О создании областной комиссии для анализа работы аппаратов акимов городов и районов области по стабилизации экономики территорий Күшін жойған
Басқа 0
Облыс қалалары мен аудандарының әкімдері аппараттарының аумақ экономикасын тұрақтандыру жөніндегі жұмысына талдау жасау үшін облыстық комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн толық жинауды қамтамасыз ету, экономиканы дәйектi тұрақтандыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс қалалары мен аудандары әкiмдерi аппараттарының жұмысына талдау жасау жөнiнде облыстық комиссия мына құрамда құрылсын:
1) Татаев Марат Кабдыгалиұлы
облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi:
2) Абайдiлдин Талғатбек Жәмшiтұлы
Облыс Әкiмiнiң орынбасары
3) Қалиев Алдаш Байбатшаұлы
Облыс Әкiмiнiң орынбасары
4) Швайченко Юрий Петрович
Облыс Әкiмiнiң орынбасары
5) Аханаев Орман Құрманғалиұлы
Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетiнiң төрағасы
6) Құрманғалиев Айтмұқан Әлмәдиұлы
облыстық қаржы басқармасының бастығы
7) Цыганков Анатолий Григорьевич
облыстық экономика басқармасының бастығы
8) Шерубаев Айтқазы Сейiтұлы
еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бас басқармасының бастығы
Тармақ 2
2. Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс бөлегiн қалыптастыру жөнiнде әкiмдер аппараттарының жұмысына талдау жасау материалдарын комиссияға дайындау үшiн Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетiнiң облыстық қаржы басқармасының, облыстық экономика басқармасының, еңбек және әлеуметтiк қорғау бас басқармасының, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитеттiң, мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттiң, облыстық өнеркәсiп және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының, облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiп басқармасының маманадрынан жұмыс тобы құрылсын. Материалдарды дайындау № 1 қосымшаға сәйкес жүргiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Комиссия қалалар мен аудандар әкiмдерi аппараттарының жұмысына талдау жасау қорытындыларын қарауды жергiлiктi жерлерге барумен және аумақ экономикасын тұрақтандыру жөнiндегi шараларды бекiтумен жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық экономика басқармасына (Цыганков А.Г.) жүктелсiн.
Басқа 5. Бюджеттiң кiрiс бөлегiн (өзiндiк кiрiстер) орындауға және бюджеттен тыс қорлар мен жалақы бойынша берешектердi өтеп алуға талдау жасау үшiн
Облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы
04 тамыздағы № 1-427р өкiмiне
№ 1 қосымша
Бюджеттiң кiрiс бөлегiн (өзiндiк кiрiстер) орындауға және бюджеттен тыс қорлар мен жалақы бойынша берешектердi өтеп алуға талдау жасау үшiн
ЖАДНАМА
Тармақ 1
1. Аумақтың бекiтiлген бюджетiн өзiндiк кiрiстер бойынша орындау.
Тармақ 2
2. Салық базасын арттыру жөнiнде әкiмдер не iстеуде.
Тармақ 3
3. Экономикалық өсудiң көрсеткiштерiн орындауды қамтамасыз ету (өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлiк, шағын бизнес).
Тармақ 4
4. Берешектердi өтеп алу жөнiндегi шаралар.
Бюджет бойынша
зейнеткерлiк қор бойынша
ММСҚ бойынша
жалақы бойынша.
Мезгiлiнде төленбеген алымдар нақтыға және сот шешiмi бойынша өтеп алуға жататындарға бөлiнсiн.
Тармақ 5
5. Аумақ бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектердi қысқарту.
Тармақ 6
6. Ақша қаражаттарының жылжуы, бартердiң өткiзудiң жалпы көлемiндегi үлес салмағы.
Тармақ 7
7. Шығын шегушi кәсiпорындармен жұмыс, борыштарды қайтақұрылымдау мүмкiндiгi, кәсiпорынды сегментациялау, банкроттық, сату.
Тармақ 8
8. Экономикалық белсендi халықтан еңбек ресурстарын пайдалануға бақылау жасау:
салық салумен толық қамту негiзiнде жұмыспен қамтылған халықты есепке
алу жаңа жұмыс орындарын құру.
Тармақ 9
9. Шағын және орташа кәсiпкерлiктi қолдау:
сан және сумарлық есеп жорналын енгiзу шағын бизнестi кредиттеу пайдаланылмайтын қуаттар мен алаңдарды түгендеу және шағын бизнеске беру.
Тармақ 10
10. Бюджеттiң шығыс бөлегiнен ауытқу (бюджет бекiткен баптарды артық жұмсау).
Тармақ 11
11. Қорытындылар мен ұсыныстар.
Экономика басқармасының
бастығы
А. Цыганков