О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының
1, 2 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 9 қазан
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 76/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 26 мамырдағы № 39 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11461 болып тіркелген):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы шартпен айқындалған арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына арналған үлес бағасы және демалыс күндерінің саны негізінде белгіленсін.».