Об утверждении схемы пастбищеоборотов по Сырдарьинскому району на основании геоботанического обследования пастбищ Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Сырдария ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Сырдария ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Сырдария аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы «20» қарашадағы № 289 қаулысына қосымша Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Сырдария ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы