Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Зайсанского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот шешімімен Зайсан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының  3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынының 6-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Зайсан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Сот шешімімен Зайсан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Зайсан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 19-4 шешiмiмен бекiтiлген Сот шешімімен Зайсан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сот шешімімен Зайсан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Зайсан ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
Тармақ 4
4. Қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
Тармақ 5. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия). Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға үәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 6
6. Бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
Тармақ 7
7. Иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілген қызметтерді атқарушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9. 3. Қорытынды ережелер
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қайтадан қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 3. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қалдықтармен қарау процессі барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.