Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по Толебийскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10030 тiркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Төлеби ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Төлеби ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №19/103-VI шешіміне №1 қосымша Төлеби ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Орташа жылдық жинақталу, м3 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,64-2,63 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері 1 орын 0,32 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,32 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,25 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,7 6 Емханалар 1 келіп кету 0,02 7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 0,73 8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,05 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 1,57 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,1 11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1м2 0,02 12 Стадиондар, спорт алаңы Жоба бойынша 1 орын 0,09 13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1м2 0,87 14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1 м2 0,29 15 Машиналардан сату сауда орнының 1 м2 1,62 17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 1,62 18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 1,62 19 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы1 м2 1,07 20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 0,87 21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,87 22 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 - 23 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,24 24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина –орын 1,55 25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 1,83 26 Гараж кооперативтері 1 гаражға 1,45 27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,95 28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 1,62 29 Зергерлік, аяқ киімді , сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,87 30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары кілттер жасау (кілттер жасау және сол сияқты) 1 жұмыс орны 1,95 31 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,07 32 Аудан аумағында жаппай іс- шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар 1000 қатысушы - 33 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 12,0
Басқа 5
Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №19/103-VI шешіміне №2 қосымша Төлеби ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi № р/с Атаулары Есептік бірлік Баға, теңгемен 1 Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері 1.1. Жайлы емес үйлер 1 адам 100 1.2. Жайлы үйлер 1 адам 130 1.3. Заңды тұлғалар 1 текше метр 1790 2 Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері 2.1. Жеке тұлғалар 1 текше метр 580 1 тонна 2900 2.2. Заңды тұлғалар 1 текше метр 725 1 тонна 3625 3. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтерi - -