О рейтинге регионов и городов по легкости ведения бизнеса и присуждении специальной премии по его итогам Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жыл сайын өткізу белгіленсін.
Тармақ 2
2. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидалары;
Тармақша 2
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру ҚАҒИДАЛАРЫ
Тармақ 1
1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық (бұдан әрі – сыйлық) тиісті әкімдіктерге жыл сайын бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингі негізінде кәсіпкерлікті қолдау, дамыту саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені және бизнесті ашу мен жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасағаны үшін беріледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы рейтинг өткізуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады. Ұйымдастырушыға мынадай функциялар жүктеледі:
Тармақша 1
1) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
Тармақша 2
2) пікіртерім мен статистикалық деректер негізінде жыл сайын бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу;
Тармақша 3
3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу және Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарын өткізуге жәрдем көрсету;
Тармақша 4
4) дипломдарды, награда белгілерін дайындау мен ресімдеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ақпараттық материалдарды дайындау;
Тармақша 6
6) үздік өңірлер мен қалалар тәжірибесін таратуға жәрдем көрсету.
Тармақ 3
3. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу шеңберінде ұйымдастырушы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды жіберу арқылы статистикалық деректерді жинауды жүзеге асырады. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу кезінде статистикалық деректер мен өзге де ақпараттың анықтығына тиісті ақпаратты ұсынған мемлекеттік органдар жауапты болады.
Тармақ 4
4. Ұйымдастырушы жыл сайын 20 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша материалдарды ұсынады.
Тармақ 5
5. Ұйымдастырушы енгізген материалдар негізінде Комиссия бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындысын шығарады.
Тармақ 6
6. Сыйлықты беру форматы, өткізу уақыты мен орны туралы шешімді Комиссия жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің келісуі бойынша қабылдайды.
Басқа 1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) алқалы орган болып табылады және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкерлері, орталық мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары қатарынан қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
Тармақ 3
3. Комиссияның міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;
Тармақша 2
2) жеңімпаздарды марапаттау салтанатының форматы, өткізу уақыты мен орны бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентімен келісу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентіне бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындылары бойынша есеп қалыптастыру және қажет болған жағдайда, екі жыл және одан көп жыл қатарынан рейтингте төмен позицияда тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктердің басшыларының – лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және Комиссия шешімімен белгіленген Комиссияға жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де функцияларды атқару болып табылады.
Тармақ 4
4. Комиссияның өз міндеттемелеріне сәйкес:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуға;
Тармақша 2
2) ұйымдастырушыдан және басқа мемлекеттік органдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті қосымша материалдар сұратуға және алуға;
Тармақша 2-1
2-1) қосымша материалдарды қарау кезінде балдардың жиынтық көлеміне түзету коэффициенттерін қолдану;
Тармақша 3
3) ұйымдастырушыға бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар беруге құқығы бар;
Тармақша 4
4) Комиссияға жүктелген міндеттемелерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтары бар.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия құрамына:
Тармақша 1
1) Комиссия төрағасы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 3
3) Комиссия хатшысы;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелері кіреді.
Тармақ 6
6. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 7
7. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып, ұйымдастырушыдан келіп түскен материалдарды алдын ала қарауды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне есептің жобасын дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Комиссия мүшелерінің қарауына өткізілген рейтинг нәтижелері бойынша ұйымдастырушы әзірлеген материалдарды, Қазақстан Республикасының Президентіне бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі қорытындылары бойынша есеп жобасын және жұмыс үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынады;
Тармақша 4
4) Комиссия отырыстарын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссия отырысының Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңдық күші бар деп есептеледі. Комиссия отырыстарына қатысу үшін лауазымды адамдар, өзге де ұйымдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар тартылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Ашық дауыс беруді өткізу жолымен айқындалатын Комиссия шешімі оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Шешім отырыстың хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды.
Тармақ 10
10. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Басқа 2. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына ҚОСЫМША Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі, хатшы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Қазақстан Республикасының Көлік министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша) _________________________