О внесении изменения и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной пошлины Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік баж мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Z010210_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат):
мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
"5-2-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 498-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.".
Тармақ 2
2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат):
498-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
Бап 2
2-бап.
Тармақ 1
1. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі.