О ратификации Пятого дополнительного протокола к Уставу Всемирного почтового союза Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттаманы бекіту туралы 1994 жылғы 14 қыркүйекте Сеулде жасалған Дүниежүзілік почта одағының Жарғысына Бесінші қосымша хаттама бекітілсін. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОЧТА ОДАҒЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫНА БЕСІНШІ ҚОСЫМША ХАТТАМА (2002 жылғы 31 шілдеде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты) Сеул қаласында Конгреске жиналған Дүниежүзілiк почта одағына мүше елдер Yкiметтерiнің өкiлетті өкiлдерi 1964 жылы 10 шiлдеде Венада қабылдаған Дүниежүзiлiк почта одағының жарғысының 30 бабының 2-параграфы негiзiнде бекiту шартымен аталған Жарғыға мынадай өзгерiстердi қабылдады.
Бап i. I-бап (өзгертiлген 8-бап) Аймақтық Одақтар. Арнайы келiсiмдер
I-бап (өзгертiлген 8-бап) Аймақтық Одақтар. Арнайы келiсiмдер
Тармақ 1
1. Мүше елдер немесе олардың Почта әкiмшiліктерi өздерiнiң елдерiнiң заңдарына қайшы келмеген жағдайда, Аймақтық одақтар құра алады және қатысушыларға мүдделі мүше елдер болып табылатын халықаралық почта туралы келiсiмдер жасай алады, бiрақ оларға халық үшiн ыңғайлылығы кесiмдер ережелерiнде қарастырылған шарттардан төмен болатын шарттары бар ережелерi енгiзiлмеуi тиiс.
Тармақ 2
2. Аймақтық одақтар Одақтың Конгрестерiне, Конференцияларына және жиналыстарына, Әкiмшілiк кеңесінiң, сондай-ақ Почталық пайдалану кеңесiнің мәжiлiстерiне өз бақылаушыларын жiбере алады.
Тармақ 3
3. Одақ Аймақтық Одақтың конгрестерiне, конференцияларына жәнежиналыстарына бақылаушылар жiбере алады.
Бап ii. ІI-бап (өзгертiлген 13-бап) Одақ органдары
ІI-бап (өзгертiлген 13-бап) Одақ органдары
Тармақ 1
1. Конгресс, Әкiмшiлiк кеңесi, Почталық пайдалану кеңесi жәнеХалықаралық бюро Одақтың органдары болып табылады.
Тармақ 2
2. Әкiмшiлiк кеңесi, Почталық пайдалану кеңесi және Халықаралық бюро Одақтың тұрақты органдары болып табылады.
Бап iii. III-бап (өзгертiлген 17-бап) Әкiмшiлiк кеңесi
III-бап (өзгертiлген 17-бап) Әкiмшiлiк кеңесi
Тармақ 1
1. Әкiмшілік кеңесі (ӘК) Одақ кесiмдерiнiң ережелеріне сәйкес екі конгресс арасында Одақтың жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Әкiмшілiк кеңес мүшелерi өздерiнiң қызметтерiн Одақ атынан және оның мүддесіне сәйкес орындайды.
Бап iv. IV-бап (өзгертiлген 18-бап) Почталық пайдалану кеңесi
IV-бап (өзгертiлген 18-бап) Почталық пайдалану кеңесi Почталық пайдалану кеңесіне (ППК) почта қызметi мүдделi болатын пайдалану, коммерциялық, техникалық және экономикалық мәселелер жүктеледi.
Бап v. V-бап (өзгертілген 20-бап) Халықаралық бюро
V-бап (өзгертілген 20-бап) Халықаралық бюро Одақ орналасқан орында қызмет атқаратын, Халықаралық бюро депаталатын, Бас директор басқаратын және Әкiмшiлiк кеңес бақылайтын орталық мекеме Почта әкiмшiлiктерi үшін атқару органы, қолдау, байланыс, ақпарат және кеңесу органдары болып қызмет етедi.
Бап vi. VI-бап (өзгертiлген 22-бап) Одақ кесiмдерi
VI-бап (өзгертiлген 22-бап) Одақ кесiмдерi
Тармақ 1
1. Жарғы Одақтың негiзгi кесiмi болып табылады. Ол Одақтың негiзгi ережелерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Жалпы регламент Жарғының қолданылуын және Одақтың қызметiн қамтамасыз ететiн ережелерден тұрады.
Тармақ 3
3. Дүниежүзiлiк почта конвенциясы және оның Атқарушы регламентi халықаралық почта қызметінде қолданылатын жалпы ережелерді және хаттар почтасы қызметтерi туралы ережелерді қамтиды.
Тармақ 4
4. Одақ келiсiмдерi және оның Атқарушы регламенттерi хаттар почтасы қызметтерiнен басқа, өздерiне қатысатын мүше елдер арасындағы қызметтердi реттейдi. Олар сол елдер үшiн ғана мiндеттi болып табылады.
Тармақ 5
5. Конвенциялар мен келiсiмдердi орындау үшiн қажетті ережелерді қолдануды қамтитын Атқарушы регламенттердi Конгрестің шешiмiн ескере отырып, Почта пайдалану кеңесi бекiтедi.
Тармақ 6
6. 3, 4, 5-параграфтарда айтылған Одақ кесiмдерiне тiркелетiн мүмкiн болғандай қорытынды хаттамаларға сол кесiмдерге жасалған ескертулер кiредi.
Бап vii. VII-бап (өзгертiлген 25-бап)
VII-бап (өзгертiлген 25-бап) Одақ кесiмдерiне қол қою, олардың түпнұсқаға сәйкестiгiн растау, бекіту және қолдаудың басқа нысандары.
Тармақ 1
1. Конгресте қабылданған Одақ кесiмдерiн мүше елдердiң өкілетті өкiлдерi қол қояды.
Тармақ 2
2. Атқару регламенттерiнiң түпнұсқаға сәйкестігiн Почталық пайдалану кеңесiнiң Төрағасы және Бас хатшысы растайды.
Тармақ 3
3. Жарғыны оған қол қойған елдер мүмкіндiгiнше қысқа мерзiмдебекiтедi.
Тармақ 4
4. Жарғыдан басқа Одақтың басқа да кесiмдерiн мақұлдау әрбiр қол қоюшы елдiң iшкi конституциялық ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Егер қандай да бiр ел Жарғыны бекітпесе немесе өзі қол қойған басқа да кесiмдердi мақұлдамаса, онда Жарғы мен басқа да кесiмдер оларды бекiткен немесе мақұлдаған елдер үшiн бәрiбiр мiндеттi болып қала бередi.
Бап viii. VIII-бап Қосымша хаттамаға және басқа Одақ Кесiмдерiне қосылу
VIII-бап Қосымша хаттамаға және басқа Одақ Кесiмдерiне қосылу
Тармақ 1
1. Осы Хаттамаға қол қоймаған мүше елдер оған кез келген уақытта қосыла алады.
Тармақ 2
2. Конгресте қайта қаралған Кесiмдерге қатысушы болып табылған, бiрақ қол қойылмаған мүше елдер оған мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде қосылуға мiндеттi.
Тармақ 3. IХ-бап Дүниежүзілік почта одағы жарғысына Қосымша хаттаманың күшіне енуі және қолданыста болу мерзімі
3. 1 және 2 параграфтарда сөз болған жағдайларға қатысты қосылу туралы құжаттар олар туралы мүше елдерге хабарлайтын Швейцария Конфедерациясының Yкiметiне дипломатиялық жолмен жiберіледi. IХ-бап Дүниежүзілік почта одағы жарғысына Қосымша хаттаманың күшіне енуі және қолданыста болу мерзімі Осы Қосымша хаттама 1996 жылдың 1 қаңтарында күшіне енедi жәнебелгiсiз мерзiмге күшінде қалады. Куәландыру ретiнде мүше елдер Үкiметтерінiң өкiлетті өкiлдерi осы Қосымша хаттаманы жасады, оның ережелерi Жарғы мәтiнiне енген жағдайда, сол күшке және сол мағынаға ие болатын болады және оған бір данада қол қойылады, ол Халықаралық бюроның Бас директорына сақтауға берілетін болады. Бұл дананың көшірмелерін әрбір тарапқа Конгресс өткізілген елдің Үкіметі таратып беретін болады. 1994 жылы 14 қыркүйекте Сеулде жасалды.