Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов по Казталовскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері
Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы №16-6 шешімімен бекітілген Казталов ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері № Объект Есеп айырысу бірлігі Баға теңгемен (ҚҚС жоқ) 1. Тұрмысқа жайлы иеліктегі үйлер тұрғын/айына 112,5 2. Тұрмысқа жайлы емес иеліктегі үйлер тұрғын/айына 112,5 3. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінен 1 м³ 178,9 Аббревиатуралардың толық жазылуы: м³ - текше метр; ҚҚС - қосылған құн салығы.