Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственного учреждения "Центр технической защиты информации", не являющихся государственными служащими Қолданыста
Басқа 0
"Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметші емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесін бекіту туралы
"Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысын iске асыру және "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерi үшiн жұмыс стажын есептеуде бiрыңғайлыққа келу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Агенттiктiң ұйымдастыру-құқықтық басқармасы заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылдың 1 қаңтарынан бергi қатынастарға қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Басқа 0. БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік құпияларды қорғау
Еңбек және халықты әлеуметтік
жөніндегі агенттігі төрағасының
қорғау министрлігі
2002 жылғы 12 наурыз
N 11 бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік құпияларды
қорғау жөніндегі
агенттiгiнiң "Ақпаратты
техникалық қорғау орталығы"
мемлекеттiк мекемесiнiң
мемлекеттiк қызметшi
емес қызметкерлерiнiң
мамандығы бойынша
жұмыс стажын есептеу
ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына сәйкес әзiрлендi және "Ақпаратты техникалық қорғау орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң барлық қызмет түрлерi үшiн ортақ лауазымдардағы қызметкерлердi қоса алғанда мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнiң жұмыс стажын есептеу тәртiбi мен шарттарын реттейдi.
Тармақ 2
2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына мемлекеттiк мекемелердегi инженерлiк-техникалық мамандықтар бойынша лауазымдардағы және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан басқа ұйымдардағы барлық жұмыс уақыты есептеледi, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) сондай мамандықтар бойынша мемлекеттiк қызметтегi;
Тармақша 2
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, соның iшiнде әскерикомиссариаттан анықтамасы болған жағдайда әскери қызметшiлердiң тұтқында болған Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
Тармақша 3
3) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер органдарында, КСРО-ның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнің органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген;
Тармақша 5
5) жүктiлiк пен бала туу жөнiндегi демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлген бала күту жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс;
Тармақша 6
6) кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттiк мекеме жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;
Тармақша 7
7) ұйымдарда мемлекеттiк органдардағы мамандықтармен бiрдей мамандықтар бойынша қызметтерде кейiнгi жұмыс iстеген уақыты кiредi.
Тармақ 3
3. Осы Ережеге сәйкес мамандық бойынша есептелетiн жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеуде ескеріледi.
Тармақ 4
4. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге, стажын ескере отырып, лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын, құрамын Агенттiк төрағасы
бекiтетiн еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия айқындайды.
6. Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгiлеу туралы комиссияның шешiмi
хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндiлер екi данада жасалады және: бiр
данасы - кадр қызметiне, екiншiсi - бухгалтерияға берiледi.
7. Еңбек кiтапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не
жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзiндiлер
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу үшiн қызметкердің еңбек қызметiн
растайтын құжаттар болып табылады.