Об учреждении на базе имущественного комплекса кинотеатра "Октябрь" в городе Усть-Каменогорске товарищества с ограниченной ответственностью Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Октябрь" кинотеатрының мүліктік кешені негізінде Өскемен қаласында жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен. Өскемен қаласында "Октябрь" кинотеатрын мәдени орталық және мемлекет қорғайтын сәулет ескерткiшi ретiнде сақтау мақсатында және « "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласында "Октябрь"»кинотеатрының мүлiктiк кешенi негiзiнде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құрылсын.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi Шығыс Қазақстан аумақтық комитетiне (Егiзбаев Ж. Қ.) Қазақстан Республикасы атынан аталған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң еншiлес құрылтайшысы болуға және жарғылық капиталға жарна ретiнде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киров, 54 көшесiнде орналасқан "Октябрь" кинотеатрының үйi мен гаражын енгiзуге уәкiлдiк берiлсiн.
Тармақ 3
3. Аталған үйлердi серiктестiктiң жарғылық қапиталына жарна ретiнде енгiзу шарты кинотеатр үйінің тарихи-сәулеттiк бейнесiн сақтау және ұстау деп белгiленсiн.