Об утверждении форм заключений о возможности (невозможности) и экономической целесообразности (нецелесообразности) промышленного извлечения драгоценных металлов из сырьевых товаров в Республике Казахстан и об экономической нецелесообразности или невозможности переработки сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, на территории Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы және Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындылардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 16-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындының нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындының нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 797 бұйрығына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды №_____ күні______ Өтініш берушінің атауы: _______________________________________________ Өтініш берушінің мекенжайы: ___________________________________________ Тауардың коды:_________________________________________________________ Тауардың атауы Саны Өлшем бірлігі Тауарды сатып алушы: __________________________________________________ Межелі ел: ____________________________________________________________ Әкету мақсаты: ________________________________________________________ Негіз: ________________________________________________________________ Химиялық құрамы*:______________________________________________________ Қосымша ақпарат: ______________________________________________________ Транзиттеу елі: _______________________________________________________ Қорытындының нәтижесі**:_______________________________________________ Қорытындының жарамдылық кезеңі: _______________________________________ Ескертпе: * «Химиялық құрамы» деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі; ** «Қорытынды нәтижесі» деген жолға мынадай жазбалар енгізіледі: «Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орынсыздығы және мүмкін еместігі расталады», мұндай жағдайда тауар экспорттың кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады; «Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орындылығы және мүмкіндігі расталады», мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік рәсімдерде кедендік декларациялауға жатпайды.
Басқа 2. Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 797 бұйрығына 2-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды №_____ күні______ Өтініш берушінің атауы: __________________________________________________ Өтініш берушінің мекенжайы: ______________________________________________ Тауардың коды:____________________________________________________________ Тауардың атауы Саны Өлшем бірлігі Тауарды сатып алушы: _____________________________________________________ Межелі ел: _______________________________________________________________ Әкету мақсаты: ___________________________________________________________ Негіз: ___________________________________________________________________ Химиялық құрамы*:_________________________________________________________ Қосымша ақпарат: _________________________________________________________ Транзиттеу елі: __________________________________________________________ Қорытындының нәтижесі**:__________________________________________________ Қорытындының жарамдылық кезеңі: __________________________________________ Ескертпе: * «Химиялық құрамы» деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі; ** «Қорытынды нәтижесі» деген жолға мынадай жазба енгізіледі: «Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылған шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі расталады», мұндай жағдайда тауар кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады.