Бағдарламаларының, әлеуметтік - экономикалық дамуының стратегиялық және индикативтік жоспарларының жобаларын қарау және келісу.
Тармақ 4
4. Аймақтар мен облыстың проблемалық мәселелерін түзу, олардың алға жылжуы мен шешілуіне септесу және бақылау.
Тармақ 5
5. Аймақтар мен облыстың аймақтық, мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысын, әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындыларын және стратегиялық, индикативтік жоспарларын орындалуын қарау.
Тармақ 6
6. Аймақтардың әлеуметтік - экономикалық дамуына тоқсан сайын мониторингтік қорытынды шығару, Ақтөбе қаласы мен аудандардың рейтингін келісу.
Тармақ 7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
7. Қаралушы мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырысы төрағамен немесе оның тапсырмасы бойынша орынбасарымен қажеттігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.
Тармақ 9
9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Кеңес ұсынымдарын дайындауды Кеңестің хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Кеңестің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және олар үшін Кеңес мүшелері жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептелінеді. Дауыс тепе-тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.
Тармақ 11
11. Кеңес отырысын өткізудің нәтижесі бойынша кеңес төрағасымен бекітілетін хаттама жасалады.
Тармақ 12
12. Облыстық экономика басқармасы кеңестің жұмыс органы болып табылады.